Жат ағым өкілдерінің көбісінде рухани тəрбие жоқ

 

 971  9 пікір 15 Сәуір, 2020 сағат 10:34​

​​​​​мұхан Исахан

Реоблитация жұмысындағы тәжіриебемнен байқағаным – жат ағым өкілдерінің көпшілігі «ширк», «күпір», «бидғат», «тағут», «нифақ», «кәбир-муртакиб» және «жиһад» тақырыптарын ту етіп ұстайды.

Әлбетте, ақида және фиқһ пәндері бойынша аталған тақырыптар аса маңызды. Бұл тақырыптарды жан-жақты түсінбейінше, адамның исламды толық қабылдау мүмкін емес. Дегенмен, осы тақырыпты ту етіп ұстап жүрген бауырларымыздың көпшілігінен аңғарғаным, олардың ахлақ (мұсылмандық этика) туралы ілімі тым таяз. Таяз ғана емес, басым көпшілігінің мінез-құлқы қырсық, қыңыр, қара дүрсіндеу. Іштерінде өздерінің сол қара дүрсін мінездерін айнымас «пұтқа» айналдырып жібергендері де баршылық.

Осылай сол тәкәппар мінезін бәрінен жоғары қоюды жалғастыра берсе, оның соңы «ширкке», «күпірге», бидғатқа», «тағут болуға», «мүнәпықтық етуге», «үлкент күнә жасауға» итермелеуі әбден мүмкін ғой. Себебі, Алла-тағала Құран-кәрімде: «Нәпсі жамандыққа бұйырады» (Юсуф, 53) деп ескертеді. Ал, Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ең ұлы жиһад – нәпсімен күрес» деп өсиет еткен. Алаштың алдаспан ақыны Махамбет: «Мұсылманшылдық кімде жоқ, тілде бар да, ділде жоқ» дейді. Иә бауырым, мінезіңді түземегеннен кейін сенің тіліңдегі мұсылманшылдық кімге керек?

Мұхан Исахан,

Дінтанушы. PHD докторы,

ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі,

(ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы).

Abai.kz

Дінтанушы. PHD докторы,

ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі,

(ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы).

Abai.kz

Қажы мұқамбет қаракедей 2020-04-19 11:11:09

Көп ортада Мұқамбет

Басқалардан қалмай шет

 Төрге озбай алқада

Араласқан басқаға

Қыңыр тартқан немелер

Менменсіген қасқалар

Исін білмес Исламнің

Албастыға алданар

Алдамжар деп бөскендер

Отқа болар жанғандар

Дінге оралса бірсəрі

Əйтпесе хақ қақсатар

Ислам діні бейбітшіл

Жуастықпен басталар

Қожа Ахмет Ясауи

Түркістанда тегі ғалауи

 Көшіп келді далаға

Оны ақ дегей сахаба

 Жергілікті тілменен

Айналысты дінменен

Тоқаев:Жат діни ағымдарға жол бермеуге тиіспіз

 11 пікір 21 Ақпан, 2020 сағат 17:14

Тоқаев: Жат діни ағымдарға жол бермеуге тиіспіз

Abai.kz

21-ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елордадағы Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

Президент Наурызбай Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылық пен татулықты сақтау, азаматтарды дін арқылы келісім мен ынтымаққа шақыру, діни жат ағымдардың халыққа зияны туралы, сонымен қатар рухани бағыт-бағдар жайында айтылды.

Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үрдістер пайда болып жатыр. Халықты татулыққа, пәтуаға, бірлікке шақыру керек. Ал, түрлі жат діни ағымдарға тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ел мүддесіне қызмет ету қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Ал, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президентке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы ұйымдастырушылық жұмыстары мен ақпараттық және қайырымдылық шараларының жоспарын таныстырды.

ҚМДБ ның алдағы жұмысы жеті рухани қазыққа негізделмек. Олар: әділдік, білімділік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, отаншылдық, имандылық пен ауызбіршілік болмақ.

Abai.kz

Қажы мұқамбет қаракедей 2020-02-23 14:45:13

: Құдай сөзі Құранда

Дін еркін-ді əманда

Зорлық жүрмес дін үшін

Ешуақ еркін жаранға

Тек біздікі жөн деген

Жарасар жынды жаманға

Дəстүрлі деу бір сенім

Келіспес мынау заманға

Тықпалай берсе қалауын

Бет көп бұрар жаманға

Сенің дінің сенікі

Менікі тиіс маған да

Дін болмағай қолжаулық

Қан болмағай адал да

Саясат та бола Ел үшін

Билік тимей наданға

Артық қылмай тыртықтап

Қазына кетер таланға

Абай түгіл Құдайды

Абай түгіл Құдайды

 Өзінше əркім қарайды

 Кейде адам өзін де

 Өзіне жат санайды

 Таныта алмай Абай да

 Таныс болмай талайға

 Дауласты Омен ағайын

 Оны жүрді сабай да

 Құдай екеш Құдай да

Жіберсе елші талай да

 Біліс болмай таныс та

 Тамұққа қашар қашырша

 Киноласа басқалар

 Кіналамаң қасқалар

 Өнер деген тек ермек

 Есті Абайын аңғарар

Алданы да сомдаған

Болды неше оңбаған

Есі барлар байқайды

 Озін ғана алдаған.  

ادامه نوشته