11 пікір 21 Ақпан, 2020 сағат 17:14

Тоқаев: Жат діни ағымдарға жол бермеуге тиіспіз

Abai.kz

21-ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елордадағы Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

Президент Наурызбай Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылық пен татулықты сақтау, азаматтарды дін арқылы келісім мен ынтымаққа шақыру, діни жат ағымдардың халыққа зияны туралы, сонымен қатар рухани бағыт-бағдар жайында айтылды.

Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үрдістер пайда болып жатыр. Халықты татулыққа, пәтуаға, бірлікке шақыру керек. Ал, түрлі жат діни ағымдарға тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ел мүддесіне қызмет ету қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Ал, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президентке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы ұйымдастырушылық жұмыстары мен ақпараттық және қайырымдылық шараларының жоспарын таныстырды.

ҚМДБ ның алдағы жұмысы жеті рухани қазыққа негізделмек. Олар: әділдік, білімділік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, отаншылдық, имандылық пен ауызбіршілік болмақ.

Abai.kz

Қажы мұқамбет қаракедей 2020-02-23 14:45:13

: Құдай сөзі Құранда

Дін еркін-ді əманда

Зорлық жүрмес дін үшін

Ешуақ еркін жаранға

Тек біздікі жөн деген

Жарасар жынды жаманға

Дəстүрлі деу бір сенім

Келіспес мынау заманға

Тықпалай берсе қалауын

Бет көп бұрар жаманға

Сенің дінің сенікі

Менікі тиіс маған да

Дін болмағай қолжаулық

Қан болмағай адал да

Саясат та бола Ел үшін

Билік тимей наданға

Артық қылмай тыртықтап

Қазына кетер таланға