خطاب سوم ( آبای)

خطاب سوم

بدسگالی قزاق ها نسبت به یکدیگر، ناهمدلی آنان، عدم صداقتشان، چشم و همچشمیشان بایکدیگر در مناصب ، تنبلی خودشان  معلول چیست ؟ دانشمندان سرشناس دنیا مدتهاست پی برده اند :هر فرد تنبل بی همت می گردد. بی همت ترسو و خودستا می شود. هر خودستای ترسو بی عقل و جاهل می گردد. از هر بیعار تنبل کسانی پدیدار می شوند که گدا منش ، حریص، لاقید و بی هنر بوده دوستدار هیچکس نمی باشند.

 اینها معلول فقدان فکر و ذکری غیر از افزودن  مال و منال است.اگر به اموری دیگر ، مثل زراعت ، تجارت ، صنعت و علم می پرداخت ، چنین نمی شد . هر مالدوست می گوید کاش فقط مال خودم فراوان شود ، فرزندانم نیز متمول شوند. اگر آن مال افزایش یابد بدست چوپانها سپرده خودشان از گوشت و سیر و سیراب گشته زنی رعنا گرفته بر اسبی بادپا سوار شوند. اگر قشلاقشان تنگ شود، تا آنجا که حرفش پیش رود و اعتبارش نفوذ نماید قشلاق یکی دیگر را خریده یا غصب خواهد کرد.آنکه قشلاقش را از دست داده با خصم درگیر خواهد شد یا به علت بی سامانی از ایل خواهد رفت . هر قزاقی فکر و ذکرش همین است.

مگر اینها می توانند پی مودت با همدیگر باشند ؟ فقیر اگر زیاد شود دستمزدش تقلیل یابد و چنانچه مالباختگان بیشتر شوند چراگاهشان تخلیه خواهد گردید. من خواهان فقر او بوده و او آرزومند فلاکت من است و پیشاپیش بدسگالی کرده ایم. مدتی بعد ما فی الضمیرمان عیان شده ، مخاصمه و منازعه نموده و دست به پارتی بازی زدیم . بدینسان بخاطر منصب و مقام حکومتی با یکدیگر به جدال پرداختیم تا نفوذ کلامی علیه خصم جهت مال اندوزی شیادانه بیابیم. النهایه بچه فقرا به دیار غربت برای اشتغال نرفته کسب روزی نمی کند. در نتیجه زراعت و تجارت لازم نمی نماید . با چنین کشمکش ها ، بالطبع ، و تناوب ، امروز سرسپرده یکی از سران احزاب و فردا نوکر یکی دیگر می شود. سارقین دستگیر نمی شوند. اگر مملکت بسامان بود هیچکس از دزدی در آن خوشش نمی آمد. مملکت که آشفته بود ، هر بزهکاری بصرف حمایت اربابش و قسم دروغ تبرئه شده دزدی هم رواج روزافزون می یابد. علیه همه اشخاص صالح مملکت شکایت دروغین اقامه و پاپوش ساخته می شود که "دزدید و چاپید ". به محاکمه جلب می شوند. شهود زور هم پیاپیش آماده اند به آنچه ندیده اند گواهی دهند. برای اینکه آن شخص درستکار واجد صلاحیت شرکت در انتخابات تلقی نشود. اگر آن انسان برای نجات خود به افراد بد متوسل شود حیثیت خودش برباد می رود و گرنه بشخصه در معرض خطر قرار می گیرد. آنها که حاکمیت یافته اند ، چون خود از طریق دوز و کلک و بفرموده موفق شده اند فرد سربزیر را تحقیر و همپالکیها را تکریم می کنند. با این حساب که اگر با وی دوست باشند کومکش خواهند کرد ، وگرنه ممکن است ، بنحوی به خودش آسیب رسانند. امروزه در میان قزاقها این تکیه کلام هست که " کارش نداند ، یارش بداند ". یعنی از درستکاری بجایی نمی رسی ، بلکه پارتی بازی عامل موفقیت است. برای یک دوره سه ساله والی انتخاب می شود. سال اول با ناز وافاده این و آن طی می شود که " مگر ما تو را انتخاب نکردیم ؟". سال دوم صرف رقابت با کاندیدا ها می گردد. سال آخر با این اندیشه سپری می شود که موسم انتخابات نزدیک شده و آیا می تواند باز هم برگزیده شود. پس چه باقی می ماند ؟ با ملاحظه اینکه قزاقها بدینگونه روی به فساد آورده و سال به سال بیشتر به پستی می گرایند ، بنظرم : هر داوطلب ولایت باید فلان مقدار تحصیلات روسی کسب کرده باشد. اگر در بین مردم چنان کسی نباشد ، یا معهذا انتخاب نگشت ،  مقرر شود که با انتصاب حاکم منطقه یا فرماندار نظامی باشد ، خیلی به نفع اهالی خواهد بود. این امر جهت آموزش بچه قزاقهای منصب پرست مفید خواهد بود . ثانیا ، والی منتصب جوابگوی رعایا نبوده مسؤول مقامات عالیه خواهد بود. همچنین ، صرفنظر از تحقیق و استیضاح ، شکایات کذب تقلیل یافته یا از بین خواهد رفت. بعلاوه محرز و معلوم است که اگر در ولایتی برای هر منطقه فقط یک قاضی انتخاب شود برای توده مردم بسیار ضرر دارد. چنین قضاوتی میان ما قزاقها از دست هیچ منتخبی بر نمی آید. این حقیقت را باید از  "طریق مبین قاسمخان" ، " سنت قدیم یسمخان" و " قانون ملی عز تاوکه خان " دریافت که " شورای هر روزه بر فراز کولتوبه " برپا می داشت. هچنین باید شخص مجتهدی باشد که بتواند احکام جدیدتر مناسب زمانه را از متون قدیمی استخراج کرده جبران مافات نماید . چنان فردی نادر کالمعدوم است. آگاهان از احوال سابق قزاقها گفته اند : "قاضی که دوتا شد ، دعوا چارتا می شود". یعنی اگر قاضی فرد نباشد ، قضات جفت با یکدیگر جدل کرده دعوا کش پیدا می کند. عوض کثرت قاضی بهتر است که برای هر ولایت ، فقط سه شخص بالغ و عالم - بدون تعین مدت - انتخاب گردد و عزلشان تنها به سبب احراز فساد ایشان باشد.  طرفین دعوا میتوانند هر یک یک حکم را ، بشرط عدم ارتباط سببی و نسبی ، بداوری انتخاب کرده یکی دیگر را به عنوان میانجی برگزینند تا قضیه فیصله یابد. در صورت عدم حصول توافق به این امر ، از آن سه داور یکی را انتخاب ، یا بحکم قرعه برگزیده و به رأى او تمکین نمایند تا دعوا بدرازا نکشیده و مختومه شود.

احمد شاه مسعود

الا احمد شاه مسعود
شهادتت بس زود بود
الا شیری در پنجشیر
با شر شدی بس درگیر
طالب های دست خرید
که صلح  دادند خود نوید
اندر زی مخبران
بکشتندت ناگهان
عروج کردی به مینو
با حق گشتی روبرو
نک شاهدی امت را
الحمدلله ربت را

 

جوکر

 

 

 

جوکر، یک فیلم سینمایی آمریکایی در ژانر تریلر روان‌شناختی به نویسندگی، تهیه‌کنندگی و کارگردانی تاد فلیپس است که در سال ۲۰۱۹ اکران شد. فیلم‌نامه این فیلم توسط خود فیلیپس با همراهی اسکات سیلور برپایه شخصیت ابرشرور جوکر از دی‌سی کامیکس نوشته شده‌است. ویکی‌پدیا

تاریخ اکران: ۲ اکتبر ۲۰۱۹ (اندونزی)

کارگردان: تاد فلیپس

مدت زمان فیلم: ۲ ساعت ۲ دقیقه

گیشه: ۷۳۷٫۵ میلیون دلار

بودجه: ۵۵ میلیون دلار

 

حم شادکام:

جوکر همان دلقک است

فارسی آن تلخک است

دلش خونین خندان لب

ورا همین مسلک است

نخنداند چون خلق را

تلخند زند چو بدمست

جوکر را بین در فیلمی

با سلاحی خود در دست

خلایق هم تقلیدچی

بیشتر ازو گشتند پست

الا جاهل این را دان

نفست خصم اکبرست

ادامه نوشته

стивен хокінг

Хокінг неме Стивен

Діні дейбер тым күйген

Мүгедек бола жастайын

Қала бермей түңілген

Ақтарса да жер -көкті

Мағына бар деп түймеген

Көңіл бөлсе əзелге

Бастағанды көрмеген

Қара шұңқыр жұтар деп

Жүре берген күйгелең

Діндарларды деп нададан

Дінсіздерді сүй деген

Ашқандары мансұқ боп

Дузаққа болар күй деген

ادامه نوشته

Aбай:"өзіңе сен, өзіңді алып шығар..."

 

Ой түрткі  975  18 пікір 11 Қараша, 2019 сағат 10:43

Абай: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап»

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Негізінен алғанда, өткен ғасырда экономиканың– ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ, МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ және ЖАҢА ИНСТИТУЦИОНАЛЬДЫ ЭКОНОМИКА секілді бағыттарымен бірге, ДІННІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ дамуға жедел бет бұрды.

Дүниежүзілік Банк және оның тікелей патронаждығымен құрылған Бүкіләлемдік Диалог МӘДЕНИЕТ пен ДІННІҢ (соңғысын мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарастырады) экономиканың даму қарқынын арттырудағы рөлін зерттеуге баса көңіл бөліп келеді.

ДІН МӘСЕЛЕСІ– салт-жоралар деңгейінде емес– әсіресе, әлем экономикасының дамуына елеулі ықпал етуші НЕГІЗГІ ФАКТОРДЫҢ БІРІ ретінде МҰҚИЯТ ҚАРАУДЫ қажет етеді.

АҚЫЛ КЕНІШІ – АТА-БАБАҢНЫҢ КӨНЕ ЗАМАНДАРДАН БЕРГІ ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ, ДАНАЛЫҚ МҰХИТЫ.

ЖІГЕРСІЗДІК – ХАЛЫҚТЫҢ ЕРТЕҢІНЕ ДЕГЕН СЕНІМ ЖОҒАЛҒАН СӘТТЕН БАСТАЛАДЫ.

Адамзаттың тарихына көз жүгіртсек, ата дәстүрін сақтаған халықтың РУХАНИ ТҰТАСТЫҒЫ берік.

Қай кезде де ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ жоғары.

Мұндай тұжырым қазақ сахарасында ежелден көрініс тапты.

Сәл тарихқа шегініс жасасақ, ҰЛЫ ДАЛА ӨЗІНІҢ ҰШАН-ТЕҢІЗ МҮМКІНДІКТЕРІН ЖАРҚЫРАТЫП КӨРСЕТЕ АЛДЫ.

Түрік қағанаты жарық жұлдыздарының бірі Тоныкөк: «ӨЛІМНЕН ҰЯТ КҮШТІ», – деп тасқа қашап жазды.

Аристотель негізін салған теорияның анықтамасына сүйене отырып, Әл-Фараби ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ІЛІМІН жасап шығарды.

Ғұлама бабамыз артына: «ЕҢБЕКТІҢ ӨЗІ ӨНЕР – ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ СОЛ ӨНЕРДЕН ТУЫНДАЙДЫ, ӘРБІР АДАМДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛИДЫ, ЕҢБЕК ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮЙРЕТЕДІ», – деп өсиет қалдырды.

Шәкәрімге көңіл аударсақ:

«ТАЗА ЕҢБЕКПЕН ТАҒДЫРДАН ПАЙДАЛАНСА,

АДАМДЫ СОНДА АДАМ ДЕГЕН МАҚҰЛ».

Әйтсе де, ДІН ТУРАЛЫ ҰҒЫМ, өкінішке орай, біздің қоғамда тар шеңберде, салт-ғұрыптық мағынада қарастырылады.

Ал, дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ДІННІҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ ОРАСАН.

Еуропада бұл мәселеге алғаш ғылыми түсінік берген – Адам Смит.

Бұдан кейін тарих тереңінен басталған тақырыпты ғылыми талдау, тиянақты пікірмен жалғастырушы ретінде немістің әйгілі әлеуметтанушы ғалымы, экономист Макс Веберді айтып өткен орынды.

М.Вебер өз еңбектерінде ЗАЙЫРЛЫ ЖӘНЕ РУХАНИ БИЛІКТІ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ТҰРҒЫСЫНАН қарастырады.

Карл Маркс екеуі ДІН МЕН ЭКОНОМИКАНЫҢ байланысы туралы зерттеді. М.Вебер «Протестанттық этика және капитализм рухы» деген атақты еңбегінде Германия экономикасында неғұрым жоғары табысқа қол жеткізгендердің көш басында ПРОТЕСТАНТТАР тұрғанын атап өтеді.

Оның жазуынша, протестанттар Киелі кітап – Інжілдің өзінен Еңбек Кодексінің негіздерін тауып отырады:

«Жақын адамыңды өкпелетпе және қанаумен айналыспа».

«Жалданған адамның жалақысын жаныңда атар таңға дейін ұстама»,– деген жолдарды жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы келісім шарттың, ақ қағазға қара сиямен жазғандай, Нұсқаулығы деп қабылдайды.

Мәселе мәнісі: протестантизмнің өзіне дейінгі ағымдардан айырмасы – әсіре діншілдіктен арылып, адамның дамуына еркіндік әперді.

Бұл ағымның негізгі бағыты: ЖЕКЕ АДАМДЫ – ТҰЛҒА деп қарастырып, әр адамның ішкі мүмкіндіктерін жан-жақты ашып көрсетуге жағдай тудыру.

Кешегі екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан Германия, Жапония секілді мемлекеттер тарих үшін қысқа мерзім – қырық жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде ІРГЕСІ БЕРІК ҰЛТ РЕТІНДЕ дамыған мемлекеттердің көшін бастауға қол жеткізуінің сыры неде?

Мұндай ФЕНОМЕННІҢ құпиясы қандай?

Жалпы неміс халқы ыждаһаттылығымен, ұқыптылығымен және темірдей тәртіпке бағынуымен ерекшеленеді.

Немістің ұлы ойшылы Фридрих Ницшенің: «МЕНІ ҚҰРТА АЛМАҒАН НӘРСЕНІҢ БӘРІ – МЕНІ ОДАН ӘРІ МЫҚТЫ ЕТЕДІ», – деген әйгілі сөзі неміс халқының жанкешті төзімділігіне анықтауыш бола алатын секілді.

И.В.ГЕТЕ, Ф.ШИЛЛЕР, Г.ГЕЙНЕ сықылды ұлы ғұламалар неміс ұлтының рухани дамуының және жас ұрпақтың сана сезімін қалыптастырудың негізіне айналды. Композиторлар И.С.БАХ, Р.ВАГНЕР, Л.В.БЕТХОВЕН ұлттық символға айналды.

Неміс пен жапон халықтарының рухани ұстанымында ҚАЙЫР СҰРАУ, ҚАРЫЗ АЛУ – ең үлкен күнә.

ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРІНЕН тамыр үзбегендігінің арқасында неміс халқы «Берлин қабырғасын» құлатып, бірлігі мықты ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТКЕ айналды.

ЖІГЕРІ МЫҚТЫ жапондықтардың тегеурінді текетіресін екі бірдей атом бомбасын жару арқылы әрең тоқтатқаны тарихтан белгілі. Ащы тәжірибенің кермек дәмін татқан ҚАЙСАР ХАЛЫҚ «Фукусима» атом стансасындағы жарылыс кезінде жасымады. Тіпті апатқа байланысты ұсынған әлемдік қауымдастықтың көмегінен бас тартты.

Әлемнің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан жапондықтардың туған Отанына келіп, бауырларын моральдық тұрғыдан қолдау жөнінде қызу бастама көтергенін – БИІК РУХЫМЕН түсіндіруге болады.

Бұл жерде ойға бірден САМУРАЙ КОДЕКСІ оралары хақ.

Оған көз жүгіртіп көрелік:

«Самурай «тамырлы діңгек», «жапырақты бұтақ» деген ұғымдарды есте ұстауы қажет.

Олай болатын себебі, оған өмір сыйлаушы – ата-анасы, туған жер мен Отаны. Бұл солардың қанынан жаралған, нәр алған.

Ендеше, оларға лайықты құрмет көрсете алмаса, қандайма ақылды, тілге шешен және көрікті болса да, мұның бәрі ешнәрсеге татымайды.

«Өзіңе адал құрмет көрсете алатын нағыз дос іздесең, туысқандық, сыйластық сезімі бар жандардың арасынан табасың».

Өйткені, ата-ана, туған жер, Отан алдындағы перзенттік парызын өтей алмаған адам ешқандай борыш-міндет арқалай алмайды».

Экономист Иосихара Кунио былай түсіндіреді: «Жапон елінің жоғары жетістіктерге қол жеткізу сыры: ОСЫ МҮМКІНДІККЕ ЖОЛ АШЫП БЕРГЕН МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ. Жапондықтар жас ұрпақтың назарын ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК МӘСЕЛЕСІНЕ көбірек аударып, ерінбей еңбек етуге, болашағын қамтамасыз жасауға және ұжымдық бірлестікке тәрбиелейді».

Енді ПРОТЕСТАНТИЗМДІ  ұстанған елдердің әлемдік аренада қол жеткізген жетістіктеріне қысқаша көз жүгіртіп өтелік.

Германия экономикасы – бүгінде дүние жүзі бойынша (сатып алу қабілетінің тепе-теңдік есебін қоса алғанда) бесінші орында және Еуропа экономикасының ең алыбы болып саналады.

Протестантизм кеңінен таралған Оңтүстік Кореяның ІЖӨ 1980 жылдан бері қарай 2013 жылға дейін 18,8 есеге дейін өсіп, 1,7 триллион долларға жетті.

Протестант дінін әлеуметтік және экономикалық лифт ретінде пайдалану тәжірибесі Сингапур, Вьетнам, Тайланд және Гонконг елдерінің мысалында анық байқалады.

Егер дін басымдыққа ие елдердің даму жағдайын ІЖӨ жан басына шаққандағы көрсеткішіне назар аударсақ, мына таблица көптеген мән-жайды түсіндіріп бере алады (Дереккөз: «Дін мен атеизмнің Жаһандық индексі», WIN-Gallup International бойынша):

Конфессия

 

(Дін)

Жан басына шаққандағы ІЖӨ, орташа есеппен, долларӘлемдік орта есеп бойынша тұрғындардың жан басына шаққандағы ІЖӨТүсініктеме
Христиандар, жалпылай алғанда18 5001,76Христиандар дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 1,8 есе бай тұрады
Протестанттар21 2002,02Протестанттар дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 2 есе бай тұрады
Католиктер19 3001,84Католиктер дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 1,8 есе бай тұрады
Православтықтар8 4000,8Православтықтар дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 1,25 есе кедей тұрады
Иудаизм37 0003,52Иудаизм негізінен Израилдің ұстанатын діні болып табылады, осы елді дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 3,5 есе бай жағдайға жеткізді
Буддизм15 6001,49Будда дінін тұтынатын елдер дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 1,1 есе бай тұрады
Мұсылмандар9 2000,88Мұсылмандар дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 1,1 есе кедей тұрады
Индуизм3 8000,36Индуистық елдер дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 2,8 есе кедей тұрады
Әлем бойынша орташа маңызы10 5001Халықаралық Банк Қорының мәліметі бойынша

АҚШ Президенттерінің діни құрамына назар аударайық:

(Дереккөз: Э.А.Иванян, «АҚШ тарихы: ЖОО арналған оқулық», Мәскеу қаласы, 2006 жыл, 2-ші басылымы.)

№/№Басқарған жылдарыПрезиденттер туралы мәліметПартиялылығыДіні
1.1789-1797

Джордж Вашингтон

 

(1732-1799), АҚШ1-ші Президенті

Партияда жоқПротестант
2.1797-1801Джон Адамс (1735-1826), АҚШ 2-ші ПрезидентіФедералистПротестант
3.1801-1809Томас Джефферсон (1743-1826), 3 АҚШ 3-ші ПрезидентіДемократ-республикашыПротестант
4.1809-1817Джеймс Мэдисон (1751-1836), АҚШ 4-ші ПрезидентіДемократ-республикашыПротестант
5.1817-1825Джеймс Монро (1758-1831), АҚШ 5-ші ПрезидентіДемократ-республикашыПротестант
6.1825-1829Джон Квинси Адамс (1767-1848), АҚШ 6-шы ПрезидентіДемократ-республикашыПротестант
7.1829-1837Эндрю Джексон (1767-1845), АҚШ 7-ші ПрезидентіДемократПротестант
8.1837-1841Мартин Ван Бюрен (1782-1862), АҚШ 8-ші ПрезидентіДемократПротестант
9.1841 март-апрельУильям Генри Гаррисон (1773-1841), АҚШ 9-шы ПрезидентіВигПротестант
10.1841-1845Джон Тайлер (1790-1862), АҚШ 10-шы ПрезидентіВиг (партияда жоқ)Протестант
11.1845-1849Джеймс Нокс Полк (1795-1849), АҚШ 11-ші ПрезидентіДемократПротестант
12.1849-1850Закари Тейлор (1784-1850), АҚШ 12-ші ПрезидентіВигПротестант
13.1850-1853МиллардФиллмор (1800-1874), АҚШ 13-ші ПрезидентіВигПротестант
14.1853-1857Франклин Пирс (1804-1869), АҚШ 14-ші ПрезидентіДемократПротестант
15.1857-1861Джеймс Бьюкенен (1791-1868), АҚШ 15-ші ПрезидентіДемократПротестант
16.1861-1865 Авраам Линкольн (1809-1865), АҚШ 16-ші Президенті президент СШАРеспубликашыПротестант
17.1865-1869Эндрю Джонсон (1808-1875), АҚШ 17-ші ПрезидентіДемократПротестант
18.1869-1877 Улисс Симпсон Грант (1822-1885), АҚШ 18-ші ПрезидентіРеспубликашыПротестант
19.  1877-1881РазерфордБёрчардХейс (1822-1881), АҚШ 19-шы ПрезидентіРеспубликашыПротестант
20.1881 март – 1881 сентябрьДжеймс Абрам Гарфилд (1831-1881), АҚШ 20-шы ПрезидентіРеспубликашыПротестант
21.  1881-1885Честер Алан Артур (1829-1886), АҚШ 21-ші ПрезидентіРеспубликашыПротестант
22.1885-1889 Гровер Кливленд (1837-1907), АҚШ 22-ші ПрезидентіДемократПротестант
23.1889-1893Бенджамин Гаррисон (1833-1901), АҚШ 23-ші ПрезидентіРеспубликашыПротестант
24.1893-1897Гровер Кливленд (1837-1907), АҚШ 24-ші ПрезидентіДемократПротестант
25.1897-1901 Уильям Маккинли (1843-1901), АҚШ 25-ші ПрезидентіРеспубликашыПротестант
26.1901-1909Теодор Рузвельт (1858-1919), АҚШ 26-шы ПрезидентіРеспубликашыПротестант
27.1909-1913Уильям Хоуард Тафт (1857-1930), АҚШ 27-ші ПрезидентіРеспубликашыПротестант
28.1913-1921Вудро Вильсон (1856-1924), АҚШ 28-ші ПрезидентіДемократПротестант
29.1921-1923Уоррен ГамалиельГардинг (1865-1923), АҚШ 29-шы ПрезидентіРеспубликашыПротестант
30.1923-1929КэлвинКулидж (1872-1933), АҚШ 30-шы ПрезидентіРеспубликашыПротестант
31.1929-1933 Герберт Кларк Гувер (1874-1964), АҚШ 31-ші ПрезидентіРеспубликашыПротестант
32.1933-1945Франклин Делано Рузвельт (1882-1945), АҚШ 32-ші ПрезидентіДемократПротестант
33.1945-1953Гарри Трумэн (1884-1972), АҚШ 33-ші ПрезидентіДемократПротестант
34. 1953-1961Дуайт Дэвид Эйзенхауэр (1890-1969), АҚШ 34-ші ПрезидентіРеспубликашыПротестант
35.1961-1963 Джон Фицджеральд Кеннеди (1917-1963), АҚШ 36-шы ПрезидентіДемократКатолик
36.1963-1969ЛиндонБейнс Джонсон (1908-1973), АҚШ 36-шы Президенті ДемократПротестант
37.1969-1974Ричард Милхаус Никсон (1913-1996), АҚШ 37-ші ПрезидентіРеспубликашыПротестант
38.1974-1977Джералд Рудольф Форд (1913 ж.т), АҚШ 38-ші ПрезидентіРеспубликашыПротестант
39.1977-1981 Джеймс (Джимми) Эрл Картер (1924 ж.т), АҚШ 39-шы ПрезидентіДемократПротестант
40.1981-1989 Рональд Уилсон Рейган (1911 ж.т), АҚШ 40-шы ПрезидентіРеспубликашыПротестант
41.1989-1993Джордж Герберт Уокер Буш (1924 ж.т), АҚШ 41-ші ПрезидентіРеспубликашыПротестант
42.1993-2001 Уильям (Билл) Джефферсон Клинтон (1946 ж.т), АҚШ 42-ші ПрезидентіДемократПротестант
43.2001-2009Джордж Уокер Буш (1946 ж.т), АҚШ 43-ші ПрезидентіРеспубликашыПротестант
44.2009-2017Барак Хуссейн кіші Обама (1961 ж.т), АҚШ 44-ші ПрезидентіДемократПротестант
452017-күні бүгінге дейін Дональд Джон Трамп (1946 ж.т), АҚШ 45-ші ПрезидентіРеспубликашыПротестант

Дүние жүзі бойынша Нобель сыйлығына ие болғандардың 40% АҚШ азаматтары. Діни сенімі жағынан келсек, 64%-ы таза протестанттардан тұрады, иудейлер – 20%, католиктер – 11%,  мұсылмандар – 1%.

Мұның сыртында агностиктер мен атеистер, үнді, будда дін өкілдері мен тағы да басқалары бар.

Жер шары халықтарының 0,2% құрайтын (14 млн.) еврейлердің өзін бөлек қарастыратын болсақ, әрбір бесінші Нобель сыйлығының лауреаты (20%) – осы ұлттың өкілі.

Әлем бойынша, орташа есеппен алғанда, бұл 100 есеге көп.

Қытай – дәстүрлі діни ілімдерді жаңғыртылған жаңа идеологиялық жүйені қалыптастырудың құрамдас бөлігі ретінде тиімді пайдаланып келе жатқан елдердің бірі.

Мұнда негізгі дін БУДДИЗМ болып саналғанымен, ДАОСИЗМ мен КОНФУЦИЙ ілімдерінің орны ерекше.

Әсіресе, Конфуций ілімі қытайлықтардың күнделікті тұрмысында айрықша рөл атқарады. Өйткені, мұндағыфилософиялық тұжырымдарадамдардың өз міндеттері мен құқықтарын ой елегінен өткізуге жол ашады.

Конфуций мен оның шәкірттері туралы мынадай әпсана бар.

Бір күні дана ұстаздан айналасына таңырқай қарап жүретін шәкірті сұрапты: «АЙНАЛА ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН КЕРЕҒАР ҚАЙШЫЛЫҚТА БОЛМАЙ, БАРШАСЫМЕН ТАТУ-ТӘТТІ ӨМІР СҮРУДІҢ ЖОЛЫ БАР МА?» – деп.

Ойшыл ғұлама мүдірместен жауап береді: «Әрине, мұндай ұғым бар. БҰЛ – ЖҰМСАҚТЫҚ, МЕЙІРІМДІЛІК.

Қанша БИІККЕ көтерілсең де, ТӨМЕНДЕ қалғандарға құрметіңнен жаңылма. Егер алда-жалда ТӨМЕН құлдырап кетсең, ТӨБЕҢНЕН төніп, мазақтап жатқандарға кешірім таныт.

Есіңде тұт, әркім де ізгілік пен жексұрындықты бірдей арқалап жүреді. Сондықтан, айналаңдағы адамдардан көңілің қалмас үшін, олардың ПЕНДЕЛІК ӘЛСІЗДІКТЕРІНЕ кеңдік көрсете біл».

Бұл ІЗГІЛІККЕ ТОЛЫ ІЛІМДІ қытай халқы бойтұмардай қастерлейді.

Жоғарыда айтқанымыздай, ӘЛЕМДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕРДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК жағынан ғана қарастырдық.

ӘР ҰЛТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗ ТАРИХИ ТАМЫРЫ, ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДӘСТҮРІ БАР.

Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханов: «ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЖАСАУ – БІЛІМНЕН ЕМЕС, МІНЕЗДЕН», –деп атап көрсетті.

Кешегі сталиндік зұлмат кезінің өзінде ұлт зиялылары әлемнің дамыған елдерімен терезесі тең ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІН құруға боларына кәміл сенді.

Соның ішінде Азия мемлекеттері ішінде Жапонияға көп қызықты.

Халел Досмұқамедовтің мынадай сөзі бар: «СЕНЕН БАСҚА ОНДАҒАН, ТІПТІ ЖҮЗДЕГЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАСЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАНЫН ОЙЛАСАҢ, БҰЛ ХАЛЫҚ ТА ЕҢБЕККЕ, ДАМУҒА ҚАБІЛЕТТІ ЕКЕНІН, БӘЛКІМ, БОЛАШАҚТА ӘЛЕМДЕГІ ӨЗІНІҢ ОРНЫН ОЙЫП ТҰРЫП АЛАТЫН ЕКІНШІ ЖАПОНИЯ БОЛА АЛАДЫ ДЕГЕНГЕ КӨЗ ЖЕТКІЗЕСІҢ».

Біразының «жапон тыңшысы» деп айыпталуының негізі осы.

Көне дәуірлерден бергі ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ үзілген жоқ.

ДІЛІМІЗ БЕН ДІНІМІЗДЕН аластатуға жасалған, екі ғасырға ұласқан саясаттың қанды шеңгелінен ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ САН ҒАСЫРЛАР БОЙЫ ҚАЛЫПТАСҚАН САЛТ-ДӘСТҮРІ, ӘДЕТ-ҒҰРПЫ, АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ, ТӨЛ ӨНЕРІ аман алып шықты.

Өткен ғасырдың орта шенінде белең алған ТҰТЫНУШЫЛЫҚ ИДЕОЛОГИЯСЫ әлемді БҮЛДІРУШІ ФАКТОР болғаны бүгінде бүкіл адамзат әлеміне аян.

ЖАППАЙ ӘЛЕУМЕТТІК МАСЫЛДЫҚ  ТУДЫРҒАН, Қазақстан тұрғай, дамыған елдердің өзінде жүзеге асыру мүмкін емес ЖАЛҒАН ИДЕЯНЫ – ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ БАСТЫ СЕБЕПТЕРІНІҢ бірі ретінде қарастыру қажет.

Қоғамда мұндай пікір бар.

Ұлы Абай әйгілі «Отыз сегізінші қара сөзінде»: «ӘУЕЛІ АДАМНЫҢ АДАМДЫҒЫ – АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ ДЕГЕН НӘРСЕЛЕРМЕН», – деп жол көрсетеді.

Сан ғасырлар бойы халқымыздың алға ұмтылуына қызмет жасаған ұлы тұлғалардан мирас болып келе жатқан ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ, ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ жетерлік.

Халқымыздың мәдени мұрасын шашау шығармай жадымызда ұстап, САҚ, КӨК ТҮРІКТЕР ДӘУІРІНЕН келе жатқан ӨМІРЛІК ҚАҒИДАТТАРДЫ, ұлы ойшылдар ӘЛ-ФАРАБИ, ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ, атақты билерімізТӨЛЕ, ҚАЗЫБЕК, ӘЙТЕКЕ бабаларымыздан мирас болған ДАНАЛЫҚТЫ берік сақтау, сайып келгенде, кемеңгер Абайдың ТОЛЫҚ АДАМ ІЛІМІМЕН жалғасып жатыр.

Осының бәрі ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ –БЕРІК ҰСТАНЫМ болуы керек.

Адамзаттың ізденісі мен өркендеуі жолында Абайдан артық айтқан кім бар:

«ӨЗІҢЕ СЕН, ӨЗІҢДІ АЛЫП ШЫҒАР,

АҚЫЛЫҢ МЕН ҚАЙРАТЫҢ ЕКІ ЖАҚТАП».

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Abai.kz

ادامه نوشته

имамдар жəне құдайсыздар

46 - сөз  2733  45 пікір 7 Қараша, 2019 сағат 13:13

Имамдардың кісі өлгенде "лекция" оқуы жаппай тенденцияға айналып кетті

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Ана жылы Шыңғыстауда, өзім қатты сыйлайтын жездем қайтыс болды. Әдеттегідей, жаназа алдында - молда "лекциясы". Ол "лекциясы" "Қатындар былай тұрыңдар!.." дегеннен басталды. Оған шыдадым. Жер басына барып қайттық. Сонсоң, ас алдында әлгі молда дәмхананың сахнасына шығып алып, тағы да "лекциясын" бастады. Тіпті ұзап барады. Жұрттың бәрі бас изесіп әлек.

Мен со жолы молданың мазағына шыдай алмадым. Өйткені бет-жүзінде уайым-қайғының еш нышаны жоқ. Семірген. Елдің бәрін ақымақ санайтын пиғыл көзінен жылт-жылт етеді. Бейне бір, о Дүниеге өзі барып келгендей, құдайдан сәлем алғандай, өз сөзіне өзі удай мас. Шыдай алмадым да:

-Айналайын, уағызыңды мешітіңде жүргіз. Біз қазір ардақты адамымыздан айырылып, қайғыдан қан жұтып отырмыз. Мында көптеген ағайын қоштасу сөзін айтқалы келіп отыр. Олардың жұбату сөзін де естігіміз келеді. Соңынан басқа да шаруалары бар тірілердің. Сенің бітпейтін "шариғатыңды" қайта-қайта тыңдап отыруға уақыт жоқ. Тоқтат! - деп ақырып жібердім. Сонда, қалың қазағымның арасынан тек бір шалдың ғана қарсылық дауысын естідім. Не болар екен деп, жұрт сілейіп қалған.

Ештеңе де болған жоқ. Молда абыржып, сахнадан түсіп кетті. Ас бітті. Шығуға бет алғанымызда, тар дәлізге кептелген жұрт ішіндегі көптеген "ақсақалдар" елге білдіртпей: - Сенікі жөн болды, жөн болды - десіп, сыбырласа қолымды қысып, өтіп жатты қасымнан....

Әрине, біздің со жолғы ренішіміз нақты со молдаға ғана емес, барша имам-молдаларға деген реніш болатын. Өйткені олардың сондай сүйкімсіз-жөнсіз қаракеттері талай жылдардан бері жаппай тенденцияға айналып кетті.

Тыныштықбек Әбдікәкімұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

Қажы мұқамбет қаракедей 2019-11-08 22:23:19

Өлерде де құдайсыз

Кейпі болар қолайсыз

Қасақана топастар

Сандалар ау қодаймыз

Былшебекті солардан

Көріп жүрміз талай біз

Іші жанған тұз жалар

Көтін бетер жағармыз

Орнатам деп жерде ұжмақ

Өздері болған талайсыз

Сталинді өлді деп

Ленинді де қосасыз

Əлі де сіз солар деп

Водка ішіп жылайсыз

Кешікпей ақ тамұқта

Тамызық боп жанарсыз.

 

قدرت استبدادی و انعطاف مخالفین

  1. حم کدی گفت:

    آبان ۱۳, ۱۳۹۸ در ۶:۵۷ ق٫ظ

    کاردارانند اولوالأمر مشاور هایی اندر کار
    فقیهانند منجمله ؛ نه بر امت بد سربار
    این اصحاب فقاهت گر ننمایند سفاهت
    باید باشند تیزگوش ها به گفتار جماعت
    گفتمانی است مبین در پیام ربانی
    عالمان راست خشوعی سزاوار رحمانی
    آنکه گوید تنها منم علامه کنه دین
    وحدت کند ریشه کن بپاشیده تخم کین
    تواضع داشت خود نبی آن خاتم نبوت
    چونکه بوده مأمورى که شور کند با امت

    پاسخ

  2. حم کدیگفت:

    آبان ۱۳, ۱۳۹۸ در ۷:۳۶ ق٫ظ

    عالمان و فقیهان گردند همه سفیهان
    اکراه برند چون بکار بگریده کریهان
    دانش و فقه داشته باری شیطان نیز
    لیک ز شر غرورش لعنت بکرد رحمان تیز
    سجده باید بر آدم بندگان را دمادم
    ورنه روند بدوزخ هیمه اش کرده فراهم
    اینک وقت تفکیک است الا جمع ذاکران
    ورنه شویم جملگی در درکات خاسران

əй "ақымақ" Ислам бауырым -ай

46 - сөз  3338  5 пікір 4 Қараша, 2019 сағат 11:20

Әй, "ақымақ" Ислам бауырым-ай!

Аймұханбет Бейсембеков

Әй, «ақымақ» бауырым-ай! Өзіңмен Өскеменде әкім болып жүргеніңде бір топ елге танымал өнерпаздарды бастап барып танысып едім. Кабинетіңе кіргенімде, кейбір креслоға жабысып туғандай «великиий» әкімдердей шіренбей, орныңнан атып тұрып сәлем беріп қарсы алып едің. Келген шаруаммен танысып, әр жанрлы қазақ тілді концертіміздің, орыс тілді Өскеменде Аншлагпен өтуіне жағдай жасап едің.

Өскемендегі жасаған еңбегіңді ел де көріп, Елбасы да көріп, жоғарыға өсіп кетіп едің. Жоғарыға барып жолың болмады.

Мемлекеттің 300 миллиард қаржысын талан-тараждан сақтаймын – деп, басың бәлеге қалыпты. Мұндай «ақымақ» болармысың?!...

Жоғарыдағы олигархтардың шет елдегі офшордағы миллиондаған долларлары жеті Атасынан қалды – деп пе едің, ол осындай «майшелпектердің» нәтижесі екенін қалай білмедің? 300 миллиардты бөліп отырғандармен «тіл табыссаң» саған құрығанда 30 миллион, «повидениең» үнаса, 300 миллионды қалтаға басып, «талтаңдап» жүрер едің! Не деген «ақымақсың»?

Сен Абайдың «Масғұт» поэмасын оқымаған екенсің. Оқысаң бұл ақымықтықты жасамас едің.

Айтайын тыңда! Патшаның уәзірі Масғұтқа түсінде Қыдыр Ата аян береді:
- Ертең бір кесепат жаңбыр болады. Сол жаңбырдан кейінгі өзеннен су ішендердің бәрі жынданады. Бүгін жеті күнге жететін таза су алып қой – дейді. Содан Масғұт пен патша жеті күндік суларын дайындап алады. Аяндағыдай жаңбыр болып, жынды судан ішкен бүткіл қала халқы жынданады. Олардың алдына шығып ақыл айтқан, естері дұрыс патша мен Масғұт уәзірді, қала халқы:
-Мына екеуі жынданған екен, бұларды өлтіру керек – деп шуласады. Содан естері шыққан патша мен уәзір ақылдасып, екеуі де жынды судан мол ішіп алып, жынданып құтырып айғайға басып халықтың алдына шығады. Жынданған патша мен уәзірді көрген, жынданған халық:
-Ақылдарыңыз кірген екен, бізді кешіріңіздер! Айтқандарыңызға құлдық! – деп жалбарынады.

Дәл солай, ұрлыққа құныққан жоғарыдағылар, ұрлыққа кесірі тиетін сендей «ақымақты» әрине қудалайды. Сен сол 300 миллиардтың «бөліске» түсуіне кедергі болмасаң, осы күні білдей бір министрдің креслосында отырар едің! Нағыз «ақымақ» екенсің!

Әнеки, қарасаңшы! «LTR - дің ақылдылары да», Мәдениет минстрлігі мен Білім министрлігіндегі «ақылдылар да» қалталарын «қампайтып» шет елге кетіп, сайрандап жүрген жоқ па? Солар құрлы «ақылың» болмады-ау! Қайтейін! Қайтейін!

Енді сенің мына пәледен құтылуың екі талай! Сен сияқты жемейтін «ақымақтар» билікте көбейсе, «ақылдылар» «майшелпектерінен» айрыларын жақсы біледі. Сондықтан сені қалай да соттатуға жан салады. Ендігі тағдырың соттың қолында.

Қазіргі қоғамның ұраны - "Өнер алды - көт қысқан!"
Шындықты айтсаң - өшесің, жағымсынсаң - өсесің! Осыны да білмедің-ау! Әй, «ақымақ» Ислам баурым-ай!

Аймұханбет Бейсембековтың facebook парақшасынан

Abai.kz

Қажы мұқамбет қаракедей 2019-11-06 01:10:25

Ақымақ болмас ардақты

Адал дей беп қақсапты

Басқалар да жақтырмай

Абақтыға тастапты

Романында "Нақұрыс"

Достоевскии толғапты

Əйгілі де жезөкші

Жөн көріпті қашпақты

Болады-мыс ұжмақта

Кездестіріп ақымақты

Не дерсіңіз қазақтар

Ақымақ деген беибақты.

Мұстафа Шоқайдың сенімді серігі-Ескендір Көпжаров

 

Алашорда  473  1 пікір 4 Қараша, 2019 сағат 10:46

Мұстафа Шоқайдың сенімді серігі - Ескендір Көпжасаров

Аққали Ахмет

Алаш зияларының өткен өмірі мен халқына қалтықсыз атқарған қызметін бағалап, байыптауымыз бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі де бірегейі. XX ғасырдың басында қазақ интеллигенциясы бұған дейін болмаған қарқынмен қаулап өсті, кейін олар ұлттық ояну кезеңіндегі сан-салалы қызметтерінде ел мен халық мүддесіне айтарлықтай үлес қосты.

Осы ретте біршама іс атқарған бірегей тұлғалардың бірі – Ескендір Исаұлы Көпжасаров. Алаш қозғалысы тарихында Е.И.Көпжасаров Алаш милициясының офицері, Ойылдағы юнкерлер мектебінің командирі һәм Батыс Алашорда әскери далалық сотының төрағасы ретінде өзіндік орны бар тұлға. Бірақ, осы кезге дейін оның қайраткерлік орнын белгілейтін бірегей еңбек жазылған жоқ. Жазылғандар болса, оның Алаш партиясына қатысты өмірбаяндық кейбір іздері ғана, не шолу түріндегі шағын жазбалар.

Ендеше Ескендір Көпжасаров деген кім, қандай істерімен ел есінде қалды?

Журналист-өлкетанушы Б.Ажниязов Ақтөбе Ұлттық Қауіпсіздік Комиеті облыстық басқармасының №3084 қылмыстық ісі дерегі бойынша Е.Көпжасаровтың архивтік құжаттар бойынша Ақтөбе облысы, Қобда ауданының №2 ауылында 1884 жылы дүниеге келгендігін жазады. Сонымен бірге ол келтірген дерек бойынша, яғни Е.Көпжасаровтың өз қолымен толтырған өмірбаянында туған жылын 1885 жылы деп көрсеткен.

Ал әкесі Иса Көпжасарұлы ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақтың көрнекті саяси қайраткерлерінің бірі,  Санкт-Петербург Императорлық әскери-медициналық академиясын бітірген, «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметінің мүшесі, қаржы министрі болды.  Оның азамат соғысы жылдары Краснодар өлкесінде ақ гвардияшылар әскери бөлімдерінің лазаретінде әскери дәрігер болып қызмет атқарғаны туралы дерек Қазақстан Республикасы Президенті архиві қорындағы құжаттарда сақталған. Иса Көпжасарұлы 1920 жылы 70-ке қараған шағында қайтыс болған.

Кейбір деректер бойынша Ескендір Исаұлы Санкт-Петербург университетінде білім алған. Қазан төңкерісіне дейін білімді заңгер ретінде болыстық сайлаулар мен әлеуметтік-саяси талас-тартыстар кезінде екі жақты бітімге келтіруші ара ағайын ретінде қатысып, іс-қағаздарын жүргізген.

Дүрбілеңмен басталған ХХ ғасыр қазақ халқының басына ауыр да қайғылы қасіреттерді ала келді. Сол ХХ ғасырдың бас кезі бүкіл қазақ елі, қазақ қоғамы үшін түрлі саяси, азаматтық бағыттардың өзара қақтығысы мен күреске толы кезең болды. Елдегі саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық ой-пікірлердің қалыптасып, ұлттық сана-сезімінің өрлеуіне мүмкіндік туып және ояну дәуіріне жол ашылғаны белгілі. Патшалы Ресейдегі ақпан айындағы төңкеріс бүкіл империя аймағын дүр сілкіндіріп, өз қоластындағы ұлттардың сана сезіміне тың серпіліс берді. Осы тұста қазақ ұлтының алдыңғы қатарлы оқыған зиялылары, Алаш партиясы өкілдерінің басты ұстанған идеясы қазақ елінің тәуелсіздігі болатын. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде «Бостандық», «Азаттық», «Теңдік» сөздері асқақатай самғап қазақ даласына да жеткені мәлім. Ақпан төңкерісінен кейін халқымыздың біртуар ұлдары бас болып ұлтының басқа жұртпен терезесі тең, тәуелсіз мемлекет болуын алдарына  мақсат-мүдде етіп қойып, өмірлерін өлімге тікті. Алаш Орда тарихы мен оның көрнекті қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметтері кеңестік кезеңде бір жақты идеология сарынында жазылып, қара күйе жағылғаны да белгілі. Солардың қатарына Ескендір Көпжасаровты да толық жатқызуға болады.

Оның өмір деректеріндегі басты назар аударатын жайт, оның  ұлт-азаттық қозғалыс көсемдерінің бірі Мұстафа Шоқайдың (1890-1941)  Түркістан мұхтариаты Уақытша үкіметі кезеңіндегі қызметінде көмекшісі болғандығы. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихы шетелдік тарихнамасын зерттеудің негізін қалаушы, шоқайтанушы К.Л.Есмағамбетов  (Шоқай М. Эпистолярлық мұрасы. 2 томдық / Жауапты редактор, алғысөз бен түсіндірмелер авторы – К.Л.Есмағамбетов, Құрастырушы: Ғ.Т.Исахан. –Алматы: «СаГа» баспасы, 2006. 1-том. – 424 бет) «М.Шоқайдың эписторярлық мұрасы туралы» алғысөзінде «М.Шоқайдың жеке мұрағаттық қорындағы құжаттардың ішінен Ескендір (Искандер) деген азаматтың 1936 жылдың 26 ақпанында жазған хаты ерекше назар аударады», - деп жазған болатын (көрсетілген еңбек, 19 б.). Аталған хаттың жазылған жылы техникалық не баспадан кеткен қате болуы керек, негізінде хат 1930 жылдың 26 ақпан күні жазылған. Себебі Б.Ажниязов келтірген архив деректері бойынша Е.Көпжасаров 1933 жылы 2 қаңтарында қайтыс болған. Сондықтан да Е.Көпжасаровтың М.Шоқайға 1936 жылы хат жазуының мүмкін еместігі басы ашық мәселе. Кітапты құрастырушы, белгілі архивист Ғазиза Исахан апамыздың Ескендір Көпжасаровтың М.Шоқайға жазған хат жиегінде «9.4.30» деп  алынған уақыты көрсетілген деген  ескертуі де бар (көрсетілген еңбек, 180 б.). Сонымен бірге Көшім Лекерұлының «Әлемге таныған тұлға (М.Шоқайдың дүниетанымы және қайраткерлік болмысы). – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 504 бет. + 28 бет жапсырма.)» атты іргелі еңбегінде хаттың 26 ақпан 1930 жылы жазылғандығын және хаттың мазмұнына қысқаша тоқталады (239-240 б.б.). Және де  Ескендір түркістандық зиялылардың бірі ретінде М.Шоқаймен қатар саяси күреске араласқан сияқты деген пікір білдіреді. Жазылған хаттан шығатын қорытынды шетелде жүрген М.Шоқайдың елмен байланысының бір бағыты осы Ескендір Көпжасаров арқылы жүзеге асырылғандығы. Сонымен бірге Ескендірдің М.Шоқайдың сенімді серігі ретінде  атаған В.А.Чайкин* Мәскеуден  1922 жылдың 22 наурыз күні М.Шоқайға жазған хатында Ескендір де Түркістандағы достарының қатарында аталады. В.А.Чайкин хатында  «Түркістандағы достарыңыз бен таныстарыңыз түгелге дерлік бұған қарсы, сонда жүрген Жанша, Ескендір де және т.б., Оразаев та қызмет істеп жүр (Түркістан Халық комиссариаты  комиссиясының мүшесі), жағдайға риза емес, бірақ олардың қарсылығының жөні бар», - деп жазды (Шоқай М. Эпистолярлық мұрасы. 2 томдық, 61 б.).

Ғалым-тарихшы К.Есмағамбетовтың деректері бойынша Е.Көпжасаровқа қатысты дерек  ОГПУ-дың Шығыс бөлімінің тыңшысы «алашордашы», Түркістан автономиясы кезінде М.Шоқайдың сенімді серігі болған Ескендір Көпжасаровтың жақын арада Грузиядан оралғанын хабарлаған. Тыңшы тарапынан келіп түскен тағы да бір астыртын мәлімет бойынша М.Шоқай Түркістан Әлеуметтік қамсыздандыру Халық Комиссариатының қызметкері Е.Көпжасаровпен хабарласып тұратындығы қаперге берілген. Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқармасы (ОГПУ) тыңшысының мағлұматы негізінде М.Шоқайдың көмекшісі Ташкентте қызметте жүрген Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Бірімжанов секілді қазақ зиялыларымен араласып тұрғандығын аңғаруға болатындығы.

Сонымен  Е.Көпжасаровтың 1930 жылдың 26 ақпанында  М.Шоқайға Ташкенттен жазған құпия хатын толық мазмұнда беруді жөн көрдік:

Ескендір Көпжасаровтың Мұстафа Шоқайға жазған хаты

Аса құрметті Мұстафа ағай! Қазіргі жағдай әрбір тұрандыққа лайықты жұмыс істеу тұрмақ, біреумен өз ойларын бөлісуге де, ақылдасуға да мүмкіндік бермейді. Қандай жағдайда да қажет жұмысты жүргізудің жолын білетін бөлімдер бар екенін біз көптеген астыртын ұйымдар мен үйірмелердің тәжірибесін білеміз. Қазір бізде мүмкіндіктер тіпті азайған секілді. Ауғанстаннан өз отанына Ташкент арқылы бара жатқан герман-ауған сауда Кº-да бірге қызметтес болған бір неміс арқылы хат жазып жіберудің сәтті келіп отыр.

Өзім туралы екі ауыз сөз айтайын: менің өз үйірмемізден қол үзгеніме көп жыл болды, Сіздің Түркістанға деген шексіз махаббатыңызды және оның азаттығы үшін құрбандыққа да баратыныңызды білемін. Осыншыма жылдан кейін мен Сізбен қайтіп, қалай байланыс жасаудың ретін таба алмай жүрмін. Сізден мен туралы ескеруіңізді өтінемін. Жан-жағымызда орашолақтар мен оралымсыздар толып жүргендіктен, бұл жерде дұрыс ойлайтын адамдарға жұмыс жетерлік.

Большевиктер осыларды ескере отырып, жергілікті зиялыларды жұмыстан басқа жаққа бұрып, олардың орнына келімсек элементтерді тартуда.

Бізде соңғы уақыттары Орта Азия бойынша мұсылман зиялыларын жаппай қамауға алу жүріп жатыр. 600-ге жуық адам, ал Ташкентте 1000-ға жуығы қамалды. Түрмеден жақында шығып, айдаудан оралғандықтан, өзімнің тұрмыс жағдайымды түзеу әлегімен айналада болып жатқан оқиғалардың бүге-шігесін біле бермеймін. Біздің қазіргі жағдайымызда қандай да бір беделді үйірме өмір сүре алады деп ойламаймын. Себебі сол үйірмелердің нұсқауы бойынша жергілікті халық бар мүмкіндіктерінше өз мүдделерін қорғап қалушы еді. Қазір оған мүмкіндік те жоқ.

Шаруашылықтағы болып жатқан қиыншылықтар мен Қытай шекарасындағы шиеленісулерге байланысты үкімет алдын ала шаралар қабылдады.

Басқа жердегідей, бұл жерде де ұлттық  бағыттағы осы қозғалысты «басмашылық» деп атауға дағдыланған. Осы күзде ташкендік наубайшы Құр-Джурай жинаған саны 25 адамға жуық шағын топ Искент ауданында қарсылық жасады. Дегенмен, ол жаққа қаладан атты әскер жіберіліп, шағын топ талқандалды. Он адам қаза болып, қалғандары тауға қашып кетті. Бұдан кейін барлығына белгілі жағдай: қышлақтың халқы зардап шекті. Олар кімнің үйіне тоқтады, солардың бәрі дерлік қамауға алынды. Құр-Джурай – Тиляд ауданынан шыққан, 1920 жылы өз отрядымен өкіметке берілген құрбашы, ол соңғы уақытқа дейін ескі Ташкентте бейбіт еңбекпен айналысты, нан пісірушілер артелінде төраға болды және оның ескі қалада ұзақ уақыт болуына қарағанда, оны осындай іске итермелеген астыртын ұлттық ұйымдар ма деп те ойлаймын. Бидайдың бағасы базарда 7-8 сом, ал мақтаны диқандардан 3 сом 20 тиыннан 5 сомға дейінгі бағамен қабылдайды, сондықтан да диқандардың сатып алу мүмкіндіктері туралы Өзіңіз олай беріңіз.

Мұнда «Правда Востока» мен оның өзбек тіліне аудармасы «Шарк-Хақиқаты» сияқты күнделікті газеттерден басқа, қызметтен кеткен кеңес қызметкерлерінен жоғары ешкімді сынай алмайтын және жоғарыдағылардың кемшіліктерін сынауға шамасы жетпейтін «Муштум» атты апталық журнал шығарылады.

Дегенмен, мерзімді басылымдардың ішінде ай сайын шығатын «Бюллетень прессы Среднего Востока» журналы кешігіп болса да, Персиядағы, Түркиядағы, Арабстандағы, Үндістандағы және Ауғанстандағы маңызды оқиғаларды баяндайды.

Сізге жеке басылымдар жаңалығынан хабарлайтыным: Қазақстанға инженер Тынышбаев көшіп келді, егерде оның «жол инженері» деген мамандығы болмағнда, ол қайткенде де, қызметтен шеттетілетін еді. Хұсейн Ибрагимов те Қазақстанда, «ұзынқұлақтан» естуімізше, астыртын адвокатурамен айналысатын көрінеді, Ташпулат Нарботабеков Файзулланың (Ходжаев. – А.А. ) заңгер-кеңесшісі болып қызмет етеді, ол 1925 жылы БКП (б) партиясына өтпекші болған, ол үшін Файзулланың өзі кепілдік берген, бірақ одан ештеңе шықпады.

Біздің қалған ескі мұсылмен зиялыларымыз бұрынғыдай бейсаясаттық әдетімен әр түрлі мемлекеттік және кооперативтік мекемелерде техникалық қызметкерлердің жұмысын атқарып, тиісті жалақысын алып, өз жағдайының сәттілігіне ризашылықпен жүре береді. Қоғамдық жауыздық жөнінде ешқандай да түсінігі жоқ және қатардағы мещандарша өмір сүреді. Менің мекен-жайымды Сіз Лейпцигтегі [Торрекадероден] білуіңізге болады.

Ескендір» (Шоқай М. Эпистолярлық мұрасы. 2 томдық 180-182 б.б.).

Жазылған хатта Е.Көпжасаровтың біртуар тұлға Мұстафа Шоқайды жақсы танитындығы, аса құрметтейтіндігі сезіледі. Ескендір Көпжасарұлы хатының басында-ақ елдегі саяси ахуалға дәлме-дәл баға береді. Ол саяси сауаты мол, қазақ зиялыларымен қарым-қатынаста болған, әрі елде болып жатқан әкімшілдік-әміршілдік жүйедегі оқиғаларға өзіндік көзқарасы бар тұлға ретінде байқалады. Өкініштісі Е.Көпжасаров қуғын-сүргінге ұшырап, айдаудан оралып, туған жеріне келген кезінде шолақ белсенділер артынан қайтадан жарық күнде «шам» алып түсіп, 1930 жылдың 22 қыркүйегінде оған РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-10 бабымен қылмыстық іс қозғалып, концлагерге 5 жылға қамауға алынып, ақыры Алматы түрмесінде бар болғаны 48 жасында қайтыс болды.

Алаш қайраткерлерінің саяси-қоғамдық қызметтерінен тағылым алу біздің тарихи дамуымыздың басты құндылықтарының бірі. Тарихтан өткен ата-бабаларымыздың өмірі мен ісіне қайтадан байыптап қарап, олардың жеңістерін бағалап, жеңілістерінен сабақ алуға міндеттейді.

Тарихта із қалдырған қайраткерлерді танып білу әр қоғамның рухани деңгейінің көрінісі. Бүгінгі мына жаһандану заманында өз тарихымен тәрбиелеу ғана өз ұрпағы рухын көтеру болса керек.

Аққали Ахмет,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы.

Abai.kz

  •  

 1 пікір

 

 

Қажы мұқамбет қаракедей 2019-11-06 00:29:41

Бəрі болса құдайдан

Болмас жөні мұңайған

Игілік деп біздерге

Жердегіні жаратқан

Аспандар да жоғары

 Тəртіп бола құрылған

Есі бар деп болады

Дін исламды ұнатқан

Көрмес көрмес түйені

Арқасына жүк артқан

Одан асқан тауларды

Құран түссе құлатқан

Ал адамға бұйырылды

Көтеру осы зіл батпан

Одан да ауыр жағдайда

Қайтпа деген талаптан

Қандай қауып қатерде

Озғай деген сынақтан

Жүгінерсің сондайда

Медет тілей бір хақтан

Артта тастай бұттарды

Бəрін болғай сұлатқан

Дос көрмегей қастарды

Жаныңа болма жолатқан

Арыстары бірақ Алаштың

Ат кəпірмен салысқан

Ырыс санап оларды

Тура жолдан адасқан

Енді өкінбей өткенге

Үмбет болың ұйысқан

Жалтақтамай жан жаққа

Жол ізділік құраннан

Қазақшаға аударың

Түскен тілі арабтан

Қайраттанып осылай

Ділді болың қаратқан

Ұқтыра алмас хақ сөзін

Ана тілін ұмытқан

Демографиялық тоқырау

Қажы мұқамбет қаракедей 2019-11-03 11:55:18

Ақмола боп астана

Енші болды басқаға

Оны салдым мен деген

Тіпті болды масқара

Атын қойған Нұрсұлтан

Жүр ғой одан жасқана

Ол көктегі тəңрідей

Елге өзін дер баспана

Бұлар өлмей күлер ме

туар деген жасбала!?

Қашанға шейін жүре алар

Көпті мұнша алдата

Ал иманды пенделер

Бетті бұрар Алдаға

Қазықұртты қыбыла ғып

Шығысар ау басқаша

Ақырзаман тақалды ау

Бұл да кетер тарқала

Нұрсұлтан да Шыңғыстай

Кетер шетке тастала.

Халық ұйқыда дегендер қатты қателеседі

 

  •  
  •  
  •  
  • ​​46 - сөз  556  4 пікір 1 Қараша, 2019 сағат 11:48

"Халық ұйқыда" дегендер қатты қателеседі...

Өмір Шыныбекұлы

"Халық ұйқыда" дегендер қатты қателеседі...
"Ұйқыда" дегеннен гөрі, бұл жағдайды "Дауыл алдындағы тыныштық" деп суреттеген дұрыс секілді..

Қалалықтардың ортасында жүрмін..

Апта сайын болмаса да, ай сайын Оңтүстіктің ауылдарын аралаймын.
Одан қалса ала жаздай Қазақстанның солтүстігі мен шығысын араладым.

2019 жылдың басынан "Шымкент адалдық алаңы" жобасының жұмыстарына белсене араластым.
Партия мүшесі болмасам да «НұрОтан» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесіне мүшелікке шақырып еді. Бас тартпадым.

Бірер күн бұрын сол Қоғамдық кеңестің құрамында азаматтарды қабылдауға қатыстым. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы қаншама хабарландыру берілсе де, қабылдауға 1-ақ азамат келді. Оның өзін мен арнайы шақырғам.
(30 жыл мұғалім болып істеген баспанасыз әріптесім. Күйеуі 1-топтағы мүгедек. Азамат болып қалған 2 ұлы бар екен - екеуі де жұмыссыз)
Миллион! тұрғыны бар қалада - 2 сағат ішінде қабылдауға 1! ғана азамат келді.

Осыдан-ақ өздеріңіз ой түйе беріңіздер. Тек "Халықта еш проблема жоқ. Бәрін шешіп тастағанбыз" деп жүрмеңіздер.

Жүрген жерімде адамдардың көңіл-күйін зерттейтінім бар...
Халық билік өкілдеріне де, үлкенді-кішілі депутаттарға да, саяси партияларға да, және "Оян, қазақ" деп жүрген түрлі қозғалыстардың бір де біреуіне сенуден қалған..

"Ұлттық Сенім Кеңесі" құрылғанда халықта бір үміт пайда болып еді.
Қазір ол үміт те күн өткен сайын көмескіленіп, ел арасында "Қос билік" туралы қауесет бел алып бара жатыр.

"Қос билік жоқ" деген құрғақ сөзбен халықты сендіру қиын.

Не істеу керек?

Болатын нәрсе болмай қоймайды.
Сондықтан, Ұлттық Сенім Кеңесі халықтың сенімінен біржола айырылып, үмітін сөндіргісі келмесе, ешкімге жалтақтамай құрылғандағы мақсаты бағытында батыл әрекетке көшкені жөн. Әйтпесе, бірер айда өздеріне берілген "Сенім лимитін" олар да біржола тауысады.
Құдай үмітсіздіктен сақтасын!
Қырғыздың 2 төңкерісі де, биліктің халықтың сенімнен айырылуының жемісі еді.
Қазақ билігі содан сабақ алмады.
Бірақ әлі де кеш емес..
Мынау мүлгіген тыныштық алдамшы екенін ұмытпаңыздар!

Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

Қажы мұқамбет қаракедей 2019-11-02 00:44:11

Халық Хақтың бір аты

 Есімі Оның сипаты

 Алла əр күн бір шенде

 Бұны аңғарар би пенде

 Аса қамқор мейрімді

 Қаһарлы да кешімд

Халық болар тап солай

 Орайына боп қарай

 Асады екен дөңдерд

 Баса берер Нəндерді

 Тарихтағы дастандар

 Тағдыры ғой асқандар

 Халық жеңер жеңілген

 Қала бермей езілген

 Зекетсіз мал жиғандар

 Болмағаны имандар

Немруд пенен Пырғауын

 Шіріген бай боқ Қарын/

Кир де кетті Цар да

 Сталин де мазарға

 Горбачев те айлакер

 Төксе дағы сонша тер

 Сақтай алмай Одақты

 Жан жолдасы таратты

Диірмен қалды айналмай

 Күшті көттен пайда алмай

 Қазақ болып көттен тай

 Талапайдан дым да алмай

 Бүлінгеннен бүлдіргі ап

 Билері жүр əн шырқап

 Тажал тонын төңкеріп

 Ел талауды жөн көріп

 Ел алданса қаншама

 Көне бермес зорға да

 Серіппесі шоршиді

 Жаңаөзенше толқйды

 Нұхы шығар қайтадан

 Қазығұртқа бастаған

 Наурыз келер оралып

 Жағдай сонда оңалып

 Атсалысу тек серті

 Емделуге ел дерті

 Мен салар да сен салар

Кім дорбаға жем салар?

 Ала болса алтаулар

 Бола берер аңқаулар

 Түгел болса ал төртеу

 Мүмкін болар іс жөндеу

 Алынбас деген тас қала

 Алынар боп масқара

 Менменсіген немелер

 Кірер інді ізденер

 Қысас қалмас ертеңге

 Маржандай бұл білгенге

 Тарих деген əлқисса

 Ақылдарға бұл нұсқа

 

بازخوانی انتقادی ایده مرگ خدای نیچه

سخنرانی محمدمهدی اردبیلی در نشست «بازخوانی انتقادی ایده مرگ خدای نیچه»

سخنرانی محمدمهدی اردبیلی در نشست «بازخوانی انتقادی ایده مرگ خدای نیچه»

نشست «بازخوانی انتقادی ایده مرگ خدای نیچه» سه شنبه ۹ مهر با سخنرانی محمدمهدی اردبیلی در پژوهشگاه علوم انسانی و مطالعات فرهنگی برگزار شد. محمدمهدی اردبیلی در این نشست گفت: اولین بحثی که درباره خدا در فلسفه مطرح می شود، وجود یا عدم وجود خداست. این نازل ترین سطح بحث درباره خداست و با این بحث ها هیچ ملحدی مومن نمی شود. مفهوم خدا مثل هر مفهومی یک روند و تراکم تاریخی دارد. از نیمه دوم قرن نوزدهم با الحاد پست مدرن مواجه هستیم. نقطه اوج این رویکرد که برای فهم نیچه خیلی مهم است فویر باخ است که در کتاب «ذات مسیحیت» نوعی روانشناسی الهیات اراده می دهد. فویر باخ در این کتاب می گوید شخصیت خدا چیزی جز همان شخصیت انسان نیست که به آسمان رانده شده است. انسان بدون خدا هیچ است و خدا نیز بدون انسان هیچ است. همین بحث را نیچه نیز با بیان دیگری می گوید. نیچه در این سطح خداناباور است.

عضو هیئت علمی پژوهشگاه علوم انسانی و مطالعات فرهنگی افزود: پس مسأله خدا در این نگاه، آنتولوژیکال نیست، بلکه بحث مرگ خدا مطرح است. نیچه در ابتدای کتاب «چنین گفت زرتشت» نیز خوشحالی خود از مرگ خدا را نشان می دهد. در اومانیسم قدرت خدا به انسان تفویض شده است و نگاه به خدا چیزی شبیه به پادشاهی تشریفاتی است.

این پژوهشگر فلسفه در ادامه گفت: مرگ خدا به یک معنا یعنی اومانیسم. یک احساس آزادی مطلق و مجاز بودن هر چیزی به انسان می دهد که همزمان یک احساس ترسی نیز در آن وجود دارد. هگل می گوید تجربه چنین جهانی ترس آور است. ۸۰ سال قبل از نیچه، هگل مرگ خدا را بیان می کند با این تفاوت که از آن خوشحال نیست. با توجه به اعتقادات مسیحی هگل، مرگ خدا همان به صلیب کشیده شدن مسیح است. هگل مرثیه سرای مرگ خداست و نه مانند نیچه شادمان از مرگ خدا.

وی سپس عنوان کرد: سوال اینجاست که آیا نیچه از مرگ خدا سرخوش است؟ خیر، نیچه شکلی از مواجهه با دهشت جهان بی خدا را دارد. پیامدهای مرگ خدا مهم است. در بعد معرفتی از بین رفتن معیار و مبنا یکی از این پیامدهاست. انسان ناتوان از خدایی کردن است. آیا وجود، بدون خدا معنایی دارد؟ نیچه می گوید چند قرن نیاز است که حتی این پرسش شنیده شود. پیامد دیگر در بعد تمدنی این است که با شکلی از ابتذال محض، بی معنایی و ناامیدی مواجه می شویم.

محمدمهدی اردبیلی افزود: جایگزین شدن شیطان با خدا برای نیچه به مراتب ترسناک تر است. نیچه در جایی می گوید من در برابر ابلیس طرفدار خدا هستم، چون ابلیس جان سنگینی است. نیچه برای انسان بی خدا تعبیر «رمه بی هیچ شبان» را به کار می برد. نیچه معتقد است «واپسین انسان» نه تنها به خدا بلکه به هیچ چیزی اعتقاد ندارد و می گوید نیهیلیسم سرنوشت محتوم همه ماست. نیچه بارها دهشت و ترس خود از مرگ خدا را نشان می دهد. سرخوشی و سوگواری توأمان در بیان نیچه دیده می شود. گویی نیچه از مرگ یک خدا سوگوار است و از مرگ خدایی دیگر قهقهه می زند. مسأله این است که نیچه همزمان سرخوش و سوگوار است.

وی همچنین اظهار داشت: خود مسیحیت و آن کسی که ادعای خدایی کرده باعث مرگ خدا شده است. می توان گفت کل فلسفه پست مدرن و علم معاصر واکنشی است به از بین رفتن خدا به عنوان معیار. مخاطب «شوریده سر» در کلام نیچه در کلیسا نیست، بلکه کسانی هستند که هم خدا و هم خود نیچه را مسخره می کنند که همان واپسین انسان ها هستند. نیچه جهان امروز که جهان بازار است را پیش گویی کرده است. تعبیر شوریده سر نیچه را همه دیوانه ترجمه کرده اند. در حالی که در این مفهوم یک بی پروایی و حکمت عصیان گرانه وجود دارد که در دیوانه وجود ندارد.

یک نظر برای “سخنرانی محمدمهدی اردبیلی در نشست «بازخوانی انتقادی ایده مرگ خدای نیچه»”

  1.  حاجی محمد شادکام گفت:

    آبان ۷, ۱۳۹۸ در ۹:۴۶ ب.ظ

    مستغنی است چون از مکان و از زمان
    نمی میرد خداوند این را باری خود بدان
    ذاتش بوده بی تغییر لذا بود بلا موت
    بلکه همه فانی اند چو زاده اند در جهان
    با زادن و بمردن باشد ممکن تغییرات
    لیک خالق امکانات غنی ماند از دوشان

     

متافیزیک انقلاب و قدرت

برخی باشند چون بشر
میلی دارند بس به شر
بعضی بینند دردسر
چاره جویند پس دگر
ور بدانند قدر خود
تدبیر کنند امر خود
هم نگویند بد ز دهر
خوش بینانند هم بقدر
جبار بینند چو رب را
هم زو جویند مدد ها
چنین گردند آدمی
تا نو سازند عالمی
دنیا بهر ایشانست
چو یارشان یزدانست
آن رحمان و الرحیم
بر مؤمن و هم رجیم
هر که پوشد ای راستی
هر دم رود به کاستی
هیمه شود دوزخ را
تندتر کند آتش را
آنکه داند خلیفه است
و بردوشش وظیفه است
آن را نکو بردارد
عمر بعمران پردازد
با این چنین زندگی
چون بنمود بندگی
ربش دهد در بهشت
جنت دهد کو بکشت
قهر و مهرت باد روا
امانت داد چون خدا
به اسم رب کن عمل
ایمن بمان از دغل
هر تغییری در نفست
مایه شود در کسبت
ایمان نارد امانی
در جهل فقط بمانی
بر مصایب کن شکیب
تا حق کند خوش نصیب
بهشت دارد چون بها
بهانه نیست پس روا
فیزیک باشد شهادت
غییبش باشد بغایت
بی تصدیق این نهان
بی معنی است هم جهان

Шыңғысхан жəне əл-фараби

 

Нұрбике Бексұлтанқызы

Интернет конференция  3064  63 пікір 25 Қазан, 2019 сағат 20:02

«Шыңғысханды дәріптейтін болсақ, әл-Фарабиді жоққа шығару керек!»

Нұрбике Бексұлтанқызы

 

Құрметті оқырман! «Abai.kz» ақпараттық порталы тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан интернет-конференцияның осы жолғы қонағы - белгілі журналист, «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Парасат майданы» жобасының авторы әрі жүргізушісі Дархан Әбдік мырза болды.

«Abai.kz» оқырмандары тарапынан Дархан Әбдік мырзаға ұзын-ырғасы 40-қа жуық сұрақ келіп түсті. Спикеріміз 1 сағатқа жуық отырып, сіздердің сұрақтарға жауап берді.

Сұрақтардың қайталануы мен оқырмандар арасында ойжарыс, пікір-таластың орын алуына байланысты, спикердің сұхбат барысында айтқан өткір ойларын ықшамдап жариялауды жөн санадық.


- Дархан аға, сіз жуырда әл-Фараби туралы деректі фильм түсірдіңіз. Бұл фильмнің мақсаты не?

- Фильмнің мақсаты деген қиын нәрсе ғой. Мен бұған дейін Шоқан туралы фильм жасағам. Жалпы, фильм түсіргенде қалыптасқан пікір бар. Сен сол дүниеге өзіңнің қандай да бір ойыңды қосқың келеді.

Біздің мақсат - әл-Фарабиді түсіну, құндылықтарын қанымызға сіңіру

Біз әл-Фарабиді көбіне мақтаймыз. Біз қазақ болды, өзбектер өзбек болды, басқалар басқа болды дейді. Бірақ, шын мәнінде әл-Фарабидің дүниетанымына еніп, соны түсініп жатырмыз ба? Мәселе сонда! Өйткені, әл-Фараби - қазаққа ғана немесе өзбекке ғана тиесілі емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ тұлға.

Әл-Фараби бүкіл әлемде “Екінші ұстаз” атаған және сол әл-Фарабидің бүкіл қадір-қасиетін сақтап, өзіміз ұмытып қалған дүниені бізге қайтарған - Европа. Өйткені, Европада қайта өрлеу дәуірі деген болды.

Сол кездің өте данышпан ғалымдарының барлығы әл-Фарабиді өзінің ұстазы деп есептеген. Олар оның атын өшірмей, сақтап қалған. Соның арқасында әл-Фараби бізге қайтып келді. Ал, оның философиясында біздің қазіргі заманымызға, қазіргі түсінігімізге өте қажет нәрселер бар. Мәселен, әл-Фараби X ғасырда өмір сүрген кезде өте фундаменталды ұғымдарды қалыптастырған. Оның “Ізгі қаланың тұрғындары” деген еңбегі бар. Ізгі қала деген ол кезде қоғам деген сөз ғой. Ол ізгілікіті қоғамның моделін қалыптастырды. Ол қандай болу керек екенін айтты.

Парламенттік Республика ұғымы сол кезде қолданыста болған

Ол кезде діни наным-сенімге байланысты “бәрі бір Алланың қолында”, тіпті, “әміршіні Алланың өзі ғана таңдайды, демек, биліктің басында отырған адамға қарсы сөз айтуға болмайды. Өйткені ол Құдайдың қалаулысы” деген ұғым қалыптасқан кезде, әл-Фарабилер оны жоққа шығарған. Олар “билеушінің бойында қандай да бір белгілі қасиеттер болу керек. Егер, билеуші ол қасиеттердің бәрін бойына сіңірмесе, онда оның қасында сол қасиеттерді толықтыратын адамдарды алып, солар арқылы бірге билеуі керек” деген мәселелерді алға тартқан. Мысалы, бүгінгі Парламенттік Республиканың негіздерін айтқан..

Адам жұмақта емес, осы өмірде бақытты болуы керек

Адам жұмаққа барған кезде бақытты болмауы керек, адам осы өмірде бақытты болу керек. Ол үшін ізгілікті қоғам қалыптастыру керек. Ал, ізгілікті қоғам қалыптастыру үшін талпыну керек, үнемі іздену керек деген нәрселерді айтқан. Мен оны - философиялық, дүниетанымдық тұрғыдан өте маңызды деп ойлаймын. Сондықтан, әл-Фарабидің беделі бізге тәуелсіз. Ол онсыз да әлемде мойындалған адам.

Бірақ, біздің мақсатымыз - әл-Фарабиді түсініп, білу. Сосын, әл-Фарабидің құндылықтарын өзіміздің қанымызға сіңіру.

- Бұл Сіздің жеке шығармашылық жұмысыңыз ба, әлде мемлекеттік тапсырыс па? Өйткені, ондай да ой-пікірлер айтылды...

- Кезінде "Қазақстан" телеарнасының басшысы Ерлан Карин болды. Сол Ерлан маған деректі фильм түсіресің бе деп ұсыныс айтқан соң, мен бірнеше тақырып ұсындым. Соның ішінен әл-Фарабиді түсірейік деп, Ерлан өзі маған ұсыныс жасады. Сондықтан бұл "Қазақстан" телеарнасының басшысы болған Ерлан Кариннің ұсынысы. Идея соныкі деп айтуға болады.

Ол жақта әл-Фарабидің көктасы тұр, Бейбарыстың зираты жатыр

- Деректі фильмнің бір бөлігі әл-Фарабиге топырақ бұйырған Шам шаһарында өтіпті. Сүрия қазір соғыс алаңы. Түсірілім тобының ол жаққа барып келуі біраз машақат тудырған шығар...

- Расында, барып келу өте қиын болды. Өйткені Сирияға бару қиын. Өзіңіз айтқандай, ол жақта соғыс жүріп жатыр. Оның үстіне, ол жақта Қазақстанның дипмиссиясы да жоқ. Бірақ, бізге Ливандағы Қазақстанның елішісі мен сол жақтағы Консулы өте көп көмектесті. Біз алдымен Бейрутқа бардық. Ары қарай, келісім алған соң Сирияға, Дамаскіге бардық.

Ол жерде әл-Фарабидың зиратының басында үлкен кесене бар. Оның барлығын Қазақстан салған. Кешен шын мәнінде өте жақсы жасалған. Онда әл-Фарабидің көктасы тұр. Сол жерде Бейбарыстың зираты тұр. Қазір соғысқа байланысты біраз шешілмей жатқан мәселелері бар. Бірақ, ол жерде шын мәнінде Қазақстан үкіметінің сіңірген еңбегі өте көп.

Сириядағылар да әл-Фарабиді ұлттық мақтаныш санайды

Менде ол жерге барғанда мәлімет алу деген мақсат болған жоқ. Жалпы, телевидение үшін, фильм үшін сен әңгіме айтып тұрған жеріңе барып, сол жерді көрсету маңызды. Бұл былайша айтқанда видео-дерек. Сондықтан, ол менің барғым келгені үшін емес, фильмнің, жанрдың өзіндік қағидаларына сай болу үшін. Сондықтан керемет бір тың мәлімет алдым деп айта алмаймын. Бірақ, өзім таңқалған бір нәрсе - біз әл-Фарабиді керемет зор тұлға тұтсақ, Сириядағылар да оны дәл солай өзінің ұлттық мақтанышы деп есептейді. Мәселен, Дамаскідегі ең ұзын көше әл-Фараби көшесі.

Қазақстан телевидениесі өзінің басты міндетін атқармай отыр

- Дархан аға, сіз бірнеше деректі фильм түсірдіңіз. Жалпы, бұл жанрда неге көбірек мән бересіз?

- Көп мән беремін деп айта алмаймын. Бұл жанр менің өзіме қызық. Осы жанрда жұмыс істегенді жақсы көремін. Екіншіден, менің пікірмше, біздің Қазақстанның телевидениесі өзінің ең басты бір міндеттерін атқармай отыр. Ол - ағартушылық. ТВ-ның ағартушылық міндеті болу керек. ТВ халықтың, көрерменнің сауатын арттыру керек. Оның парасат деңгейін көтеру керек. Біздің ТВ өкінішке қарай, тек дақпырт, мақтаныш, ермек, күлкіге айналып кеткен.

Ал, әл-Фараби туралы фильмді түсіргенде мақтау үшін, оның атағын түгендеу үшін түсірген жоқпын. Бізде бірыңғай мақтайтын фильмдер онсызда көп. әл-Фарабиға менің мақтағаным бес тиынға керегі жоқ. Мен әл-Фарабиға бес тиынға керегім жоқ. әл-Фараби бізге керек. Сондықтан біз оны түсінуіміз керек. Мәселе сонда. Ең бастысы - әл-Фарабидың ғылыми мұрасын, оның руханиятын, оның ізгілік қағидаларын қанымызға сіңіруіміз керек. Егер әл-Фараби қазақ болсын десек, оның мұрасын ұлтымыздың руханиятына айналдыру қажет.

- Әл-Фараби әлемдік тұлға. Оның ғылым мен руханиятқа қосқан үлесі ұшан теңіз дейміз. Сіз енді деректі фильм түсіру барысында Фарабиді біраз зерттедіңіз ғой. Оның әлемдік ғылымға қосқан үлесі туралы айтып беріңізші..

- Өте көп. Біріншіден, ол кезде өздеріңіз білесіздер, алдымен Христиан діні, одан кейін Ислам діні келгеннен кейін, оған дейінгі көп құдайлық тұсындағы грек ғұламаларының көбі кәпір боп есептелген. Сол ғұламалардың еңбектерін классификациялап сақтап қалған әл-Фараби.

Екіншіден, әл-Фарабидың музыка туралы үлкен кітабы бар. “Музыканың үлкен кітабы” деп аталады. Бұл қазіргі бүкіл музыка тану ғылымының негізі, тұғыры. Содан ештеңе өзгерген жоқ. Айныған жоқ. Әлі күнге бүкіл музыкатану ғылымы әл-Фарабидың еңбегінің негізінде жасалып отыр.

Үшіншіден, ізгі қоғам туралы толғаныстары, трактаты. Ізгі қоғам деген бұл - адамзаттың өмірлік мұраты, өмірлік мақсаты. Бүкіл адамзат ұлтына қарамай ізгі қоғамда өмір сүруді армандайды. Соның қағидаларын алғашқылардың бірі болып ғылыми түрде жазып кеткен - әл-Фараби. Сондықтан, әл-Фараби әлемдік тұлға. Ол бір ұлттың аясына симайды.

Шыңғысхан туралы жағымды образды - комплексі бар жазушылар ойлап тапқан

- Бізде кейбір зиялы қауымның  арасында Шыңғысханның ұлты туралы дау әлі күнге өзекті. Қызу талқы болып жатады. Алайда, оның Орталық Азия өркениетіне жасаған қиянаты туралы неге айтылмайды?

- Айтылмайды.Айтылмайтын себебі - біздің жазушыларымыздың көбі жастайынан төбелесіп өспеген. Ал, төбелесіп өспеген адам әрқашан қара күшке табынатын қорқақ болады. Қорқақ адамның барлығы билік басындағы біреудің қара күшін пір тұтады. Біреуге зорлық-зомбылық жасаған адамды керемет көреді. Мысалы, маған Шыңғысханның ұлтының кім екені бәрібір. Өйткені, Шыңғысханның зұлымдарықтарының барлығы тарихта қалды. Мысалы, оның Отырарды алған кезде бүкіл халқын қалай қырғаны, кітапханаларды өртегені, Қайырханның көмейіне қорғасын құйғаны туралы деректер бар.

Шыңғысхан - домбыраның көмейіне қорғасын құйған адам. Естеріңізде бар ғой, "Ақсақ құлан" деген күйдің аңызы. Домбыраның көмейіне қорғасын құйды деген не сөз? Ол - халықтың үнін өшірді деген сөз. Шын мәнінде, Қадыр Мырзалиевтің керемет сөзі бар. "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра" деген. Домбыра бұл - қазақтың жаны, бүкіл сыры, ойы, шері бәрі домбырада. Міне соның үнін өшіріп, көмейіне қорғасын құйған адам – Шыңғысхан.

Қазақтың аңызында, фальклорында Шыңғысхан туралы бір де бір жағымды сөз жоқ. Оны ойлап тауып жүрген кейінгі сауаты шамалы, комплекстары бар жазушылар.

Шыңғысханды дәріптейтін болсақ - әл-Фарабиді жоққа шығару керек!

Егер сіздер Шыңғысханды дәріптесеңіздер, онда әл-Фарабиды жоққа шығару керек. Өйткені әл-Фараби шыққан Отырарды құртқан - Шыңғысхан!

Егер сіздер Шыңғысханды дәріптесеңіздер, онда, Гитлер де керемет. Онда Напалеон да, Сталин де керемет. Егер Сіздер адамның ұлылығын оның парасатымен, ізгілігімен емес, тек, жаулап алу құдыретімен өлшесеңіздер онда Шыңғысханға табынасыздар. Бірақ, Шыңғысханға табынған қоғам - ешқашан ізгілікті қоғам болмайды.

Қажы мұқамбет қаракедей 2019-10-26 20:33:30

Тарханұлы фарабдан

Білім іздей əр жақтан

Тапты бір ой алыстан

Елі тіпті ұмытқан

Іздей берер хикметті

Пайымдаған үмбетті

Дінді сайған қарсылас

Білімге болар ескетті

Дүмше молда дін бұзса

Шала білген тап сол да

Шіріген шығар іріген

Дөп айтады тілде ұста

Құдайды жоқ дегендер

Болар боқты жегендер

 Тезегі басқа айуанды

Бекер адам демеңдер

Білім шыңы- "білмеймін"

Көместі іздей жөнеймін

Соныменен аспаға

Үдере беп өрлеймін

Бұл Дарқан да Шыңғыстай

Моладағы байғыстай

Айғай салар қоймастан

Дауысы оның қарғыстай.

Қызыл қырғын

Қазақтағы үш қиян/Тұрысымен кіл зиян/Тіл, діл жəне дін бұлар/Оларды жоқ бір ұғар/Əнессаба ұмыт қап/ Орысты жүрді пана ұстап/Ері кетті құрбан боп/Қалғандары ұлтан боп/Жетім, жесір қор бола/Кіруге таппай жүр мола/Əйелі бола егісі/Ел болмаған егіні/Тіл мен ділі жойыла/ Діннен кеткен бұрыла/Ұғалмассың Құранды/Құрайтындар санаңды/Ана тілді ұмыттың/Бұратана ақ болыпсың/Түскен Құран арабша/ Жөнді Аудармадың қазақша/Əнес баба , Қожаəхмет/Болар еді қос рəхмет/Өгейсініп оларды/Қорғансыдың отаннды/ Сақ та болса ал тегің/ Мұсылманды ал теңің/Өзбектен де баз кеше/Жолың болған тар көше/Жаңғырам деп рухани/ Ұрандама су салй/ Ілесе алсаң үмбетке/ Ем табарсың əр дертке. 

نیروی سوم

شیطان را هست اذن حق
هر آنچه کرد داشته حق
لکن تو راست ناممکن
بی عون خیل ملحق

از یسار و از یمین
ز پیش و از واپسین
هر گربزی رو نما
محروم نئی همچنین 

هرکو ز ما دل برید
تو را به یاری گزید
قلم دادم دستتان
بر لوحتان پس کشید 

گمراهان و مؤمنين
تانند شوند همنشين
از برکت گفت و گوی
با هم شوند بهگزین