жаңалықтар

Руханият

Намазды қазақша оқысақ қалай болмақ?

19 Сәуір 2013, 08:54 745 18

Қайбір жылдары дін туралы заң қызу талқыға түсіп жатқанда Сенат депутаты Құсайын Валиев Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріптен «Елімізде араб тілін білетіндер аз. Неге  намазды қазақшаға аударып, өз тілімізде оқымасқа?» деп сұрағаны бар-тын.

Сенатор бұл сөзін «намаз қазақша оқылса, баршаға түсінікті болар еді» деген оймен айтқан болуы керек. Бірақ ол бес парыздың бірі намазды қазақша оқу «идеясын» қазақшалауды агенттік төрағасы  бекітпейтінін білмеген сыңайлы. Жақында «Фейсбук» әлеуметтік желісінде белгілі философ Әбдірәшит Бәкірұлы Сенатор пікірімен үндесетін ойын білдіріп, «намазды қазақша оқысақ» деп қоздағы шоқты қайта маздатқан жайы бар. «Қазақтың дін туралы түсінігінің шым-шытырық болуының ең басты себебінің бірі – оның Аллаға қалай жалбарынып жатқанын өзі ұқпауы секілді. Өзге тілді түсінбесе де, сол тілде Жаратушыға жалбарынып, мешіттен шыққан соң онысы шарт ұмытылып, «әйтеуір бір міндетті өтедік қой» деп әркім қайтадан өз білгенімен жүре бермек. Қазақ оқылған намаздың сөзіне, Жаратушыдан тілеген тілегінің мазмұнына психологиялық тұрғыдан бойламайды, көкірегіне бекітпейді. ...Дін басқармасы намаз оқуды саналы түрде қазақтың өз тіліне көшіруді қолға алуы қажет. Намаз оқығанда оның байыбына барып оқысын деген ниетпен. Бірақ Діни басқарма дін араб тілінде түскен деп бұл ұсынысты қабылдамай келеді. Алладан рұқсат болса неге аудармасқа? Құранда бұл туралы аят немесе сүре таба алмадым. Егер намазды қазақша оқу қалыптасса қазіргі «тәңіршілдікке», не сөзі түсінікті басқа тілге кету толастар еді. Бүгінде көп қазақтар кришнаға кетіп жатыр. Өздеріне түсініксіз болғандықтан оларға кришна мен исламның айырмасы жоқ көрінген. Бұл ойым қазақтың дінге қатысын неғұрлым тереңдете түссек деген ойдан туып отыр» деп түйіндейді ол. Жалпы, бұл әуелден қолдау таппаған бастама. Егер мешіттерде намаз қазақша оқылып жатса оның сауабы, тиімділігі қалай болмақ? Бұл туралы шариғат не дейді?  Белгілі дінтанушылардың осыған қатысты жауабы бір арнада өрбіді.

Аты: E-mail:

Бейбіт САПАРАЛЫ, дінтанушы:


– Намаз, аят, рәкәғаттар тек араб тілінде оқылады. Ол басқа тілдерде оқылмайды, аударылмайды. Құран-Кәрім қай тілде түсті, сол тілмен ғана оқылады. Бұл мәселе Ататүріктің кезінде «азанды түрікше шақырып, түрікше намаз оқиық» деп  көтерілген. Тоқсаныншы жылдардың басында марқұм Қалтай Мұхамеджанов Рәтбек Қажыға бірнеше рет айтып, мәселе ретінде қозғалған еді. Бірақ Рәтбек Қажы, Халифа Алтай Мемлекет басшысының қабылдауында болып, Құран аяттарын келтіріп «ешқашан ешуақытта намаз аударылған тілмен оқылмайды» дегенді дәлелдеп айтқан болатын. Мүфти бола ма, отыз жыл діни білім алған тақуа адам болсын, ешқайсысы шариғат заңын өзгерте алмайды. Амал тек араб тілінде ғана оқылады. Соңынан тек дұғаларды, сондай-ақ уағыз, насихатты қазақша қайырса болады. Біздің елде  түрлі көзқарастар көп. Ал тәңіршілдікке оралайық деу ол адасқанның белгісі.


Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ,  «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы:


– Ең алғашында кез-келген адам үшін ана тілінде құлшылығын орындау – әрі жеңіл, әрі орынды көрінері рас. Алайда, мәселені егжей-тегжейлі қарастырар болсақ, кең көлемді түсінікке қол жеткізеріміз анық. Ең алдымен тілек-дұға мен намаздың ара жігін ажыратып алған жөн. Намаздан тыс жасалатын тілектер мен дұғаларда мұсылман кісіге ішкі тілегі мен мұң-мұқтажын қай тілде айтып жеткізем десе де, бұған тыйым салынбаған. Өйткені, бұл Жаратушы мен құл арасындағы жеке мәселеге қатысты. Ал намаз болса, ол жалпыға, жамағатқа тән құлшылық болғандықтан, намазға қосылатын басқа да мұсылмандардың қажет тілектерімен санасу керек. Негізінен намаз жамағатпен оқылуға тиіс. Бірақ жалғыз оқуға да рұқсат етілген. Егер Ислам діні қандай да бір белгілі аймақтың яки белгілі бір ұлттың діні болса, онда ешқандай күмәнсіз сол аймақтағы сол ұлттың ғана тілі қолданылар еді. Алайда, төрткүл дүниеге тараған, бір-бірін түсінбейтін қаншама ұлт өкілдеріне ортақ діннің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері болатыны сөзсіз. Мәселенің тағы бір жағы, Құранның қандай да бір аудармасының ешқашанда түпнұсқаны толық қамти алмайтындығында.  Құран аяттарының әрбір сөзінің бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі. Тіпті кейде аятта қолданылған әрбір әріптің де өзіндік бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы әріптердің өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яки біреуі ғана ескеріледі. Құранда белгілі бір мағынаны білдіретін бірнеше синоним сөздердің ішінен сөздің дыбысталу жағынан да, мағынаны қамту жағынан да ең қолайлысы таңдалған. Сондықтан, кейбір сөздің «сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндалайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем мүмкін емес.  

facebook

Пікірді қалдыру

  • Ихро
    19 Сәуір 2013, 09:10
    Бақ.кз! Ойға келгенді жаза беруге болмайт! Бұл парталды көптеген білімі аз адамдарда оқиды! Оларды бұлай адастыру қажет емес. Құран қай тілде түссе сол тілде ғана оқылат. Егер қазақша оқылса бұл біріншіден Алланың үкімін өзгенрткен болып саналат. Екіншіден бұлай пайғамбарымыз жасамаған яғни Бидгат дінге жаңалық енгізу болып саналат. Кім дінге жаналық еңгізсе бұл адасу, ал әрбір адасу тозақта деген хадис тағы бар! Сендерге айтарым мақала жазарда көп ойланындар!!!!!!!!!!!!
    Жауап жазу
  • Қазақ
    19 Сәуір 2013, 09:23
    Өте орынды бастама!
    Жауап жазу
  • Алишер
    20 Сәуір 2013, 11:28
    Оте орынсыз бастама. Ислам таррихын билмейтиннин сандырагы.
    Жауап жазу
  • Мейірлан
    19 Сәуір 2013, 16:26
    Әбдірәшит Бәкірұлының пікірі бір жағынан дұрыс. Бірақ шариғатта аударуға болмайды десе, болмайды, оған шара жоқ.
    Жауап жазу
  • Әл-Ғазырети
    19 Сәуір 2013, 17:13
    Араб тіліне табынып Аллаға ширк қоспаңдар! Құранның сөзі ол дыбыс. Ал дыбысқа табынуға болмайды. Тілге де табынуға болмайды. Тіл дегеніміз белгілі мағынаны айтушы. Қазақ қазақ тілін түсінеді екен, ендеше қазақша құран оқыған, намаз оқыған дұрыс. Түсінбейтін арабшны зудыратып, бейне Алла қазақ тілін түсінбей қалатындай! Дін деген сөзді судыртау, басты жерге төпештей беру емес, ол түсіну болуы керек. Түсінбейтін дүмшеліктен арылу жолы, исламның мағғынасын тану жолы оны қазақша оқу. Қазақша намазға жығылу.
    Жауап жазу
  • Ислам
    19 Сәуір 2013, 17:18
    Қазақ елі дін басқармасы басшыларына: Ислам діні,масхабымыз,ақидалар,фикх туралы ақпаратты еш жерден толық нақты нұсқасын таба алмайсын.Бар болсада қате және мардымсыз. Өзбекістан баспаларында мәліметтер халыққа түсінікті,тартымды және көбірек берілген.Бірлестік осы жағынан қыруар жұмыс істеуі тиіс,әйтпесе халық әртарапқа ыдырып, алдағандардың арбауында уланып жатыр.
    Жауап жазу
  • Азамат
    19 Сәуір 2013, 22:55
    Ислам бауырымызга:
    Елимизде Ислам дини жайында, Ханафи мазхабы мен фикх, акида жайында жазылган 1неше китаптар бар.
    "Кокжиек" баспасынын фикх пен акида жайында жазылган "Ханафи мазхабы" (Алау Адилбаев), "Мазхабтар тарихы" (Смайыл Сей беков), "Иман негиздери" (Смайыл Сейтбеков) китаптарын окысаныз болады. Китаптар оте тусиникти жазылган.
    Жауап жазу
  • 121212
    19 Сәуір 2013, 22:59
    Әл-ғазырет бауырым адаспашы. араб тілінде түсті бірақ арабтарда толық мағынасын білмейді. сен өз анатілін білмейтін қоғамға ұрандамашы. шынайы Құран арабша оқылуы керек. дінсіздердің намаз парызын өтегесі келмеген есек қиялынан туған құр себеп. араб тілі ең оңай әрі жеңіл, таза тіл. шұбары жоқ ішінде. Құранды Алла қияметке дейін қорғайды. дінді білмеген дымды білмейді.
    Жауап жазу
  • Азамат
    19 Сәуір 2013, 23:59
    Өз тіліңде оқыған дұрыс шығар. Арабша мағынасын түсінбей оқығаннан гөрі
    Жауап жазу
  • ммммм
    20 Сәуір 2013, 09:19
    Егерде қоғамда намазды қазақша оқитындар шықса бұл тағы бір сектаның жол ашқаны. Ислам 73 ке болынет соның бірі ғана жұмаққа кірет. Хадис
    Жауап жазу
  • Алишер
    20 Сәуір 2013, 11:23
    косыламын бауырым!
    Жауап жазу
  • ОРАШ
    20 Сәуір 2013, 09:24
    НЕГЕ НАМАЗДЫ КАЗАКША ОКЫМАСКА
    Жауап жазу
  • қажы мұқамбет қаракедей
    20 Сәуір 2013, 10:50
    Бас имам Қайрат жолдыбайға қосыбып айтарым намазда құран аяаттары оқылады. Бұлар Алла тағаланың өзіндік сөздері.Оларды қанша шеберлікпен аударса да өзіндей шықпасы бесенеден белгілі. Қалаберді қай аударма болмасын баршаға ұнамай қалады да жік-жік болған мұсылмандар берекесі қаша бастайды. Сонымен бейбітшілік діні Исләм дау - жанжалдың ұйытқысы бола кетеді. Мұсылман елдердің нобайында араб тілінің сабағы орта мектептен беріле бастайды. Қазақстан болса балабақшадан ағылшын , орыс пен қытай тілі үйретілсін деген сыпсыңы бар емес пе ? Ата дінін тастап мәңгүрт болып жүргендер арабша түсінбегендіктен емес , әулие аттап , оңбағандар болса керек.
    Жауап жазу
  • Алишер
    20 Сәуір 2013, 11:19
    Ореке! Пайгамбарымыз куранды арап тилинде окыганды дурыс корген. ОЗИНИЗ ОЙЛАП КОРИНИЗШИ БИР ПАРЫЗДЫ ОТЕУ УШИН КАСИЕТТИ МЕЕКЕГЕ БАРЫ, АР ЕЛДЕН КЕЛГЕН МУСЫЛМАНДАР ОЗ ТИЛИНДЕ ОКЫП ЖАТСА КЛАЙ БОЛАДЫ. оНЫН УСТИНЕ АДАМЗАТТЫН БИРИГУИНЕ ЫКПАЛ ЕТЕТИНДИГИН ДЕ ЕСТЕ УСТАУ КЕРЕК. БИЗ КАЗАХПЫЗ ДЕП ЕРЕКШЕЛЕНГЕНМЕН АЛЛАНЫН АЛДЫНДА БАСКА УЛТТАРМЕН БИРДЕЙМИЗ. КЕМ НЕМЕСЕ АРТЫК ЕМЕСПИЗ. сондыктан бастан кулак шыгармай ата - бабалар салган сара жолмен жургенимиз дурыс! Казир билгиштер кобейип кетти.
    Жауап жазу
  • Алишер
    20 Сәуір 2013, 11:22
    тагы айтарым куран алланын сози, оны аударганда магынасы жане кейбир дыбыс ыргактары бузылып тубине жете алмай каламыз! Дурысы арап тилинде окып, арапша уйренгенимиз абзал.
    Жауап жазу
  • мммм
    20 Сәуір 2013, 14:14
    СубханАллаһ көрінгенді секта деп айыптайтын парламент өздері бір жол ашпақшыма?????????
    Жауап жазу
  • Көктем
    20 Сәуір 2013, 15:26
    Қазіргі біздегі дүмшелердің дүмше болу себебі, әсіресе осында жазып жүрген ойбай Алла сөзі бұрмаланады, дұрыс аударылмайды деп қорқып жүргендер құранның мағынасына емес, формасына мән беретіндер. Олар дінді түсінбейді. мағынасын білмейді. Тек формасына мәз! Қазақша оқыған дұрыс. Тіпті құрандағы сөзді сол күйінде қайталап айта бермей, Алланың сөізін Аллаға қаратып айта бермей, әр адам өз жүрегінен шыққан мадақ сөздерін айтуы керек. Біреудің сөзін қанша жаттап алып өзіне айтып берсең де, бәрібір ол сенің шын ниетіңді білдірмейді. Шын ниетің ол тек өз жүрегіңнен шыққан сөзді айту? ӘЛде сіздер Аллаға өз сөздеріңізбен сыйынуды күнә демекшсізсдер ме? Бұл не сұмдық? Аллаға жағымпаздану мен Аллаға жүрек сөзін айту екі басқа. Қазақша дұға қылу кейінгісі. Арабшаны түсінбей тұрып арабша судырату алдыңғысы, яғни жағымпаздық!
    Жауап жазу
  • ....
    20 Сәуір 2013, 22:07
    казакша окуга болатын куннин озинде окитын сиякты ози