Қиянат – өзін өзгелерге сенуге болатын, адал адам ретінде танытып, кейін сол артылған сенімді ақтамайтын тірлік істеу деген сөз. Бұл өте жаман мінездердің бірі. Қиянатшы – аманатқа қиянат жасайтын, жамандық жасайтын адам. Мұсылман болсын, кәпір болсын кез-келген адамға қиянат жасау үлкен күнә болады. Хадис шәрифте: «Сенімді болмаған адамда иман жоқ. Уәдесінде тұрмаған адамда дін жоқ» делінеді.

Бұл хадис шәрифті әһли сүннет ғұламалары «аманатқа қиянат жасаған адамның иманы кәміл болмайды, бұл нәрсеге мән бермесе иманы кетеді» деп түсіндірген. Қиянат жасау адамдардың ренжуіне алып келеді, бұл өз кезегінде харам және мүнафиқтықтың (екіжүзділіктің) белгісі болып табылады. Аманат пен қиянат затта, мүлікте болатыны секілді сөзде де болады. Хадис шәрифте «Ақыл сұралған адам – сеніміді адам» делінген.
Ақыл сұралған адамның дұрыс нәрсені айтатынына және сұралған нәрсені өзгелерден жасыратынына аманат етіліп, сеніледі. Адам, мүлкін сенетін адамына аманат ететіні (тапсыратыны) секілді, дұрыс айтатынына сенетін адамынан да ақыл, жол сұрайды. Али имран сүресінің 159-аятында: «Істейтін ісіңді әуелі ақылдас (кеңес) деп бұйырылған.

Ақылдасу, яғни кеңесу адамды өкінуден, опық жеуден қорғайтын қамал секілді. Ақыл сұралатын кісі адамдардың жағдайын, заманның және мемлекеттің шарттарын білуі тиіс. Сонымен қатар ақылды, озық пікірлі, ілгеріні болжай алатын, тіпті денінің де сау болуы тиіс.
Хазреті Абдуллаһ бин Мәсуд былай деген: «Дінімзден ең әуелі айрылып қалатын, жоғалтатын нәрселерің – аманат болады. Ең соңынан айрылатын нәрселерің – намаз болады. Діні болмаса да намаз оқитындар пайда болады». Хазреті Суфйан Сәури насихат сұраған адамға былай дейді: «Ардақты бауырым! Көркем әдеп пен көркем мінезге жақсылап жабыс! Жамағатқа қарсы келіп, олардан ажырап қалма! Өйткені жақсылық жамағатта. Бірақ, жамағат дүниеге беріліп, дүиеліктерімен әуре болып жатса оларға мойынсұнба. Дін туралы сенен бір нәрсе сұраған әр мұсылманға көмегіңді тигіз! Оларға жол көрсет! Оларға насихат айт! Алла тағаланың ұнататын ісінде, сенімен ақылдасуға келген адамнан ешнәрсені жасырма! Мұсылманға қиянат жасаудан сақтан! Кімде кім бір мұсылманға қиянат етсе Алла тағаламен Расулына қиянат еткен болады. Мұсылман бауырыңды Алла разылығы үшін жақсы көретін болсаң, жаныңмен малыңды одан аяма» дейді.

Қорыта айтқанда мұсылман – аманатты, сенімді ақтайтын, қиянат етпейтін адам деген сөз. Өзіне аманат етіп тапсырылған ешбір нәрсеге қиянат етпейді. Пайғамбарымыздың айтқаны секілді: «Мүнафиқтың (екіжүздінің) үш белгісі бар: Өтірік айтады, сөзінде тұрмайды және аманатқа қиянат етеді.»

 

3 пікір

  1. жамағат

    караптурсам менде барлығы бар екен,,,,аллам озі кешшін.жаратушы алла жүрегіме хидайат бере көр!!!!!!!!

  2. Көк Бөрі

    Тақырыпқа байланысты емес. Менің Сіздерге ескерткенім жөн деп санаймын 6-айдан сон Қазақстанға инвистиция салатын елдер көбейе арта түспек ақша бөлінеді сіздердің болашақ наресте ұрпақтарына қажетті ақша балансы (алтын қоры) т б қазақтың қаражатын шетел азаматтары талап кетпек Болашақ біздің қолда Сен қандай жұмыс істеме немесе бай кедей бол ол маңызды емес ен бастысы адамсын ұмытпа!!! Дүниеге бір марте келеміз. Адам болып келгенсоң, адам болып кеткен артық. Егер Мен немесе Сен Туған өлкемізді қорғамасақ кім? қорғамақ! ақша үшін арын сатқан адам ешқашан адам бола алмас. КӨСЕМ ЛИДЕР БАТЫРболуға тырыс (еркек айел емес маныздысы істеген ісің) үйде немесе теледидар алдында сойлегенше, адамдар байлар алдында шындықты айт отірік сөйлейтіндер ҚОРҚАҚтар Сен Менімше қорқақ емессін!!!

  3. Қажы Мұқамбет Қаракедей

    Әрине Алда тағала имандыларға аманаттарды иелеріне тапсырыңдар деп бұйырған және билік айтарда әділ болыңыздар дейді. Бұл қандай жақсы уағыз екен десеңізші ! Таққа мінгендер осы парызды ескере ме екен ? Бұндай есі кеткендер ақы жанған мүсәпірлердің ашынған дауысын , сыбырласа да Құдай естір деп ойламас па ? Біреу атқа мінді деп жаяулар не қылса да бұға берулері шарт емес. Алданың парызы мен пайғамбар сүндеті ұмыт қалғанда керісуге де болады ғой. Не дегенмен шектен аспау тиіс. Сонымен істің соңын ойлап оны қайта жөнге салу керек болса әлгіндей шығысу парыз.