Оянғанда араптар

 

Оянғанда араптар ,

Ояныңдар қазақтар .

Кезі келді көз ашу ,

Төңіректі қараңдар .

Оқысаңыз зер салып ,

Тарихта бар сабақтар .

Малға ерген Әнестен ,

Қаза қапты намаздар .

Жаңылдыра құбыладан ,

Есін алды ау арақтар .

Қаған қысса шығыстан ,

Батыстан шапты царлар.

Моңғұл менен қалмақ та ,

Басқа салды ау азаптар .

Оқасы жоқ таюдың ,

Жөнін тапса қадамдар .

Суда болса тамырың ,

Күдер үзбең жарандар .

Тілі тиер Рәсулге ,

Арап деген жамандар .

Не дегенмен солардың ,

Тамашасын қараңдар .

Қытай , орыс АҚШ та ,

Сасқалаптап алаңдар .

Ал осындай ерлікті ,

Қазақ , үлгі санаңдар .