Көз және көңіл

Көз көре алмас құдайды ,

Көре алмастай талайды .

Бұған бірақ қаласа ақ ,

Көңіл шіркін жарайды .

 

Көрмес көрмес тауды да ,

Оның есі ауды да .

Салдарынан бұл сорлы ,

Есті білмес жауды да .

 

Жарқын болар ертеңі ,

Жардан келіп жәрдемі ;

Имандының тұтқасы ,

Бекем болып жүргені .

 

Сенбегенде жоқ дәрмен ,

Ертеңге деп кет әрмен .

Қараң болар бар күні ,

Жексен  бола ол жермен .