ҮЛГІ

Демең Һұсайн өлді деп ,

Қалды жолы үлгі боп.

Ұран салды айғайлап ,

Бізді демең езгі деп.

 

Жәрдем сұрап жар салды,

Қозғалмақ боп қамданды.

Куфа жүрты сөйткен соң ,

Бейғам жатпай аттанды .

 

Билік керек демеді ,

Теңдік керек деп еді .

Астамдыққа қарсы боп ,

Қимылды қолдай келеді .

 

Қайраты бірақ Оның да ,

Қалды ау жарты жолында .

Болады әркез бәрі де ,

Тек бір Алда қолында.

 

Еркіндікке болар ылайық ,

Тек бір сондай халайық ;

Соған бола айта алса :

Жанды аямай салайық !