Сәрсенбі, 4 қаңтар 2012, Алматы 09:35

ЕРКІН СӨЗ

Маңғыстауға мұңаза

Тағы да ақкөз адай сорлайды ма? Қапаста қарындасты зорлайды ма? Калашқа жабысқанша тұра келе, Алашқа жылы сөзің болмайды ма?Досыңа жібер

Толқу кезінде өртеніп жатқан ғимараттар. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.
  і

Ұшады Маңғыстаудан шағалалар
Қаралы сыр айтады саған олар.
Мұңаза зарын сауып  мұнаралар
Қаназа сорын төккен  бағаналар.


Шағала не тәйірі...
Аққу едім!
Каспийді тербеген ән - гәкку едім.
Су тағы суын мінген боздағыңның
Көтерген қолындағы ақ ту едім.

Ар едім,
Жігер едім,
Намыс едім!
Алаштың ырысы едім, табысы едім.
Кіл жендет қырып салды айдап келіп,
Адайдан кетті білем тағы сенім.

Ту қалды ат үстінен боздақ құлап.
Көз баққылап, араға сөз жаққылап.
Қамшыны хан да салды, қарашы да,
Бәйгіден жаттың аты озбақ бірақ.
Ар едім, жігер едім, намыс едім! Алаштың ырысы едім, табысы едім. Кіл жендет қырып салды айдап келіп, адайдан кетті білем тағы сенім.

Қақсайды қанқасталы жауырымыз.
Қамшыңнан таспа болды сауырымыз.
Заматта айнып шықтың айып тағып,
Ағатай, мен едім ғой бауырыңыз.

Тағы да ақкөз адай сорлайды ма?
Қапаста қарындасты зорлайды ма?
Калашқа жабысқанша тұра келе,
Алашқа жылы сөзің болмайды ма?

Тарихты болдық тағы аз ұққандай.
Хан кінәсіз, халық та жазық қандай?
Тарпаңды қыл арқанмен қанша байла,
Барады байқаймысың қазық қалмай...

Көнбейді ақылды жұрт бәңгі есекке
Маңдайды өзің тоспа НӘН кесекке.
Тақ шайқалса, ағайын Бақ шайқалар
Ермелік енді жұртым қаңғы өсекке.
Әркімге нәті жолдас, Хақ бұрылса
Тұрмайды қанша патша, хан десек те.
Ақ туын Азаттықтың қолдан жықсақ,
Қазақты мәңгі-бақи қан кешет де!

Жазасын Құдай берер, пендесі емес,
Кім жендет?
Мақшар күні таңғы есепте.
Билігім артық айтсам кешіріңіз,
Халқым-ау кем айттың деп сен де сөкпе!

Ұшады Маңғыстаудан...
Ұшпайды енді...
Қарғалар қаройымды қыстайды енді.
«Күйеулер» қызыңды алып, жүзің ғаріп,
Мазақтап басымызға тышпайды енді.

Ақ ҚҰДАЙ, Күрсідесің, Ғаршыдасың!
Алаштың дауға түскен аршы басын!
Адайым, нар едің ғой, сабыр сақта...
Қайғыға көрт шыдамас, нар шыдасын.
Ақ таңы ақиқаттың аз-ақ қалды,
Жазған-ай, сәл шыдашы, сәл шыдашы!

Әнуар Бимағамбет.

Ақтау қаласы
01.01.2012.
Пікір
     
Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
03.01.2012 21:23
Әнуар мырза ! Жоқтауыңды жақсы жырлай ағаның - сөзсіз. Сені дін жоллын қуған деп жоғарыдағы бір пікірден жобалаймым. Алла тағала бәрімізді тура жолға салсын! Ал , Бимағамбет екенсің : құран кәрімде Алланың , ең соңғы пайғабары , әзіреті Мұқамбет ( с.ғ.с. )ке : - , сен атқанда , мен аттым , сен емес ,- дегені бар ғой. Осы қасиетті сөзден түйерім , қазақ атам айтқандай, халық - Алланың аты. Сонымен ел өзінің шын шенін білсе осынша қорланбас еді.
Аталмыш қиянеттен тартынбаған билікке , " Жазасын Құдай берер , пенде емес " деп тек қарғай беріп қалған нағыз пендешілік болса керек. Шыңғысханның да өзін Тәңірінің дойыр қамшысымын дегені бар дейді. " Қысас қияметке қалмас " деп әділ төрелік айтқандар да біздің ата-бабалар ғой. Тегімізге тартып мұндай өзекті істерде тек -қана : ал Құдай, ауызыма сал Құдай деп жата бергенмен Алланың сүйген құлы болу екі талай. Әрине хақ жолында қайсарлық пен шыдамдылық көрсете білсек мына зұлымдар ел бұға береді екен деп сұға бермес ау