«Әуе шабуылы жасалуы мүмкін» деген дақпырт Иран халқын үрейлендіріп тастады

Ирандықтар ресми тележаңалықтарды көріп тұр. Тегеран, 10 қараша 2011 жыл
14.11.2011

Иранның ядролық нысандарына сырттан соққы жасалу ықтималдығы күшейген сайын қарапайым халық «Батыспен арадағы әскери қақтығыста зардапты біз шегеміз» деп қатты абыржып отыр.


Иранның ядролық құрылғыларына Израильдің шабуыл жасауы мүмкін деген бейресми ақпарат та қарапайым жұрттың үрейін ұшыра түсті.  Халықаралық атом энергетикалық агенттігінің қарашаның 8-і күні «Иран ядролық қаруларын дамытуды қолға алды» деген қорытынды баяндамасын жариялауы да отқа май  құя  түсті.

1980 жылы Иракпен сегіз жылға созылған ауыр соғысты бастан кешкен  ирандықтар сол кездегі зобалаң басымызға  қайта туа ма деп қатты қобалжиды.

«ИЗРАИЛЬ АТЫП ӨЛТІРЕТІН БОЛДЫ ДЕП ҚУАНАЙЫҚ ПА?»

Атын айтудан бас тартқан исфахандық бір адам кез-келген әскери қимылдың негізгі құрбандары қарапайым жұрт болады деп қорқып отырғандығын айтады. 

- Қарапайым халық – санкциялардың құрбандары, ал Иранның басшылары бұдан зардап тартып жатқан жоқ. Соғыстың зардабын қатардағы жұрт тартады, - деді ол Азаттық тілшісіне телефонмен берген сұқбатында. 
Соғыс режимді біріктіреді, сонымен қатар бұл көптеген адамдардың өздері жақтырмайтын режимді еріксіз қолдап шығуына әкеп соғады.

Иран астанасында тұратын 56 жастағы әйел «уайымнан түні бойы ұйықтай алмаймын» дейді.  Ол ислам республикасына қарсы соғыс орталық билік үшін пайдалы болады, бірақ қарапайым халыққа өте ауыр тиеді деп есептейді.  

- Соғыс режимді біріктіреді, сонымен қатар бұл көптеген адамдардың өздері жақтырмайтын режимді еріксіз қолдап шығуына мәжбүр етеді. Сол кезде біз не істеуіміз керек? Атом қуатын өндіру саласында жұмыс жасап жүрген  отандастарымызды Израиль атқылап өліретін болды деп қуануымыз керек пе? - деп қарсы сұрақ қойды ол.

Басқалар секілді ол әйел де Иранның атом-энергетикалық саласындағы прогресін баяулатып немесе тоқтатып тастауды мақсат тұтқан Израильдің немесе АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға әуеден соққы жасауы  үлкен соғысқа түрткі болады деген пікір айтады. Бұл көзқарасты Иранның ресми басшылары елге қарсы жасалатын кез-келген әскери әрекетке қарымта қайтаратынын ескертіп, нықтай түскен. 
Аятолла Хаменеи, Иранның рухани жеткшісі (сол жақта), әскери басшылардың бірімен сөйлесіп тұр. Тегеран, 10 қараша 2011 жыл
​​
Израиль премьер-министрі өз үкіметін осындай шабуылдарды жүзеге асыруға үндепті деген бейресми ақпараттың кең тарауы да Ираннан тыс жерлерде де қобалжуды арттырып отыр.

Оптимистік көзқарасы басым кейбір сарапшылар халықаралық қауымдастықтың Иранға қатысты қысымын  күшейте түсу үшін Израиль үкіметі соғыс туралы риториканы стратегиялық тәсіл ретінде қолданып отыр деп бағалайды.   

АҚШ үкіметі өзінің позициясын анық білдірмей отыр, бірақ мемлекеттік қызметкерлер бұл дағдарысты дипломатиялық жолдармен шешуге мүдделі екендігін білдірді. 

«СОҒЫС – ИРАН БИЛІГІ ҮШІН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ»

Азаттық радиосының «Фарда» иран қызметіне атын ғана жазып хабарласқан, Мешхед қаласының Мухаммед есімді тұрғыны АҚШ-тың бұл сөзіне сенбейді. Ол АҚШ президенті Барак Обаманы Иранға қарсы шабуыл ұйымдастырып жатыр деп айыптайды. Шабуыл бастала қалса, миллиондаған ирандық өз елін қорғау үшін соғысқа сақадай-сай болады деп болжайды.

- Иранның ішінде барлық халық аятолла Хаменеиді қолдағандай    үкіметтерін де қолдайды. Өздерін мемлекетпен бірміз деп санайтын миллиондаған адамдар бар. Олардың бірі қалмай отандарын қорғайды, - деп ойлайды ол.
Соғыс бола қалған жағдайда Иран жері АҚШ сарбаздары үшін қабірстанға айналады.

Соғыс бола қалған жағдайда Иран жері АҚШ сарбаздары үшін қабірстанға айналады деп ескертті ол.

Оның осы болжамын Иранның зерттеушілері де растайды. Олар Иранмен соғыс бола қалса бұл елдегі әсіреұлтшылдар жаппай тізе қосып, үкіметті қолдап шығады деп жылдар бойы айтып келеді. Зерттеушілердің ойынша, болжанып отырған әскери іс-қимылдар діни режимді одан сайын күшейтіп, елдегі  тапталып жатқан адам құқықтарын одан сайын мүшкіл халге түсіруі мүмкін.

Бір кезде Иранда түрмеге қамалған ирандық атақты әлеуметтанушысы Хусеин Хазиан да осы пікірді жақтайды. Ол Азаттық тілшілеріне: «Соғыс - Иран үкіметі үшін жақсы жаңалық, Ирандағы демократия үшін жаман хабар» деді.
Иран президенті Махмуд Ахмединежад Чахар-Махал-Бахтияри уәлаятына келген бойы жергілікті әскери қолбасшымен амандасып тұр. 9 қараша 2011 жыл.
​​
- Әсіресе елге шетелдік дұшпандар шабуыл жасағанда,  мына үкіметтің өз қарсыластарын қудалап, жаншып тастауына сылтау да, себеп те, заңдылық та жетерлік болады. Иран халқы саяси дәстүрі бойынша осындай кез-келген шетелдік басқыншыға қарсы тізе қосып, бірігіп кетеді. Иран үкіметі оппозицияны емес, жаппай мобилизацияланған жұртты пайдаланып кетуге дайын тұр, - деді Хазиан.

Қазір Сиракуз университетінде уақытша дәріс оқитын Хазианның ойынша, сырттан соққы бола қалған жағдайда Иран оппозициясы мемлекет пен өздерінің ұстанған позициясының арасындағы айырмашылықты ажыратуға шамасы келмей қалады. 

- Бұлардан бөлек мемлекеттің кейбір инфрақұрылымдары қирап жатса, оларды қайта қалпына келтіруге уақыт қажет  болады. Бұл әлеуметтік және  және саяси күштердің күн тәртібіндегі демократияны құру мәселесі біраз уақытқа шейін көтерілмей қалады дегенді білдіреді, - дейді ғалым.

СОҒЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ

Жасыл оппозиция қозғалысына бүйрегі бұратын Тегерандағы журналист  елдің көпшілігі мұның ақырын күтіп отырғанын, бұрынғыша тағы да әне-міне болады деген соғыс қаупі  ақырындап басылар деген үмітте екенін жазады.

«Өз жерін басып кіретін сырт елді ешбір қоғам құшақ жайып қарсы алмайды. Бірақ бұл нәрсе бүкіл халық үкіметті қолдап кетеді дегенді білдірмесе керек. Кейбіреулері, бәлкім, қақтығысты сырттан бақылап қана отырар» деген ой айтады журналист.

Иранның ірі банкінде жұмыс жасайтын компьютерлік сарапшы  Иранға қарсы кез-келген әскери іс-қимыл қоғамдағы экстремизмнің артуына әкеп соғуы мүмкін деп алаңдаушылығын білдірді.

- Бүгінге дейін бізді «батондар» (демонстрацияны күшпен тарататын Иран билігі құрған жазалаушы топ) өлтіріп келген болса, енді бұдан былай бомбалар мен жанкештілердің жарылысынан қаза табуға дайындала беруіміз керек шығар, - дейді ол.

Шетелде тұратын Иран диаспораларының арасында соғыс туралы әңгіме мынаған келіп тірелді. Ондағы кейбір ирандықтар соғыс бастала қалса  өздерінің ағайын-туыстарымен бірге болу үшін елдеріне оралуға бел байлап, тас-түйін дайын отыр.

Таяу арада Канадада, Еуропада, АҚШ-та тұрып жатқан жүзге жуық ирандық белсенді мен интеллигенция өкілі Иран үкіметінің халықты жаншып жатқандығын және елге қарсы сырттан төнген әскери қимылды айыптаған хатқа қол қойды. 
Біз халқымыз бен мемлекетімізді күл-талқан қылатын соғысты қаламаймыз. Сондықтан бұған екі жақ та жауапты деп санаймыз.

Хатқа қол қойғандардың біреуі Иранның атақты жазушысы және журналисі Акбар Ганджи Батыс елдері Иранға шабуыл жасаудан бас тартуы тиіс және де Иранның ресми билігі елдің ядролық саладағы қызметіне қатысты түсінбестікті жою үшін қажетті шаралар жасауға міндетті деп мәлімдеді.

- Біз халқымыз бен мемлекетімізді күл-талқан қылатын соғысты қаламаймыз. Сондықтан бұған екі жақ та жауапты деп санаймыз. Қандай жағдайда да Израиль мен Батыс елдерінің Иранға соғыс ашатын құқықтары жоқ. Екінші жағынан, соғыс бастала қалған жағдайда тек Батысты ғана кінәлай беру  дұрыс емес. Иран елін осындай бағытқа зорлықпен бұрып әкетіп бара жатқан саяси жетекшілерін де кінәлі деп санау керек, - деді ол Азаттық радиосына.

Қарашаның 13-інде Гаваиде өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммиті кезінде АҚШ президенті Барак Обама Ресей президентімен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ортақ көзқарас ұстанатындарын мәлімдеді. Бірақ екі ел басшысы ұқсас ұстанымдары туралы журналистерге ашып ештеңе айтқан жоқ.

(Мақаланы қазақ тіліне тәржімелеген - Сағынай Кәрім)
Пікірлерді іріктеу
     
Пікір
Кімнен: Kan Alihan
14.11.2011 20:25
Көп ұзатпай Америка пен Израиль басшылықтары өзара ортақ әскери операциялар жоспарын құрып, Иранның ядролық нысандарына әуеден жойқын жойқын соққылар беріп Тегеранды тас талқан етуі қажет. Бұлай болмаған жағдайда ресми Тегеран толыққанды ядролық державаға айналып әлем қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.11.2011 22:17
Тарт қолыңды Тегераннан!
Пікір алмасу

Кімнен: bolat Қайдан: mongolia
15.11.2011 09:50
+0 / -0
oi satkin jemtik sol europa men amerika zdrailda bolgan bomba bizdin musilman elderinde nege boluga bolmaidi? sen hristiansin ba jemtik satkin sol
Пікір алмасу

Кімнен: Асан қайғы
15.11.2011 09:01
сонда елдің бәрін қырып жатқан АҚШ (оларда ядролық қару бар екенін ешкімнен жасырған емес, жане де 1945ж Жапонияға ядролык бомба жіберген тарихтағы жалғыз мемлекет) әлемге қауіп төндірмейді екен де ешкіммен соғыспай тыныш жатқан Иран қауіп төндіре қалыпты.

АҚШтан бөлек Ресей, Қытай, Солтүстік Корея, Франция да ядролық қару бар. АҚШ неге солармен куреспейді??? Неге Ресей, Қытай, Солтүстік Кореяда "демократия" орнатпайды Ливиядагсы сиякты?!
Пікір алмасу

Кімнен: асылбек Қайдан: Маңғыстау
15.11.2011 09:03
Аузыңа жылан жұмыртқаласын соғыс құмар сасық неме

Кімнен: Айтпай Қайдан: Кайтпаевичко
14.11.2011 23:59
кума сен олар не сондай акымакта ал ресей акш кытай сондай акылдыма тек атом бомбасы соларда болу керек сияктыма

Кімнен: ара Қайдан: уядан
15.11.2011 09:05
Менин ойымша Иран масондардын шабуылын кутпей оздери израиль мен АКШка соккы беру керек. Айтпесе боска ана Ирак, Ауганстан, Ливия сиякты сорлап калады. ООН, НАТО деген АКШтын айтагындагы организациялар. оларга сенудин кажети жок.
батыс крестоносецтерин бир токтатса осы Иран токтатады.

Кімнен: Атом Қайдан: Уран
15.11.2011 10:17
Иранның атомды өндіруі тек өзін қорғау мақсатында туындаған қажеттілік деп ұққан жөн. Ирандықтардікі орынды. Неге АҚШ, Ресей, Қытай, Израйл т.б. батыстың дамыған елдері мен кәпірлер ғана атомды дамытып, мұсылман мемлекеттері пайдаланбау керек. Дұрыс, өте орынды. Біздің жалтақ НӘН құсап, барлығын соларға бере салу керек педі? Атом қаруы өзгені қорқыту үшін, өзін толық қауіпсіз сену үшін өте қажет.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
15.11.2011 14:13
осы бурын биз ядролык кару жонинен алемде 4инши орында турганымыз рас па..?
сонын барин батыска жагынамын деп НАН куртып жиберди дейди гой?
жане де онын ози де бирнеше марте айткан биз ядролык каруымызды жойдык деп...

Кімнен: асылбек Қайдан: астана
15.11.2011 15:42
Шынымен де басқа елдерге неге тиіспейді? Иранға мұсылман мемлекеті болған үшін олардың тістері қайраулы.Баяғыда Семей полигоны болғанда Қазақстанға АҚш-тағылар үрке қараған. Өйткені, біз атом қаруын сынайтын ТМД-дағы жалғыз мұсылман мемлекеті болғандықтан, өздері келіп, дипломатия деп, келісім жасаған. Сонда соны жаппай, қазір бәрін үркітіп отыруға болар еді. Иранға барлық мұсылмандарға қолдау жасау керек,Бұл анық басынушылық мұсылмандарға қысым

Кімнен: Жәке Қайдан: Теһран
15.11.2011 18:03
бұның бәрі бос әңгіме ешкімнің де Иранға тиісуге батылы бармайды. мұндай әңгіме 30 жылдан астам уақыт бойы айтылып келе жатыр. ирандықтар мұндай лепірме сөздерге құлағы үйреніп болды. қорқып отырған ешкім жоқ.

Кімнен: Kan Alihan
15.11.2011 18:13
Кешіріңіздер, АҚШ пен өзге де әлемдік алып державаларда ядролық қарудың болуы әлемдік саясаттағы тепе-теңдікті (баланс) сақтар тұру үшін қажет. Не болғанда да Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермей, Тегеранды талқандайтын жойқын әскери операцияларды бастау қажет. Әлем мен адамзат қауіпсіздігіне алаңдайтын әрбір көзі ашық азамат бейбіт сүйгіш әлемді Иран қаупінен азат ететін күнді асыға күтеді деп ойлаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Nurbek Қайдан: Warszawa
15.11.2011 21:43
Atannyn basy, sonda 1945 zhilindagy Amerikanyn Hiroshimaga atom bombasyn tastaui , 100 myndagan qarapayim adamdardyn ölüi. älemdik sayasattagy tepe tendikti saktau üshin zhasalganba. Iran sol baskinshylardyn eline kelip Tegerandy tas talkan etuine karap otyrady deisinbe katelesesin bauyrym olar ülken tarihy bar zhäne öte patriot halyq. Bugin eldegi rejimge karsy bolip otyrganmen erten Batystyn basqynshylary kelse barlygy tize biriktirip sogisqa, otanin korgauga attanuga dayin otyr. Älemmen adazat kauipsizdigine alandagysh bolsan, Körshin baskynshyl reseiden, Amerikadan, Franciadan tagy baska baskanyn bailigina köz tigüshilerden kork. Sen siakty älemdik alyp <> erten amerikaliktar bir siltau tauip kelip sogis ashyp munaiga köz tikse esikti aiqara ashyp beretin shygar.

Кімнен: Kan Alihan
15.11.2011 23:18
Сен ең алдымен осы пікіріңді жазбай тұрып, ең бірінші жазған сөзіңе мән бердің ба? Ойын айту деген аузына келгенін айту дегенді білдірмейді, Нурбек. Саған сәл ойланып, мәдениет пен этиканы сақтай отырып жауға, пікір білдіруге кеңес бергім келеді. Радикалды ислам идеологиясына уланған өз-өзіңді ұстай алмайтын уахаббит болсан оныңды да ескертіп қой. Мүмкін оныңа түсіністікпен қарармын.
Сенің қалай ойлайтыныңды қайдам, бірақ не болаған күнде де Иранның әлемге төндіріп тұрған қаупінің алдын алмай іс ушығып кетеді. Сонымен қатар Иранның ядролық қаруға ие болуы Таяу Шығыстағы Израильге аса қауіп төндіреді. Сол себепті ресми Тегеранның жаппай қырып жою қаруына қолы жетпей тұрғанда оның тас-талқанын шығарып, Тегеранның күлін көкке ұшыру қажет. Одан басқа альтернатива әзірге көріп тұрғаным жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: bolat Қайдан: mongolia
16.11.2011 08:13
ottapsin!!! Kai senin DERJABA otirgan zdrailin keshikpei jer betinin kartasinan jogaladi, Eshkim irannin kulin kokke ushira almaidi jetesiz jetim neme. Ottaitin jerine barip otta!!!

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
16.11.2011 00:52
Естің қисса Құраннан
Қорқып жүрмең жуаннан
Сүлеймен патша заманда
Көкке ұшып шыққанда
Құмырысқа айтыпты ау
Керек енді ақ абайлау
Зинһар езіп кетпесін
Түбімізге ол жетпесін
Қайда жүрсе алпауыт
Бола қалар жалмауыз
Күліпті -міс Сүлеймен
 Бұл естіген кеңестен
Жайы басқа пайғамбар
Басқаларға нанбаңдар
Жолдас болса орыстан
Я болмаса АҚШТАН
Жаныңа ал айбалта
Қапы қалмай әруақта
Бұл шараны қолданған
Үлгі алыңдар Ираннан
Иран - Ислам арқасы
Талай кәпір жанқасы
Болу керек тілектес
Жауға қарсы білектес
Тартпағандар қарына
Сірә сынар қары да
Азары да болса ағайын
Безер кетіп қалмайын

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: астана
16.11.2011 11:25
еврейлерді жазықсыз төгілген мұсылмандардың көз жасы жібермесін. Оларды Гитлер кезінде дұрыс қырған. Мұсылмандардың жерінен кезінде қанғып кеткен оларға Кеңес Одағы жер алып берді.Мұсылмандарға анық қысым жасап отырған кезде кеуделеріңде мұсылман деп соққан жүректерің болса Иранға қолдау танытыңдар,Ирандықтар, жарайсыңдар.Ешкімнен де қорықпаңдар. Сендерге Алла жар болсын