АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Дін заңын талқылаған топ «исламның бір доктринасы – патшаға бағыну» деп тарасты

Мақсұт Нәрікбаев – «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.
19.10.2011

«Исламның бір доктринасы – патшаға бағыну. Елбасы заңды қабылдады – енді орындалуы тиіс, бірақ «шаш ал десе бас алуға» жол бермеу керек» дейді Мақсұт Нәрікбаев.


2011 жылдың 19 қарашасы күні адам құқығы мен бостандықтарын қорғау жөніндегі республикалық коалиция «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң мен Қазақстанның батысындағы мұнайшылар наразылығы туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатына аталған коалицияның және «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев, республикалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дос Көшім, «Деловая неделя» апталығының бас редакторы Махамбет Әуезов, оралмандар құқығын қорғау ұйымының төрағасы Артықбай Үкібаев қатысты.

«ШАШ» ПЕН «БАС»

Мәслихат өткізгендер дін туралы жаңа заңның 7-бабына (яғни мемлекеттік мекемелерде құлшылық етуге тыйым салу жөніндегі бабына) ғана қарсы екенін, ал қалғанын түгел қолдайтындарын айтты. Тек Мақсұт Нәрікбаев «бұл заңды ұсынғандар президент Нұрсұлтан Назарбаевты арандатып отыр» деген ойын айтты.  

– Заң қабылданды. Ендігі мақсатымыз – заңның дұрыс орындалуын қадағалау, заңды орындау барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу, «шаш ал» десе бас алатын әрекеттердің алдын алу, – дейді ол.

Мақсұт Нәрікбаевтың айтуынша, «шаш ал» десе бас алатындар жеткілікті.

– Құқық қорғау және білім жүйелерінің  кейбір қызметкерлері «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» жаңа заң күшіне енбей жатып-ақ азаматтардың Конституциялық құқығын аяққа таптайтын әрекеттер жасап, көпшіліктің наразылығын туғызып жатыр, – деген «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы ол заңда «шаш пен бастың ара-жігі» қалай жазылғанын айтпады.

«АРБАДА АЙЫП ЖОҚ, ӨГІЗДЕ КІНӘ ЖОҚ»

Баспасөз мәслихатында Маңғыстаудағы мұнайшылар толқуы да сөз болды.

Мақсұт Нәрікбаевтың айтуына қарағанда, мұнайшылар мен мұнай компаниялары арасындағы «еңбек дауының екі жағындағы екі тараптың 
Қазақстан еңбек конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Машкенов. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.
​​да талабы – дұрыс, яғни «бірін дұрыс, екіншісін бұрыс деуге болмайды». «Арбаны сындырмаған, өгізді өлтірмеген» бұл төрелікке республикалық еңбек конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Машкенов те қосылып, «мәселе еңбек туралы заңға тіреліп тұрғанын» айтты.

– Еңбек туралы заңды өзгертіп, екі жақты да міндеттейтін бап енгізбей, еңбек даулары таусылмайды, – дейді ол.

«ТИМУР ЖӘНЕ ОРАЛМАНДАР »

Азаттық радиосының тілшісі осы баспасөз мәслихаты кезінде Оралмандар одағының төрағасы Артықбай Үкібаевтан Жаңаөзендегі мұнайшылар толқуына орайы оралмандарды айыптай сөйлеген «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Тимур Құлыбаевтың сөзі жөнінде пікірін сұраған еді.

– Өзбекстаннан келген оралмандар – барынша еңбекқор адамдар. Олардан 
Қазақстан оралмандар одағының төрағасы Артықбай Үкібаев. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.
​​көлденең оғаш іс шықпайтынына кепілдік беремін. Тимур Құлыбаевтың ол сөзі дұрыс емес, – деді Артықбай Үкібаев.  

Азаттық тілшісі осы сұрақты Мақсұт Нәрікбаевқа да қойды.

Осыдан бірер ай бұрын ресейлік «Коммерсантъ» газетіне берген сұқбатында Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Тимур Құлыбаев Қазақстан президентіне мұрагер бола алады» дегені мәлім. Сол сөзге орай Мақсұт Нәрікбаев «Тимурдың жалғыз-ақ кемшілігі бар. Ол – Қазақстан президентінің күйеу баласы екендігі» деп, алғашқылардың бірі болып келешек «кандидатты» қолдай кеткен еді.

– Менің түсінуімше, Тимур оралмандарды емес, оралмандарды бір жерге шамадан тыс шоғырландырып отырған көші-қон саясатын сынға алды, – деп жауап берді Мақсұт Нәрікбаев «Қазақстанның «болашақ президенті болуы мүмкін» адамның оралмандарды айыптағаны қалай» деген сауалға.
Пікірлерді іріктеу
     
Пікір
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
19.10.2011 18:32
Барша мерездікті, арам қулықты, аярлықты, ұятсыздықты, арсыздықты, жағымпаз жантықтықты қызылшадай қызара бөрткен жалпақ бетке жинап алудың өзі зор дарындылықты көрсетіп тұрған жоқ па!!!

Кімнен: Асау ТАРПАҢ
19.10.2011 19:02
Елбасымыз, президентіміз Н:Ә:Назарбаевті патша деушілдерді сотқа тарту керек. Олар конституциядағы Қазақстанның зайырлы, демократиялы, азаматтық, унитарлы ел екеніне қарсы шығушылар, көне заманды, феодализмді аңсаушылар, автаритарлық, тирандық, диктаторлық, тоталитарлық режимге жетектеу. Бұның бәрі саяси кері кету және ата заңдағы демократия құндылықтарын аяққа таптау! Сондықтан президенттік республикада патша туралы сөз қозғаудың өзі конституцияға қарсы қылмыстардың үлкені. біздің ұлттық Қауіпсіздік қайда қарап жүр, ата заңды бұзып, патшалық режим құруға желігіп жүрген жемірлерді құрықтамай, ата заң рухы бойынша өмір сүріп жүрген демократтарға шүйлігеді. Я конституцияны жыртып, патшалық заманға, тағайындау заманына, ұрпақтан ұрпақ билік жүргізуге қайтайық, Я ата заң рухы бойынша осындай жантық кертартпалардың көзін құртайық. Я А, Я В! Ал С жоқ!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Астана
19.10.2011 22:32
Жеке басым оралмандарды жек көремін қиын қыстау заманда елді тастап қашқан қашқын байлардың ұрпағы олар
Пікір алмасу

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
20.10.2011 01:47
Иран деген бір елде Кашан атты қала бар ,
Қорқақтығы халқының аңызбенен пара - пар.
Патшалары ұйғарды көп көзінше сынауға ,
Халайықтың талайы жиналады ау сарайға .
Не хабар деп түрғанда атылады зеңбірек,
Қорыққандар қашады тым-тырақай тентіреп.
Қашпапты тек баяғы қорқақ деген кашандық
Айтты дейді патшакең саған енді біз нандық.
Сәлден кейін бір иіс мұрындарын қышытты ,
Неге десең ол қорқақ дамбалына тышыпты.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.10.2011 02:08
+0 / -0
Қажы аға, өлтірдіңіз ғой мына қазақты )))))
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
20.10.2011 09:20
атаннын басы!!!
оралмандар деген кезинде сталиннин кезинди жер аударылган, кугынга ушыраган, атеист-капирлерге багынбаймыз азат ел боламыз дегени ушин жер аударылган, кугындалган кандастарымыз.

сондай-ак кытайга бутин бир облысты сталин берип жиберген (казирги алтай аймагы), ол жакта казактар атам заманнан бери турады. олар ешкайда кашкан жок, оз отанын кытай басып алган сон елине оралган бауырларымыз

Кімнен: Бай тұқымы
20.10.2011 00:57
Сен сияқты албасты жалшының тұқымы қызыл қорқауларды ізінен айтақтап қосып қалмаса қашпай қайда барады?

Кімнен: ара Қайдан: уя
20.10.2011 09:29
Мақсұт ага айтканыныз рас, басшыга багыну арбiр мусылманнын парызы. намаз калай парыз болса, басшыга багу да сондай парыз. бiрак Жаратушы амiрiне карсы шыкканда жаратылганга багынылмайды деген сахих Бухарида Мухаммед пайгамбарымыздын осиетi бар. сосын мусылман патша багынылады. ал исламга карсы, намаз окугы тиым салган, мусылман айелдерiнiн басындагы орамалмен куресiп жерген капiр патшанымен согысып орнынан алып тастауга сол елдiн арбiр мусылманы мiндеттi. Буган бурынгы жане сонгы букiл ислам галымдары бiрауыздан келiскен.

сосын НАНды биреулер арадатып отыр деп адасушылык. есинизде болса ислам динине карсы согыс биыл НАНнын наурыз айында туркистанда турып хиджабка карсы созинен кейин басталган..
Пікір алмасу

Кімнен: қфжы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
20.10.2011 22:30
Патша болмас пайғамбар ,
Пайғабарын хақ бастар .
Берілгендер Аллаға ,
Елшісіне бой сұнар .
Егер болса сіздерден,
Іске ие болғандар ,
Оларменен тартысың ,
Жолдан болса тайғандар.
Барша іске дін өлшеу ,
Қарсы жолға бармаңдар.

Кімнен: Әлім Қайдан: Ақтөбе
21.10.2011 11:44
Мақсұт Нәрікбаев мырза, сіз қатты қателесіз. Тимур Құлыбаевтың бір кемшілігі--Назарбаевтың күйеу баласы" дегеніңіз айдалаға лаққан адамның сөзі.Бұл оның кемшілігі емес, қайта өзгелерден, қарапайым, күпі киген қазақтан артықшылығы. Күйеу баласы болмағанда анау ұрлық миллиардтарды қалай жинар еді? Күйеу баласы болмаса, бүкіл Қазақстанның ақшасы жиналған "Самұрық-Қазынаны" қалай басқарар еді? Қазақ елінде не, бұл қорды басқаратын дені дұрыс ұл туған жоқ дейсіз бе? Бұрын Жоғарғы сотты басқардыңыз, жағымпаздықты, Назарбаевқа жағынуда қоятын мезгіл жетті ғой. Ата сақалыңыз аузыңызға бітті, жөнімен қартаю керек емес пе. Сосын бір ауыз қазақша білмейтін Құлыбаевтың қазақ елін басқарады деу--қазаққа қастандық жасау. Одан гөрі анау Ертісбаев дұрыс.Немесе Масимов қолайлы. Осы күйеу балалардың зары мен тепкісі жететін кез келмеп пе еді. Енді оған сіздей жағымпаздар дем беріп отыр.Ай, қайдам, кез-келген жерде, орынды-орынсыз "мен Президенттің құрдасымын" деп желпініп жүрген адамнан бірдеңе күту қиын шығар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.10.2011 13:28
Қазақстанда ақшадан да биік күш бар! Тимур құльбаев, Кәрім Мәсімов дегендер президент болуға мүлде толымсыз. рухсыз, пайдакүнем, тоғышар адамдар, қазақ тілін білмейтін ақымақтар қалай ел басқарады! Онда біз жойылдық, өлдік дегенмен бірдей ғой. Ондайда есі бар, еркі бар қазақ қаруға жүгінеді. Мен де, сен де, ол да.

Кімнен: Қуанышбек Қайдан: Маңғыстау
21.10.2011 15:49
Мақсұт аға осы жылтыр сөэді,еш халыққа тиер пайдасы жоқ жиындарың неге керек ,әлде сайлау алды дайындық па. Заңды орындау керек деп Нұрсұлтанға бір Құлыбаевқа бір жалпаңдайсыз тура сөзді айталмасаңыз жасыңыз 70 тен асты қойсаңызда болар.Мұсылман баласына намаз оқуға тиым салса оның несі дұрыс сонда.Тимурың ел басқаратындай дәрежесінің жоқтығын бесіктегі балада біледі. Заман қайтіп кетедідеп жүргенше үйде жатқаның абзал.Призидент болуға басқа адам жоқтай талантты,дарынды, ұлтжанды азаматтар бар осы елде.