*   *   *

 

  Әзіреті сұхайб (р.ә.) және оның

нәубеттері

Бұл әзірет те (р.ә.) әзіреті Ғәммармен (р.ә.) бірге мұсылман болды. Ол кезде алланың елшісі(с.ғ.с.)Әртәм(р.ә.)деген бір сахабаның үйінде болған екен. Бұл екі жарықтық , бөлек- бөлек келіп , сол үйдің қақпасында бір – біріне кездейсоқ тап болып , мүдделерін сұрасады. Сонда екеуінің де бір – мұсылман болып Ол әзіреттің (с.ғ.с.) алдынан пайдалану екені мәлім болады.Екеуі де мұсылман мұсылман болып сол аз да қор топтың тағдыр – талайына ортақтасады.                 

Әзіреті Сұхайбға (р.ә.) әрқилы мүмкін болған жолдарша  азар - әзиет беріледі. Ақыры ығыр болып һижрет етуге бекінеді.Ал кәпірлер болса бұндай жандардың басқа жерге көшіп бір тыныш өмір сүргенін көре алмайтын еді. Сондықтан біреудің көшу туралы хабары құлақтарына тиісімен , азаптан құтылмасын деп , оны ұстап алуға тырысып бақты. Оны да қуып ұстауға бір топ аттанады. Әзіреті Сұхайб (р.ә.) садақ және оққа толы қорамсасын қолға алып , оларға қарай : - , сендердің бәріңнен мерген екенімді білесіңдер. Менде бір жебе барынша маған жуи алмайсыңдар. Оғым түгесілсе қылышыммен қарсыласамын. Қылыш та қалмағанда не істейміз десеңдер – мейліңіз. Ал енді мені қоя берсеңдер , есесіне Меккеде бар мал – мүлкімнің мекен – жайын сізге айтамын. Екі кәнизакім де бар. Бәрін сендерге беремін. Кәпірлермен бұған келісіп , малдарынан баз кешіп жан сауғалайды. " Елде Алланың ризалығы үшін жанын сатып сатып алар біреу бар және Алла өз құлдарына мейрімді ғой " деген құтты аят ол туралы түскен болады. Құдайдың елшісі ( с.ғ.с.) , әзіреті Сұхайб (р.ә.) көшіп Меккеге кірген уақта Құбада тұр еді. Оны көргенде : , - о , Сұхайб ! жақсы сауда қылдың ау - , дейді. Сұхайб айтады : - сонда ол әзірет (с.ғ.с.) құрма жеп отыр еді. Менің көзім ауырып тұрса да , мен де құсылып құрмадан жей бердім. Ол әзірет (с.ғ.с.) әзілдеп : - көзің ауырып тұрса да құрма жей бересің бе ? – дейді. Мен айттым :  -  ей Алланың елшісі , сол сау көзіммен жеймін - , деп. Ол әзірет (с.ғ.с.) бұл жауапты естіп жымиды.                         

Әзіреті Сұхайб ( р.ә.) жомарттығы сонша еді , әзіреті Омар (р.ә.) оған : - сен ысырап қыласың - , депті.Ол да : бекер орынсыз жұмсамаймын - , деп жауап беріпті. Әзіреті Омар (р.ә.) әл үстінде жатқанда жиназа намазы  әзіреті Сұхайб (р.ә.) арқылы оқылсын деп осиет етеді.