« نوُر وطان » حاتشسی 60 آدامدی قاجلققا جئبه ردی
ӘЛЕУМЕТ
«Нұр Отанның» хатшысы 60 адамды қажылыққа жіберді
13.04.2011
Сәуірдің 13-і күні күні арасында бірен-саран жазушы мен журналист бар алпыс адам Меккеге кіші қажылыққа кетті. Қажылыққа аттанғандардың елуі – айтыскер ақын.
Олардың арасында «Ақорда» деген қоғамдық ұйымның демеуімен кіші қажылыққа екінші мәрте кетіп бара жатқандар да бар.
«САЙЛАУДЫҢ ЗЕКЕТІ»
– Сайлау өткеннен кейін соның зекеті ретінде ақын-жазушыларға арнайы жолдамамен қоғам қайраткері, белгілі азамат Қайрат Сатыбалдының ұйымдастыруымен Азамат Қадыров бастаған топ кіші қажылыққа аттанып барамыз, – дейді шығысқазақстандық айтыскер ақын Аслан Ғафуров.
«Бұл жердегі басты мақсат – ақындардың жүрегіне иман ұялату» деген Аслан Ғафуровтың пікірінше:
– Кешегі Совет одағының тұсында ақын-жазушылардың көбісі иманнан алыстап кетті. Бұл сапар – керісінше, ақындарды имандылық жолына шақырып, халықты имандылыққа тәрбиелеу.
Ақпан айының 12-сі күні ақын Жүрсін Ерманның 60 жасқа толған мерейтойына орай ұйымдастырылған айтыста «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қайрат Сатыбалды ақындарды умра қажылыққа апаратындығы жөнінде айтқан болатын. Бірақ Жүрсін Ерманның өзі бұл жолғы қажылыққа барудан бас тартыпты.
– Бұған дейін де бір рет осы жігіттердің бастауымен кіші қажылыққа барып келген едік. Таяғанда «болмайды екен, мені қинамаңдар» дедім, – дейді Жүрсін Ерман мырза Азаттық радиосының тілшісіне.
«АҚЫНДАР ТУРЫ»
Саясаттанушы Айдос Сарым Қайрат Сатыбалдының бұл әрекетін журналистерді өз қаражатымен алып жүріп, өзі жайлы құлаш-құлаш мақала жаздыратын кейбір компаниялардың ісімен салыстырып, мұндай сапарды «ақындар туры» деп атау керек дейді.
– Қайрат – тек «Нұр Отанның» ғана хатшысы емес, қоғамда белгілі, саяси-діни көзқарасы бар адам. Яғни ақындармен дұрыс жұмыс істеу арқылы белгілі бір көзқараста насихат жасау пиғылынан туып отырған нәрсе, – дейді Айдос Сарым.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек Қазақстанда мұсылмандарды қажылыққа апарумен айналысатын 34 компания бар екендігін, алайда олардың ісіне діни басқарманың араласа алмайтындығын айтты. Оның айтуынша, үлкен қажылық кезінде ғана болмаса, басқа кезде діни басқармаға ешкім есеп беріп жатпайды.
– Үлкен қажылық кезінде әділет министрлігі және мәдениет министрлігінің қарамағындағы дін істер жөніндегі комитетпен бірлесе отырып, турфирмалармен қарым-қатынас орната аламыз, – дейді Оңғар қажы Өмірбек.
Оңғар қажы Өмірбектің айтуынша, Қайрат Сатыбалдының араб елдерінде қайырымдылық жұмыстарымен айналысатын қаржылық ұйымдарымен тікелей байланысы бар.

Пікір алмасу
Пікір алмасу
Пікір алмасу
Пікір алмасу
+ نوشته شده در پنجشنبه بیست و پنجم فروردین ۱۳۹۰ ساعت 15:46 توسط حاجي محمد شادكام ، وكيل پايه يك دادگستري
|

Бір сантехник алқашы мыс пен алтынға акционер болып, күйеу бала алтын қазынаға қожайын, қыздары шеттерінен миллиардерлер, тағы бір немере інісі немере ағасының арқасында міне Құдайға да қол жеткізді. Енді Құдайды да жемқор қылып жіберер ме екен деген қауып шошытып отыр. Астағпыраллах, астағпыраллах...
Ия, Алла Тағала өзің кешіре гөр күпіршілік етсем, айтпасаң да айтпауыңа қоймайды-ау, қоймайды...