ساحابالار حيكايالاری ( 1 )
СӨЗБАСЫ:
Тарих дегенде қисса еске түседі . Ағылшын тілінде
тарих "history " деп айтылса , оның төркіні " story "
болып әлгі қиссаға барып тіреледі екен.Демек тарих
пен қиссадан өткен – кешкеннің ізі қуылады . Сонымен
тарих еріккеннің ермегі емес болып шығады .
Шынтуайтқа келгенде тарихқа жатар қисса не
хикаялардан үлгі , өнеге алу тиіс болса керек. Қазақ та
, басқа мұсылмандар сияқты , Құдай тағаланың жөн
көрсетер кітабі , Құран кәрімді , әманда көз алдында
ұстай жүріп сәтті өмір сүру жолын іздеуі парыз . Ал бұл
бұлжытпас құжатты ұғу жөнінде оған түсіп елші болған
Пайғамбарды ( с.ғ.с. ) тану керек болары даусыз .
Дегенмен әркімді жолдасынан танып болардай , Ол
жарықтықты өзінің жора – жолдастарынан тани
алармыз .
Алда тағаланың ең соңғы елшісі төңрегіндегі
адамдарға қанша да қалай ықпал ете алғаны бүгінгі
халайыққа әсерлі үлгі болып табылады деп , осы еңбек
ағайын – қарындастарға тарту етіп отырмын . Қылаяғы
дін адамзатты тура жолға бастай алары Ислам діні
қалай да қанша және қандай қауымның жағдайын
жақсартқанын білсек бізде оған жүгінер едік деген
оймен мына кітапшада Мұхамбет пайғамбарға үмбет
бола алған замандас құрбыларының өмірбаяны
қысқаша арқау болады . Ал бұл хикаялар он екі
тараудың тақырыбы болған :
бірінші тарау – дін үшін тарығу және машақат тарту .
Екіші тарау – Алда тағаладан қауыптену .
Үшінші тарау – Құрметті сахабалардың тәркідүние
және кедейлігі .
Төртінші тарау – Құрметті сахабалардың тақуалығы.
Бесінші тарау – Намазға құштарлық және ода сынықтық пен кішіпейілдік .
Алтыншы тарау – Мұңдастық және Құдай жолы мал
беру .
Жетінші тарау – Батылдық , батырлық және кештілік .
Сегізінші тарау – Сахабалардың ғылымы еңбегі .
Тоғызыншы тарау – Құдай елшісіне бағыну .
Оныншы тарау - Әйелдердің діни сезімдері .
Онбірінщі тарау – Балалардың діни сезімдері .
Онекінші тарау – Алданың елшісіне деген
сахабалардың махабаты .
Құрытынды : Құрметті сахабаларға көре
мұсылмандардың міндеті .
БІРІНШІ ТАРАУ
ДІН ҮШІН ҚИЫНДЫҚ – МАШАҚАТТАРДЫ КӨТЕРУ
Алланың елшісі ( с.ғ.с.) және құрметті сахабалардың
дінді таратып үгіттеу үшін көтерген қиыншылық пен
машақаттары , біздей жандарға көтеруі тұрмақ ,
оларды ойға алып , оларға талаптану екі талай болар
.Тарихи кітаптар ондай хабарлардан лық толы .
Оларды үлгі ету түгілі , олардың жағдаятына зер
салып ойлана қараудан да бастарта жүреміз . осы
тарауда мысал ретінде , бір неше ақ оқиғаны атаймыз
.Ең алдымен ол әзіретке (с.ғ. с. ) байланысқа
тоқтаймыз . Неге десеңіз , ол жарықтықты жатқа алу
мол қайыр – берекеге сеп болады .
РӘСУЛАЛЛАНЫҢ ТАЙЫФҚА САПАРЫ
Пайғамбар ( с. ғ . с. ) елшілікке торған соң тоғыз жыл
ұдайы Меккеде ислам дінін насихаттап жүрді де өз
тумалас қарындастарын жөнге салмақ жолына
тырысып бақты . Бірақ өте аз мұсылман болған немесе
мұсылман болмай ақ оған жәрдем еткендерді
айтпағанда , ол қаладағы кәпір көпшілік ол әзірет пен
дос жарандарын қинау мен кемсіте мазақтауда еш
заттан аянбаған еді . Ол әзіреттің немере ағасы ,
Әбуталыб , мұсылман болмағанмен , шама шарқынша
көмек етіп жүрген ақ пейілді кісілерден еді .
Пайғамбаршылықтың оныншы жылы , Абуталып
қайтыс болған соң Құрайыш кәпірлерге Исламға
қарсыласа мұсылмандарды қыспақа алуға қолайлы
жағдай туды. Тайыфта Бәни Сәқиф рулы бір талай
халық бар еді ; бұлар мұсылман бола қалса
мұсылмандар Меккедегі мүшріктердің азарынан
құтылып дінтарату негіздері нығаяр ау деп ,
Рәсулаллаһ сол жерге сапар шекті де үш беделді
бастықтарымен сөйлесе оларды Құдай жолына
шақырып көмектесуге үндеді .Бірақ олар оның сөзіне
мән бермегені былай тұрсын , ең құрығанда
арабтардың белгілі қонақжайлығына сәйкес құдайы
қонақты сыйламай оның үндеуін қабылдамай шегіне
жеткен жауыздықпен теріс мінез көрсетіп , тіпті ол
әзіретті аз да болса сол жерде дамылдауға мұрсат
бермеді . Бірнешесімен бастық елшіл және сөз
түсінетін шығар деп әңгімелесіп бақты ол әзірет.
Біреуі : ,- Мәссаған !Құдай сені нәби етіп жоладады ма
? -, деді .Келесі біреуі : Әлде сенен өзге пайғамбар етіп
жолдауға ешкім таппады ма -, деп ерегесіп
қалды. Үшіншісі : ,- Мен сенімен сөйліскім келмейді.
Неге десең , өзің айтқандай , шынында нәби болсаң ,
сөзіңді жоққа шығару кесірсіз болмас ; ал жалғаншы
болсаң өтірікшімен сөйлеп нем бар.
Рәсулаллаһ бұлардан күдер үзген соң басқаларымен
әңгімелескісі келді. Себебі ол әзірет қажыр мен
табандылықтың тауы іспетті еді. Дегенмен , ешкім
сөзге құлақ аспастан , бәрі біздің қаладан тез өкшеңді
көтер де қайда кетсең сонда кет десті. Алланың елшісі
( с.ғ.с. ) олардан әбден торығып , қайта бастағанда ,
әлгілер шаһардың жас өспірімдерін ол әзіретті
келемеждеп , шапалақтап , тас сыбап т.б. қалағанын
істеуге айдап салғаны сонша , оның кебістері
сорғалаған қанға боялып кетті. Пайғамбар осындай
аянышты жағдайда ол қаладан кері қайтты. Ол
тентектерден құтылғанда ,мұңсыз жаратушының
алдыа былайша мінажат етті:
О, Аллаһ!әлсіз , жалғыз да қор қалғаным үшін
саған ғана шағынамын , ей мейірімділердің ең
мейірімдісі ! Сенсің әлсіретінділердің йесі де менің
йем. Мені кімге тапсырғаның ? Мені көре кіржйетін
жатқа ма, әлде маған үстем қылған жауға ма ? Жөне
сен маған ашулы болмасаң оқасы жоқ. Сенің
қорғауың маған жетер кеңшілік. Түнектерді
жарқырататын әрі дүнйе мен ақырет ісін оңғарар
жүзіңнің сәулесіне , маған ашуың келмей ызаңа тап
болмайын деп сыйынамын да. Сен разы болғаныңша
өзіңе оралу керек. Сеніңсіз өзгеріс те шара да
болмас. Алланың қаһарлы шені қайнап , Әзіреті
Жебірил дереу қызметке келе сәлем айтып : Алла
тағала сенің жұртыңа айтқан сөзіңді және олардың
жауабын да естіді. Енді таулардың періштесін саған
жолдаған не десең орындасын деп , хабар берді . Ол
періште де қызметке дайын тұра сәлем беріп : әр не
бұйрық болса бұлжытпай орындаймын,- деді,-
Пәрмен етсең , Тайыф қаласының екі жағындағы қос
тауды бір біріне жабыстырамын Тайыфтың бүкіл
тұрғындарын жойып тастау үшін. Басқалай әміріңіз
болса да қызметте бармын.Ол әзірет (с.ғ.с. ) кең
пейіл де мейірімділікке сала : ,- Жоға , менің Құдай
тағаланың дергасынан үмітім – егер болар өздері
мұсылман болмаса да ұрпақтары Алла тағалаға
табынып ғибадат етер.
Түсіндірме : Мінеки , Біз іліктік деп мақтанып жүрген
керемет заттың қылығы. Біздер болсақ , сәл
машақат таршылықты және әнтек мінеуді көтере
алмай , тулағанымыз сонша , өмір бойы кектене
жүріп шектен ассақ та Мұхамбет үмбетіміз деп бөсе
береміз. Алланың елшісі осындай қиын машақат пен
ызаға көре де оларды қарғамады да оларға
өшікпепті.