ӘЛЕМ / Ресей

Шешенстан үкіметі оқушы қыздардың етегін тобығына түсірді

Сұлулық байқауына қатысып тұрған орамал таққан шешен әйелдер. Грозный, 16 қыркүйек 2010 жыл

Сұлулық байқауына қатысып тұрған орамал таққан шешен әйелдер. Грозный, 16 қыркүйек 2010 жыл

07.04.2011

Шешенстан мектептерінде оқушы қыздар жетінші сыныптан бастап енді орамалға қоса ұзын юбка киіп жүруге міндетті. Жаңа дресс-код, яғни киіну ережесі қызу талқылау тудырды.


«КИІМГЕ ЕМЕС, БІЛІМГЕ НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК»
Енді қабылданатын ережеге халықтың пікірі әртүрлі. Кейбір ата-аналар мен мұғалімдер бұған наразы. «Мектепте жетінші сыныпта оқитын қызыма мұғалімдері енді тобыққа дейін жететін юбка киіп келулері қажет екендігін айтып ескертіпті. «Жоғары жақтан» сондай бұйрық келген көрінеді. Сынып жетекшісінен осы мәселенің жай-жапсарын сұрағанымда, ол жарытып ешнәрсе айта алмады. Меніңше, баласының мектепке қандай киіммен баратынын білім министрлігі емес, ата-ананың өзі шешу керек. Білім министрлігі мұнан гөрі білімнің сапасын көтеру, мектепті компьютер сыныптарымен жабдықтау, интернетке шығуға мүмкіндік жасау жағымен бас қатырғаны жөн болар еді» деген «Кавказский узел» интернет басылымына ойын білдірген Индира К. Есімді Грозный тұрғыны.

Ал Раиса есімді Грозный мұғалімі: «Баланы бірінші сыныптан бастап тұмшалау барып тұрған шектен шығушылық. Егер Шешенстанда екі-үш жылдан кейін Иран немесе басқа да ислам елдеріндегі сияқты хиджаб тағу міндет болатындай жағдай орнаса, бұған таңдануға болмайды» дейді.

БІРІНШІ БАСШЫНЫҢ КӨҢІЛІН ТАБУҒА ҰМТЫЛУ
Құрылыс министрлігіндегі бір шенеунік: «Бізде бар нәрсенің Қадыровтың тұсында орындалып жатқандығы таңданарлық жайт емес. Мәселен, Сталиннің тұсында көптеген басшылар соған ұқсап киінуге тырысты, ал Хрущевтің кезінде бәрі жаңа бас хатшыға қарап еліктеді» дейді.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың 2007 жылы шыққан жарлығы бойынша, елде әйелдерге, оның ішінде студент қыздарға да қоғамдық орындарда орамалсыз жүруіне тыйым салынған. Ал 2008 жылдан бастап мектеп оқушыларына да (қыздар) бірінші сыныптан бастап басына орамал тағып жүруі жайында ереже шықты.
Шешенстан үкіметінің басшысы Рамзан Қадыров Шешенстан-Бразилия достық футбол ойынының бірінші таймынан соң ұлттық би билеп тұр. Грозный, 8 наурыз 2011 жыл

Басына орамал тағып жүруге мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін әйелдер де міндеттенген. Бірақ республикалық билік органдары шешен әйелдеріне ұсынған бұл ереже тек ұсыныс ретінде ғана пайда болған. Оған қатысты ешқандай жазбаша нұсқау шықпаған. Биылғы қаңтардың 25-і осындай жарлық шығарған республиканың вице-премьері, республика жетекшісі әкімшілігінің басшысы Магомед Селимханов бұл құжатқа қол қоюына Рамзан Қадыровтың ауызша тапсырмасы негіз болды деп мәлімдеген.

Human Rights Watch («Хьюмен Райтс Уотч») халықаралық құқық қорғау ұйымының Еуропа мен Орталық Азия бойынша бөлімінің директоры Рейчел Денбердің пікірінше, хиджабты зорлап таққызу да, күшпен шешкізу де халықаралық заңдарға қайшы.

Осы ұйымның Мәскеудегі бюросының басшысы Татьяна Локшина Шешенстан шенеуніктеріне бірыңғай киім үлгісін міндеттеу жайлы жарлықтың Ресей Федерациясының заңдарына қайшы екенін айтады. Мұндай іс-әрекет көбіне республика басшысының риторикасын заң ретінде қабылдаудан туады. «Мысалы, Рамзан Қадыров жергілікті телеарнада әйелдердің қалта телефонымен сөйлесуі олардың зина жасауына себеп болуы мүмкін деп сөйлей салысымен, оған бағынышты полиция жасақтары көшеде сөйлесіп тұрған жас қыздардың қол телефондарын жұлып алған әрекеттер болған» дейді ол.
Пікірлерді іріктеу
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
07.04.2011 20:16
Ұрысұлтан алжығанының салдарынан орамалға байланысты айтылған оттауы үшін мұсылмандардан кешірім сұрауы керек!

Міне, қандай әдемілік, қандай жарасымдылық, табиғи тазалық!!! Шіркін ұлт болсаң шешендердей бол!
Шешеннің қыздары Саин көшесіндей көшелерде тәндерін сатпайды...
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: қазақия
08.04.2011 14:37
рас айтасыз! Ұлы - намысқой, қызында -ұяты бар шешендер әлі-ақ ел боп кетеді. Орыстың да құлар күні алыс емес, баскасы басқа дәл осы шешендер орыстардың бодандығынан құтылады әлі-ақ Аллаһ жазса!!!!

Ал біздің намыссыз елбасымыз біреудің қызын қалай шешіндірсем деп әлек...

Жетімдер үйі, жезөкшелер үйі дегеннен аяқ алып жүргізсіз елімізде. Елбасы деген сондай нәрсемен күреспей ме екен, айелдердің жаулығымен күресекенше:!
немесе неге ана сансыз христиан сектасымен күреспейді елімізде тайраңдаған??
неге айтпайды, соларға біздің ата-бабамыз христиан болмаған деп?!
намыс жоқ олай айтатын!

Кімнен: 444
07.04.2011 21:33
Қандай керемет! Міне ұлттың намысы деген осындай болу керек! Шешен қыздарының бастарында хиджаб. Олар: "Бұл арабтардың киімдері!" - деп біздің дүмше қазақтар сияқты қызылкеңірдек болып отырған жоқ!
Пікір алмасу



+Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.04.2011 09:14
Шешелеріңнен үйренбей, енді зұлым Шешендерден үйренбексіңдер ме? Құдай сақтасын! Алла өзі кешірсін.


біреуге соның ішінде қазақ қауымына ақыл айту үшін ақыл болу керек. Өзі бірақ милион шешендер қазір орыс үкіметінен алым-салық алып отыр. Орыс үкіметі олармен мәмліге баруына тура келді. Сен бідерге қарсы әрекет жасама, ал біз сендерге ақша беріп тұрамыз деп. Қазір Грозный қаласын қараңдар, араб елдерінің қаласы секілді. Интернеттен іздесеңдер табасыңдар. шешендер сендер секілді қыздарын басқаға бермейді. Қыздары қыңқ десе, орнына қояды. қыздары да бара қоймайды басқаға.
Сіз аузыңызға Алланы алады екенсіз, ол жақсы, бірақ, Алланың үкімі бар әйел, қыз балдарға әурет жерін жауып жүру жөнінде. Ал сіз орамалға қарсы шығып отырсыз.

Тағы да қайталап айтамын; Қазақтың тағдыры- әйелдерінің басындағы орамалында! Кішкене шешен ,дағыстан ұлтынан үлгі алайық, ағайын! Әрине жақсы жақтарын.


 
Кімнен: Алаш қазағы Қайдан: Қазақия
08.04.2011 13:55
Иранның, Пәкістанның, Шешендердің, Түріктердің, Малайзиялықтардың, Индонезиялықтардың, Ливиялықтардың, Марокколықтардың, Алжирліктердің, Өзбектердің, Әзірбайжандықтардың ж/е Еуропа мемлекетіндегі славян халықтарының мұсылман әйелдері бір үлгідіегі заманға сай иджаб киіп жүр. Олардың ешқайсысы біздің қазақтар сияқты: "Бұл арабтардың киімдері !" - деп атой салып отырған жоқ!
Ал біздің қызық қазақтар "Ойбай! Біздің әжелеріміз кимешек киген, бұл арабтардың киімдері!!!" - деп қып-қызыл кеңірдек болып отыр! Не өздері кимейді.
Хиджаб - ұлт нәсіліне қарамайды! Бұл Алланың әйел затына пары етілгенін түсінетін уақыт баяғыдан келген!!!

Кімнен: Асау ТАРПАҢ
08.04.2011 14:00
Қазақты атеистер құрта алмайды. Олардың дәуірі өткен, қосындары құрғаған.
Қазақты өзге дінге өтіп кеткендер де құрта алмайды. Олардың саны шекті және көбі белгілі бір себеппен, кейі жекелік жындылықпен өткен. демек оларда дәстүр жалғастығы болмайды.
Қазақты фанаттар, қуып кеткендер, шаш ал десе бас алатын, кітапты оқуды біліп, ой жүгіртуді білмейтін, ұлттық тамырына жау көзбен қарайтын, исламды догмаластыратын, киіміне қарап жүрегін өлшейтін, әлемдік өркениеттің озық үлгілері мен ортақ құндылықтарды исламға қарсы қоятын, ислам секталары құртады. Олар уахабиттер, Салафиттер, қураниттер, нұршылар, табиғи жамаһа, зікіршілдік секілді қазақ даласына, қазақ рухына, Алла жаратқан ұлттық болмысына жау азғындаған, бұрмаланған, ұятсыз, жауыз, сүркей, сұрқия, екібеткей, түнек ағымдар! Қазақтың рухына қармақ салып, жас жігіттер мен қыздарды қызықтырып, қорқытып өз соңдарына салпақтатқан бұл арсыз ағымдар себебінен біз өзімізбен өзіміз тарихта болмаған діни қайшылыққа ұрынып, қазақтың жартысын кәпірге шығарып, дүние-ғаламнан тұмшаланып, о дүние үшін бұл дүниені қаралаумен айналысамыз, қазақты оның тамырына қарсы соғыстырамыз. діни бөлектену, әсірешілдік дегендер қайшылық туғызады, ал қайшылық қашанда соғысқа апарады. халықты қамшымен айдасаң да хиджабыңды киетіндер аз сандылар ғана болады. Ендеше үй ішінен үй тігіп, ерекешеленген, әсіреберілген бағытты үгіттеу ұлтты құртуға бастау. Хиджабсыз да әйелдердің, қыздардың адамгершілігін, арлылығын тәрбиелеуге болады, отбасы, мектеп, қоғам арқылы, хиджабсыз да Қазақстанда көп санды әйелдер ұятты жерін жауып жүр. неге хиджабты азаттық болып, басқасы болып, теке сақалы шошаңдап, аузынан көбік ағып жүрген сектанттар болып үгіттей береді? Бір ғана себептен, олар санасыз түрде түркілерді ыдыратудың белгілі бір тапсырмасын алған. көзі фанаттық секталық идеялармен торланып, рухы қарайған бұл әумесірлерге ақыл айту керек емес, олардың мына дүниеге әкелер жамандығын өлім ғана тосады. демек оларға айтқан ақыл құмға құйған сумен тең. Біз ұлтты сақтау мен әлемдік өркениетте дамыту үшін, эко-тех-мәдениетте өрге бастыру үшін сектанттарға емес қарапайым адамдарға шындықты айтып, ақиқаттың не екенін ұғындыруымыз керек. Ал қазақты түрлі топқа бөліп-жарған сектанттарды құдай жазаласын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.04.2011 13:43
Асау Тарпаң! Құран ақыл иелеріне түскен кітап. Саған емес! Алланың қаһарынан құтыла алмайсың!!! Нүңкір мен Мәңкүр қабірде саған барлығын есіңе салады! Әзірше құтыра бер! Саған мүмкіндік берілді, ібілістің құлы!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.04.2011 14:32
+0 / -0
Оны барған соң көріп аламын және сенен көмек сұрамаймын. Ал сен өзіңнің қазақты жою миссиясын орындап жүргенің үшін, қазақты хиджабқа орағалы жүргенің үшін екі дүние азабына түспеймін деп ойлайсың ба? Тозақта бәлкім сен ұзақ жанарсың.
Пікір алмасу

Кімнен: Мойша
10.04.2011 16:11
+0 / -0
Асау Тарпаң замандасым! Қазақты төбедегі жалғыз көз дәуден, етектегі жеті басты жалмауыздан қалай құтқарамын деп, іші қазандай қайнап отырған өзім сияқты дәрменсіз көп қазақтың бірі екеніңізді сеземін. Мына бит сақал иттер үре берсін! Елемеңіз! Бізге де таң атар, күн шығар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: асаудың тозағы
09.04.2011 13:51
Алланың әміріне қарсы шығып отырған, Асау Тарпаңға Құдай жазасын берсін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.04.2011 17:05
------ Асау Тарпаң жабайы болған соң ниеті де, пікірі де жабайы! мұсылмандарды сынаған сайын Құранда жазылғандай жүрегі қарайып келеді. асау деген бейшараға көңіл бөлмеңдер!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.04.2011 14:31
+0 / -0
уахабиттер, Салафиттер, қураниттер, нұршылар, табиғи жамаһа, зікіршілдік
Аталған ағымдағылар мұсылман емес.
Пікір алмасу

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
10.04.2011 10:41
Асау тарпаң аманба ?
Асаулана , тарпаңда !
Қзақтардың аруағы ,
Болса керек арқаңда .
Сен боларсың әйтеуір ,
Мысалы қазақ әманда .
Мойын бермес бұғауға ,
Қашақ заты қашан да.
Дінсіз тұрсын діндарлар ,
Дінкелетіп алған ба ?
Жалаңаштап атеист ,
Кете берді арманда .
Хижабына мәжбүрлеп ,
Мәз болмас ау заманда.
Есекті екеш есекті ,
Көңіл бөліп қараң да .
Отқа айдасаң сен оны ,
Тақырға қашар табанда .
Чешен менен Орыстар ,
Басқалар да жаһанда ;
Кете берсін жөнімен ,
Еркі білсін Қазақ та .
Иман тапса асауың ,
Көтерілер аспанға .
Өзі ақ мойын бермесе ,
Жеңері жоқ жалғанда