Өзін-өзі билеген ел бақытты

16.03.2011
Жетпіс жыл бойы Кеңес одағын басқарған көсемдер, қоластындағы одақтас елдер басшыларын өз халықтарына қарсы қойып, үгіттеп, жаман әлеуметтік стереотиптерді бойларына терең сіңіртті.

Соның салдарынан, еліміз өз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан-ақ басшыларымыз дара қазақ халқымен ұлттық мемлекет жасау мүмкін емес деп шешті. Назарбаев бірден өз жұртына, қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттігінің бірден бір құқықтық-тарихи мұрагері ретінде қарамады. Кең байтақ жеріміздің қазба байлықтарын, мұнай мен газды шетел компанияларына тарқатып берді. Олардан түскен қыруар қаражат талан-таражға салынды. Ақырында, Қазақстанның байырғы халықы өз бабалары жерінде осы күнге дейін, өгейлік тұрғысында өмір сүріп келеді.

Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша тоғызыншы орынды иеленеді. Ғасырлар бойы кең байтақ жерін басқыншылықтар мен шапқыншылықтардан қорғап, аман сақтап қалған мемлекетқұрушы байырғы ұлт қазақтардың, жер үсті мен жер асты байлықтарынан өзіне тиесілі заңды сыбағалары бар. Заңды түрде ретін тауып, Қазақстанның барлық дүниесін, жерін әр қазаққа кезінде өркениетті жолмен тең үлестіріп бергенде, бүгін әр қазақ өзіне тиген мұрасын жүз есе көбейтіп, шылқып байып отырар еді. Азаматтары байыған мемлекет де байып, жаһанның алдыңғы қатарлы дамыған елдері қатарында жүрер еді.

Өзінің меншігіне ие болып, өз бизнесін ыждағатты өркендетіп менеджер болу, әр қазақтың қолынан келмейді емес, келеді. Қолынан іс келмегендері жерін немесе дүниесін қазақ іскерлеріне жалға беріп қояр еді. Президент мемлекетте үзбей жиырма жыл басшылық жасап отырған соң, ел өкіметімен жабылып, «қазақ халқына өз елі байлығын тең үлестіріп беру» жұмыстарын бүгін заңды түрде реттеп қойғанда, елі үшін істеген ерең істері бағаланып, байыған жұртының шексіз алғысы мен қолдауын тауып. Осы кезде, шынайы түрде «Елбасы» аталар еді.

«Қазынасы бар елдің, қазаны ортаймайды» дегендей, мен айтып отырған әңгіме ол құр қиял емес. Қара алтынды сатудан түскен қаражатты барлық байырғы жұртына тең үлестіріп беретін әлемде араб елдері жоқ емес, бар.

Біз барлық байлығымыздан қағылғанымыз былай тұрсын, әлеуметтік- экономикалық салада мемлекетіміздің жетістіктері де шамалы. Егін және дәстүрлі мал шаруашылығымыз да айтарлықтай мәз емес. Ет өнімдерін және басқа да барлық азық-түлікті шетелден тасып жеп-ішеміз. Тіпті, ине жібімізді қытайдан алдыртамыз.

Дайын өнім шығаратын өндіріс саласы, индустрия мүлдем дамымаған. Себебі, бизнесмен мырзалар елге жанашырлық танытпайды, ұлттық капиаталистер жоқтың қасы. Есесіне, алаш жерінде кәріс, жебірей, өзбектен шыққан миллиардер нувориштер баршылық. Тоқетері, еліміздің байлығын талан-таражға салып, ұрлап жейтіндерге «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ. Ұлттық нигилизм қазақтың зиялы қауымының бойын жаулап алғанға ұқсайды. Асыл дәстүрлерді ұстанатын ұлттық ақсүйектер институттарын қалыптастыру жайында осы күнге дейін ешкім сөз қозғаған емес. Осыған қарағанда елімізде асыл сүйектер тұқымы мүлдем қалмағанға ұқсайды. Қалмаса, жаңа ақсүйектер бой көтеру керек.

Алақандай 15 миллион тұрғыны бар Қазақстан Республикасы азаматтарын ажыратып, «мемлекеттімізде 130 ұлт өкілдері тұрады, олар бір-бірімен тату өмір сүреді» деп жаһанға жар салғанымыз дұрыс емес. Бұл мақтанғанымыз әлем жұрты алдында ерсі көрінеді. Ғаламда бізге қарағанда сансыз халықтар тұратын мемлекттер баршылық. Байқасаңыз, әлемде бізге ұқсап даурыққан бірде-бір ел жоқ. Себебі, олар полиэтникалық саясатпен ойнауға болмайтынын біледі. Қазіргі жағдайда біздің биліктегілер «ертегі бағында» өмір сүріп жатқандарын көреміз. Шындығына келгенде Республикамызда тұратын өзге ұлт өкілдері болашағына алаңдайды. Себебі, өкімет жиырма жыл ішінде оларға қазақ тілін үйретпеді, және жақын арада да үйретер түрлері де жоқ. Қазақтың жиырма жыл бойы орыстың көңіліне қарап орысша сөйлегені болмаса, ешкімнің алдында еш кінәсі жоқ. «Барлық Қазақстан Республика азаматтары мемлекеттік тілде сөйлеңдер» деп, ендігі жерде біз қатаң талап қоюымызға толық хақымыз бар.

«Ұлттық патриотизмсіз» ұлтты сақтап қалу мүмкін емес. Ал, ұлт болмаған жерде мемлекеттік деген ұғым да жойылады. Сондықтан, әр қазақ баласының тұла-бойына, ұлттық патриотизмді мықтап қалыптастыруымыз қажет.

Алдағы өтетін әділетсіз сайлауда баяғы бір адам жеңіске жетсе де, сол сайлаудан кейінгі сайлаулардағы жеңіс, ұлт патриоттарында болады деп сенемін.

Келер сайлауда Елбасына қарсылас болатын адам жоқ, деп президент атқосшылары мәлімдеме жасағанын барлығымыз білеміз. Ендігі жерде, ел басшылығында ұзақ жылдар бойы отырған адамға барлық адам бәсекелес болып, сайлауда еркін Қазақстанға дауыс берулері керек деп ойлаймын.
Пікірлерді іріктеу
     
Пікір
Кімнен: Қуаныш Мұқтай Қайдан: Алматы
16.03.2011 19:32
ОТАН

Отан!
Бар деп,
Мен сені қалай айтам –
Ашқарақ қорқауларға болсаң апан?!
Анам да бола алмадың,
Панам да,
Жоқты бар деп қалайша тамақ жыртам?!

Отаным сен едің ғой – Атамекен!
Қай бабам, сені іздеп, тапты екен?!
Төріңе жалаң аяқ шыққанымда,
Сыртыңды беріп неге кеттің екен?..

Несін айтам...
Бәрі де өтер тоқтаусыз,
Қызығы да болмас еді жоқ-барсыз.
Қорқатыным –
Сөнер болса жарығым,
Ұлт ретінде өшермін деп жоқтаусыз.

О, Отан!
Ұлың емес,
Құлың болдым –
Иесі емес жерім менен суымның.
Шаққызып қойғаныңда жыландарға,
Кім қайтармақ зәрлі уытын уының?

Тігерге тұяғым жоқ, тізе көрдім,
Ілбиіп көш соңынан тезек тердім...
«Көп ұлттың» ішіндегі көзге сүйел –
Болғандықтан айдалып, малша өрдім.

Ордасы шымқай ұры, жемқорлардың,
Шетінен сүле науқас шонжарлардың.
Көрер ем әуселесін әуейлердің,
Туырлығы «тілінсе» Ақ Орданың!..

Өзімді, өзгені де, алдай алман,
Тап бүгін пана болар жоқ қой орман.
Бөлінген отарларға қойдай ұлтым,
Отыр ғой тұқырайып алқа-қотан...

Шиыршық атқан жүрек дүрсілдейді,
«Іш мерез сатқын жүйе өлсін!» – дейді.
Қаламсаппен жазылған жаугер өлең,
Күні ертең зеңбірек боп гүрсілдейді!..

Ей, билік!
Ақиланба
Тыңда мені!
Жиырма жыл шыдадым ғой мен де сені.
Тап қазір отырсыңдар отпен ойнап,
Тиыш қана қайқайыңдар – сол ғой жөні!

Нұрсұлтан!
Бері қара!
Тыңда мені!
Адам деп санамаймын мен де сені.
Отаным – Жерім еді –
Саудаладың!
Байыдың,
Мүйіз шықса,
Көрсет қане?!

Мысырды көзің көрді,
Қалай екен?!
Шекеңе оқтай батып тиді ме екен?..
Қазақ та шеменде боп жата бермес,
Бос белін тәуекелге буар бекем!..

Отан ол, туған жерің – Атамекен!
Туған жерде
Туған ұлт тұрады екен.
Іздей алман еш жерден басқа жерді,
«Көр ұйығы» болса да,
Мынау мекен...

Мақаланы жазған азамат нағыз қазақ, өз ұлтын шексіз сүйген Ер Азамат екен! Рахмет бауырым!

Азаттық радиосы ұжымына айтарым, осындай шындық мақалаларды әрқашанда жариялап, халыққа неғұрлым көп таратса ер-азаматтарымыздың көздері ашыла берген болар еді. Ұрлықы жүйенің күні өшер күн жақындай түскен болар еді...

Кімнен: Болашақ
17.03.2011 10:10
осындай өмірден түңілгендерді көрсем, аянышпен қараймын, ал мен Қазақ елінде туып, Қазақстанда тұрып жатқаныма қуаныштымын! Еліміз ашық жарқын болса, соған сәйкес Елбасымыз да бар!
Пікір алмасу

Кімнен: Жебе Қайдан: Талдықорған
17.03.2011 12:38
Ее сендей көрсоқыр жантықтар қуанышты болмағанда кім қуанышты болар дейсің алдамшы дүняиға! Жүре берсей солай әлденеге мәз-майрам болып есуас сорлаған. Сендейлер туған жерді туған елді қайтсын. Мал да алдындағысын күйсегенге жүре бермей бауыздалар алдында бір мөөөөө деуші еді мөңіреп, сендейлердің мал құрлы да бола алмағандарынан ғой биліктің басымызға секіріп ойып отырғаны жерді оны сатып, елді оны тағы сатып қытайларға.........
Пікір алмасу

Кімнен: Көрген
18.03.2011 10:33
+0 / -0
"Болашак" «Зұлымдық мекені» киносындағы зомбидін өзі болып табылады. Ондайлардын көзін құртуға Элис керек. http://www.azattyq.org/content/blog/2323035.html

Кімнен: Оралман
17.03.2011 15:40
Өте дұрыс айтылғанақ, өте мөте шетлдің бйлеп төстеп отырған мекемелерде анық байқалады? Нақты тіл жөніндегі заң қабылданбай көзіміз ашылмайтын шығар? мен өз отанымда Басқатылды білмегендігім үшін. қаншама жабір көріп келем. өз отанында өгейсігеннен асқан қорылық жоқ шығар сірә бұл өмірде????

Кімнен: Ақсүйек
18.03.2011 10:40
Шынымен де, осы ақсүйектер тұқымдары бармекен? Бар болсандар шығындар! Пікір жазындар!
Пікір алмасу

Кімнен: Тағыда Ақсүйек Қайдан: Ауылдан
26.03.2011 16:33
Иә әрине өз елімізде өз тілімізде сөйлеген жөн болар бірақ басқа елдерді не істейміз?

Кімнен: Magzhan Satpaev Қайдан: Kyzylzhar
18.03.2011 14:20
бір қызығы кәзіргі билікке қарсы мақалалар жазатын сайттардың пікірлеріне - елбасы кемеңгер, елбасының салиқалы саясаты деп бөсіп жүрген мемлекеттік ақпарат құралдарының Хабар, Қазақстан телеарнасы сиятқты, журналистері, - мақтап жер-көкке сиғызбай жүрген көсеміне қарсы Ұрысұлтан, сатқын деп- тағы бірдеңе деп жазып отырады -белгісіз аттармен. қызық. сәл еңкейсе арқасынан пышақ ұруға бар бұлар. тағы мешітке баратын біраз кісілер де осылай жазады.

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
02.04.2011 09:36
Мұрат емес байлығың ,
Ұят емес жарлығың .
Көтере алсың байлықты ,
Мәлім болар нарлығың .

Зекет бермей жиған мал ,
Иесін қылар бір күн зар .
Сүндетсізге бұйырар ,
Әлде көрге тықтырар .

Иман тұрар тоқтықта ,
Қашады және жоқтықта .
Мал ашуы - жан ашу ,
Ел ақына қол тықпа .

Аш , жалаңаш қалса ел ,
Бекем буып онда бел ;
Буырқанып айқай сап ,
Сені ұшырар сонда жел .

Қараңғыда кел есті ,
Егер болсаң сен есті ;
Қарындастың дауысын ,
Қиын қылмай бұл істі .

Жаттай сыйла еліңді ,
Жат сыйласын бойыңды .
Жаға берсең жаттарға ,
Бастар талай ойынды .

Көппен көрген - ұлы той ,
Мен - мендікті енді қой .
Елдің етін жей берме ,
Олар емес ешкі - қой .

Жуан шығар жуастан ,
Қоймай оны жылатсаң .
Халық қойнын ашар да.
Шындап егер жұбатсаң