قاجی عوُمار شابدانوُلی : وتار حالقتكٌ ؤمئر سوُروٌئنئكٌ ؤزی قلمس
ҚАЖЫҒҰМАР ШАБДАНҰЛЫ: ОТАР ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУІНІҢ ӨЗІ ҚЫЛМЫС
- Сәрсенбі, 16 Ақпан 2011, 15:37
- Жаңалықтар
- 135 рет оқылды
- 9 пікір

Жарты ғұмыры қуғын-сүргінде өткен Қытайдағы қазақ қаламгері Қажығұмар Шабданұлы өмірден өткені жайлы ақпарат Қазақия рухани кеңістігін кезіп жүр. Әлем жазушыларының тарихында түрмеде ең ұзақ отырған осы кісі екен.
Қаламгер Қабдеш Жұмаділов айтқандай, біздің ел сонау бір қиырдағы азаттық үшін алысқан қара негр түрмеге түсіп қалды десе, жатып кеп еңірейміз. Ал, іргедегі елдің түрмесінде шегедей қатып жатқан қазақ бар десе «Е, ол ма…» дей саламыз.
Өйткені, қазақтың түрме де жатуы жарасатын сияқты. Оны «құтқар» деп айтуға қауқарымыз жетпеді. «Ой, ол басқа ел ғой, оның ішкі ісіне араласуға хақымыз жоқ» дейміз де, үнсіз қаламыз.
Ал, олардың хақысы бар. Қазіргі таңда еліміздегі мұнай саласының 70-80 пайызына қытайлық компаниялар иелік етуде. Ұлан-ғайыр байлығымызды бердік-ау ақысына «ана бір түрмедегі шалды босата салыңдаршы» деп, айтуға дәрмен жоқ!
Марқұмға бар қылған жақсылығымыз, соңғы жылдары 6 томдығын басып шығардық. Оның өзі там-тұм ғана. Тиражысы 2 мыңнан аспайды. Жарықтық көзі тірісінде, ұзақ ойланып отырып: «Басқыншылар үшін отар халықтың өмір сүруінің өзі қылмыс саналады» депті.
Сондықтан да болар көп томдық шығармалар жинағын «Қылмыс» деп атаған. Оны жазғанда тілдей-тілдей қағаздың қиындыларын пайдаланған. Бірде атыздың арығынан өтіп бара жатып, терең орға түсіп кетіп, төс қалтасындағы барлық қолжазбасына су тигізіп алыпты. Содан күні бойы сарылып қағаздарын күннің көзіне кептіріпті. Қолыңыздағы «Қылмыс» романы бізге осылай жеткен.
Марқұмның бұл өмірде көрген қиындығы, сауапқа айналып о дүниеде берекесін берсін! Алланың мейірімі мен рахымы нәсіп болғай!
Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

9 пікір. “ҚАЖЫҒҰМАР ШАБДАНҰЛЫ: ОТАР ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУІНІҢ ӨЗІ ҚЫЛМЫС” мақаласы үшін
Шабданұлы Қажы Омар ,
Жатқан жерің жәй болар .Кім де болса саған Өш ,
Ертең күні ақ ғай болар .Жерді берген бөгдеге ,
Ерді қиған өзгеге ;Бұндай нашар ездерді
Жібі түзу ел деме* * *
Қажы ғұмары Щабданның
Міне жерді жастандың
Қанды ма екен айызы
Өшкір жаман қастанның
" Қылмыс " бола жазғаның
Ізгі бір із тастапсың
Тарқап жүрген Қазаққа
Жақсы сәлем жолдапсың
Сендей қашақ Қазақтар
Саған айтар мұңдаспын
Қытыайға сені қиғанды
Қазақ қой деп нанбаспын