Мұсылман болғым келмей кетеді

Қажылардың Мекке мешітіндегі ақшам намазы. Сауд Арабиясы, 12 қараша 2010 жыл. Көрнекі сурет

Қажылардың Мекке мешітіндегі ақшам намазы. Сауд Арабиясы, 12 қараша 2010 жыл. Көрнекі сурет

29.11.2010
Кейде мұсылман болғым келмей кетеді. Неге екенін білгілерің келе ме? Онда айтайын. Бұл – менің ислам дінін негізсіз екенінен, Аллаға сенбегенімнен емес, сол ислам дінін жамылған қаптаған қалың сектадан және олардың ырың-жырың тартыстарынан, итжығыс күрестерінен жалыққанымнан. Сөзім дәлелді де шынайы болу үшін ойымды толық жеткізейін.

Мен де бұрын «бабамыз мұсылман, ендеше мен де мұсылманмын» деп есептеп, жамандықтан қашатынмын, ислам дініндегі парыздарды орындауға тырысып бағатынмын. Бірақ соңғы кездері Қазақстанның ашық қалған қақпасынан әр түрлі діни топтардың енуімен бірге менің қалыпты өміріме, рухани әлеміме де жиі-жиі шабуыл жасала бастады.

Ең алдымен «өлі разы болмай, тірі байымайды» деген ата сөзіне құлап, бұрынғы өткен бабаларды еске алып, ас берейін десем, онымды «дінсіздік» деді. Халқымыздың сан ғасырдан бері отқа май құйып, келінді оң аяқпен аттатып кіргізуі, беташар жасауы – «отқа, суға табыну, харамдық» болып саналды. Сосын сан ғасырдан бергі төл мәдениетіміз – қобыз бен домбыраға да шабуыл жасалып, ол да көненің қалдығы болып шыға келді. Тіпті, кейбір шала дүмшелер «ән айту – харам, барлық мадақ ән тек Аллаға айтылу керек» деп соқты. Оны айтасыз, соңғы кезде халық арасында қайта жанданып келе жатқан сан ғасырлық тарихы бар «Қаражорға» биін «зинаға апаратын төте жол!» деп, біреулер енді қазақтың өнеріне тіке шабуыл жасап, ислам дінін өркениетке, өнерге қарсы қоя бастады.

Қазір кез-келген теледидардан, газеттен «мешітке баратын, имандылыққа жол алған жастар көбейіп келеді» деп, бөркін аспанға атып жатқан елді көреміз. Бірақ сол имандылыққа барды деген қазақ жастарының әрқайсысы әрбір топтың жетегінде кетіп, бір-біріне қас жауындай қарайтынын, тіпті «мына адасқандарға жиһад жариялау керек, құрту керек!» деп тіс қайрап отырғанын, еліміздің сырты бүтін болғанымен, іші түтін екенін ешкім елемейді. Ертең бір-бірімізге «жиһад» деп оқ атып, отанның да, отбасының да тыныштығын алсақ, өз бауырымызды атып, оны «шаһид» деп, өлген баламызға қуансақ – не боламыз?

Бүгін би мен әнімді күнәға балаған, ертең ішкен қымыз бен жеген қазымды харамға қосатын топас діндарсымақтардан жалығып, шаршаған кезімде мұсылман болғым келмей кетеді!!!

http://kokjal83.wordpress.com
Пікірлерді іріктеу
     
Пікір
Кімнен: Айша Қайдан: Актау
29.11.2010 15:04
фууууу,,,, Осындай создерден, топастыктардан адамнын журегі айниды,,,,сен онсыз да мусылман емессін!
Пікір алмасу

Кімнен: Мурат Қайдан: қазақ даласы
29.11.2010 21:29
Аиша, мына сөздерің сенің кафир екеніңді ғана көрсетеді.

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
29.11.2010 18:21
Толық қосылам пікіріңізге! Орынды ақ. Діншілдер ақ "фууй кәпір, мұсылман емес, Құдайдың кәріне ұшырадың сен, дінде жоқсың уже" деп зарлай берсін. Ақиқатын айту керек.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
29.11.2010 22:27
Әрине мұсылман бола алмайсың...Мұсылман болу нағыз ұлтын жерін сүйген адамның ғана қолынан келетін қасиетті іс....

Кімнен: Мұсылман
29.11.2010 23:46
Аллахтың бірлігін білмей сізге мұсылман болуға ерте,пака дінсізсіз осыны умытпаңыз

Кімнен: намазхан Қайдан: алматы
30.11.2010 00:08
Бул макала баримизге ой тастау,корлердин козин ашу максатында жаксы жазылган. Ал намазхандар ойланындар,биз диндар болып кайда бара жатырмыз. Казирги диндарлар агрессивный болып кетти, олардан журт коркатын дарежеге жетти.Осы жагдайга жетуимизге бас муфтиимиз Абдисаттар Дербисалинин кинаси улкен.Казирги диндарларымыз, биринши пикир жазган кызга уксаган шала сауат фанаттар,осындай тауыктын миындай миы барлар аркимнин жетегинде кетип булдирип жатыр.

Кімнен: Аман Қайдан: Алматы
30.11.2010 00:13
Айша, фууу деп,журегім айниды деп өзіңді жоғары қойып отырғаныңның бағасын Бір Алла біледі.Дін жүректе- мақалада айтылған ойлар негізінен дұрыс. Көп адамның айтып жургені ол сыртқы форма,ал жан-дүниенің тазалығы,адалдығы,шынайы сенім ғана-Алла жолы. Сол Айша Сізде қандай дәрежеде екен? Мүмкін адам монах немесе епископ шығар, білімді,адал,төзімді ж\е т.б жақсы қасиетке бай болса,кімнің жолы дұрыс екенін Алла ғана біледі. Сондықтан баға беріп күнәлі болып қалмайық дегім келеді

Кімнен: қажы мұқамбет қара кедей Қайдан: иранбақ
30.11.2010 00:16
" Күмән діннен айырады " деген қазақ мақал бары - хақ. Бірақ бүл шын сөзді орынсыз айта беру жөн емес ау . Маған десеңіз , діндар - әсіресе мұсылмандар бір - біріне күмәндана бермеу керек . Айнымай өзімдей ойлап не істемей жүргендерді кәпір деп жек көру Исламға қарсы қылық болып табылады . Өйткені барша ақиқатты ешкім бір өзі ғана түсіне алмайды . Алайда адамның білгенінен білмегені көп қой . Сол білімнің діни тармағы да бар . Ал Ислам , өз атына сай , адамдарды бейбітшілікке бастайтың бір ілім болып , елдер арасына жік салудан аман жүреді . Бұл дін , қазақ атам біліп айтқандай , " жылы жылы сөйлесең жылан іннен шығады ; қатты - қатты сөйлесең мұсылман діннен шығадыны " растайды . Мұсылман билігі еш жерді қылыштың зарпымен басып алған емес . Мысалы қазақтар өз еркімен мұсылман болғаны тарихтан белгілі . Осы дінге сүйене өз тұтастығын сақтай да алды емес пе ? Дін бір ұлттың бір - бірі және өзгелермен санасу өлшеуі бола алады да солай болған . Исламға жүгінген анайы арабтар қандай өркениеттің көшбасы болғаны да жасырын емес . Олар мұсылмандықтан бұрын ел санатында жоқ еді . Християндар , жүиттер мен зардөштілер арабтарды езіп жүрді . Өздері де жік - жік болып жыл он екі ай барымта , қырымта мен сырымталап қырылысып жүреді екен . Солар Ислам арқылы бастары қосылып үлт болып қана қоймай басқаларды да одақтастыра бір де бірегей императорлық құрады . Аталмыш одақ , құрама ұлтар арасында төзімділік болған кезге шейін тұрыпты да оның берекесі теңсіздіктің кесірінен құрыпты -мыс . " Кең киім тозбайды , кеңесті құл азбайды " деген аталы сөзге шын мұсылман тоқтауға тура келеді . Жүрісі - тұрысы өзгешелерді кәпір санау Исламға тура келер емес . Қала берді , әркім шүбәланып қалса , тап болған мәселесінің шешуін білгірлерден сұрауға болады . Недегенмен шәкке қалу адамның еркінен тысқары болған соң күнә болып табылмайды ; бірақ бұл ұнамсыздау жағдайдан шығу үшін ақылдаса тырысу тиіс .

К