Тегеран Трамптың Иран кемелерін жою туралы мəлімдемесіне жауап қатты
854 2 пікір 24 Сәуір, 2020 сағат 11:59
Тегеран Трамптың иран кемелерін жою туралы мәлімдемесіне жауап қатты

Abai.kz

Иранға қауіп төнген жағдайда, Тегеран америкалық әскери кемелердің көзін жояды. Ислам революциясының сақшылары корпусының қолбасшысы Хоссейн Салами осылай деп мәлімдеді.
Бұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Парсы шығанағында АҚШ кемелеріне кедергі келдірген иран кемелерін атқылау туралы жарлық берген. Иран әскери катерлерінің АҚШ эсминеціне жақын келгені жөнінде 15 сәуірде хабарланған еді.
Трамп мәлімдемесінен соң Иран АҚШ-тың Тегерандағы мүддесін қорғаушы Швейцария елшісін шақыртты. Оған Ақ үйге арналған наразылық нотасы тапсырылды. Иран билігі Вашингтонды теңіз қауіпсіздігі мен кемелердің еркін қозғалу тәртібін сақтауға шақырды.
Биыл қаңтар айында АҚШ Иран генералы Кассем Сүлейманиді өлтірген соң Вашингтон мен Тегеран арасындағы дау шиеленісе түсті. АҚШ-тың әскери операциясына күшпен жауап берген Иран Ирактағы америкалық базаны атқылады. Шабуылдан АҚШ-тың ондаған жауынгері зардап шекті.
Abai.kz

Қажы мұқамбет қаракедей 2020-04-25 12:36:16
Асқандарды тоспаса
Баса бермек бопсаға
АҚШ пенен Иранды
Тең екен деп боспа да
Жақтырмайды Трампты
Жер жүзінде қаншама
Жүргісі келген егемен
Болар жолы түп - тура
Ал мынау да есірсе
Басын кетер ап қаша
Адам деген пенделер
Жүре бермес тап таза
Зұлымдарға болысқан
Содан көрер көп саза