Абай жұмбақ əлем
Әдебиет 562 2 пікір 3 Қыркүйек, 2019 сағат 12:42
Абай – жұмбақ әлем, зерттелмеген мұхит, игерілмеген ғарыш

Ақылбек Шаяхмет

Кеңдік. Биіктік. Тереңдік. Осынау бір-бірінен ажырамас үш ұғым арқылы Абай жырындағы, Абай сөзіндегі ұлылықты ұғып, ұрпаққа ашып айтамын, не биікке шығамын, не тереңге бойлаймын деген адамның өзі жоғары шықса, басы айналары, төмен түссе, тұншығары анық. Өйткені, Абай рухы аспандай асқақ, қара жердей қасиетті, ақын ойы қазақтың кең байтақ даласындай барлық құпия сырын ішке түйіп жатыр. Абайдың бір өзі – тұтас әлем және көрінгенге ашыла бермейтін, қалтарысы көп жұмбақ әлем, зерттелмеген мұхит, игерілмеген ғарыш.
Кең жазықта көсіле шапқан арғымақ па, қансонарда түлкі алған аңшы ма, махаббат қызығына батқан жастар ма, қас пен көздің арасындай бір сәтте жоқ болатын жалған ба, көкірегін қарс айырған халық мұңы ма, жер басып жүрген пенделердің көрсоқыр надандығы ма, ел билейді деп үміт артқан ағайынның жамандығы ма, күн мен түндей мәңгілік айқасып өтер итжығыс тіршіліктегі игілік пен зұлымдық па, осының бәрі Абай жырларында көрініс табады.

Қажы мұқамбет қаракедей 2019-09-04 23:53:57
Танылмай тұр əлі Абай
Ұға алмапсың сен де ағай
Шəкəрімді зерттемей
Шəгірттері көп демей
Оны таныдым деме
Əуезов болса таныған
Азар ма еді жолынан
Өскен өркен дер ме еді
Комсомолдай көрлерді?
Айдағаның төрт ешкі
Ысқырығың жарды жер-көкті
Мағжанды аса мақтайсың
Əуестікті жақтайсың
Айдағаның төрт ешкі
Ысқырығың жарды жер-көкті
Таныр болсаң Абайды
Абайша бақ маңайды
Медреседен дінді үйрен
Дінсіздерден кел жйрен
Былшыбектен безбеген
Шын үмбетке кірмеген
Тура жолдан адасар
Əзəзілмен қолдасар
Шығыс пенен Батысқа
Кете берер алысқа
Жылт еткенге телмірер
Елді шаңға көмдірер.