Қажы Мұқамбет Қаракедей 2019-03-15 19:02:57

Төте жазу мін бе еді?

Кімді дерсің жөндеді?

Əхметұлы Байтұрсын

Шығарған-ды бұл тұрқын

Оны аударып латынға

Құл қылды ғой батысқа

Тағы беттеп орысқа

Кенелтті ме ырысқа?

Адасқанның алды жөн

 Ана тілге қайта дөн

Бара жатыр соқыр боп

Қазақ деген пақыр топ

Көңіліне қарап өзгенің

Ұсар ма екен өз елің?