مەن ءتىن  4556  50 پىكىر 11 قاڭتار, 2018 ساعات 10:23

مەكتەپتىڭ اۋلاسىندا "قارا جامىلعان" قىزدار ناماز وقىدى

ءشارىپحان قايسار

اقتوبە قالاسى 56 مەكتەپتىڭ اۋلاسىندا قارا جامىلعان قىزدار ناماز وقىدى، - دەپ حابارلايدى اباي-اقپارات بەلگىلى قوعام بەلسەندىسى ايگۇل ورىنبەكتىڭ Facebook-تەگى پاراقشاسىنا سىلتەمە جاساپ.

ايگۇل ورىنبەك بىلاي دەپ جازادى.

"ەلىمنىڭ بولاشاعى ءۇشىن الاڭدايمىن! مىناۋ نە ەندى؟ وسىنداي كوزبوياۋشىلىق كىمگە كەرەك؟ مەكتەپتىڭ الدىندا ناماز وقىپ، كىمگە نە دəلەلدەمەكشى؟ ەلىمىزدى سيرياعا اينالدىرماقشى ما؟ نەگە تىنىش جۇرمەيدى؟ قاي اتا-باباڭ قارا جامىلعان؟

مينيستر ەرمەكباەۆ مىرزا ەلىمىزدىڭ باتىس جاعىن شۇعىل قولعا الۋ كەرەك! مىنالار جاقسىلىققا الىپ بارمايدى!

دەپۋتاتتار مىنالارعا قارسى زاڭ قايدا؟

اقتوبە قالاسى، 56 مەكتەپتىڭ جانىندا تۇسىرىلگەن سۋرەت!".

ءتۇيىن

بۇل سۋرەتتەگى جاستار بىزگە نەنى ايتقىسى كەلەدى. بۇل ساياسي نارازىلىق ەمەس پە؟ ەلىمىزدە رۇقسات ەتىلمەگەن ساياسي اكتسيالارعا شەكتەۋ قويىلماۋشى ما ەدى. كەشە عانا ءدىني باسقارما مەكتەپتەگى قىزداردىڭ ورامال تاعۋىنا قاتىستى ءوز ۇستانىمىن مالىمدەگەن ەدى. قازاقستان مۇسىلماندارى ءدىني باسقارماسى ەلىمىزدەگى مۇسىلمان قىز-كەلىنشەكتەر مەن ايەلدەردى كيىم كيۋ ۇلگىسىندە قازاق حالقىنىڭ سالت-داستۇرلەرىن ساقتاي وتىرىپ، جيناقى كيىنۋگە كەڭەس بەرىپ، پارانجا (نيقاب) كيۋدىڭ سالتىمىزدا بولماعانىن ايتقان. مىنا سۋرەت سول مالىمدەمەنىڭ جاۋابى ەمەس پە؟

ءشارىپحان قايسار

Abai,kz

ГЕК 2018-01-14 18:37:23
Әсіредіншілдікті жоймаса, қазаққа қауіп! Құқық қорғау органдары тәртіпі күшейтуі керек. Мынадай сорақылық сол бағытта нашар жұмыс істелінеді деген сөз. Арабтың құлдары басмызға шыға бастады.
жəй Қазақ 2018-01-14 16:14:39
Шынында қаджы деген атақ емес, бір парызды өтеген Алланың құлы деген сөз. Əйтпесе пəленбай қажы деп Қазақты басыну үшін пайдаланған.
жолан 2018-01-14 16:04:55
қажы мұқамбет қаракедейге Қаракерей болмағаныңа шүкір. Ал Қаджы жасау деген, бес парыздың бірі емеспе. Кəзір Меккеге ит те күшік те барып жатыр. Парызды өтеген Мұсылманның бəрі Хакім немесе Халиф болсын деген Құранда барма. Елді шатыстырма дүмшелер, Аллах жүректе болу керек, жалаң сөзде емес.
қажы мұқамбет қаракедей 2018-01-14 12:27:09
Исламның бес парызының бірі намаз екені даусыз гәп. Ал ондай парызды парыз деп мойындамамағандары Кəпір деп болады. Қала берді бұны өтеуге қарсы келгендер Алланың жауы саналып олармен шайқасу тиіс.Бірақ бұл шараның шерті ислами мемлекет құрылу болып табылады да мұның өзі де көпшіліктің райына байланысты.Демек зайырлы ел де діни еркіндікке қарсы бола алмайды.Сонымен осындай мемлекет те өз заңына қарсы іс қылса оған бағына беру керек емес.Жөне қарсыласу бейбастақтыққа жол беру емес. бейбіт жолмен жүру парыз. Не дегенмен зұлымдық баянсыз болған соң жаратылыс оны жоятыны рас.