Дін

ӘСІРЕ ДІНШІЛДІККЕ БАРМАЙЫҚ, ДӘСТҮРДІ САҚТАЙЫҚ

Әріптің көлемі: Қалыпты
 

Қазақ салт-дәстүрінің ислам қағидаларымен сабақтастығы және өзара үндесуі ерекше маңызға ие. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізбен әдет-ғұрыптардың басым көпшілігі ислам дінінің ұстанымдарынан алынғаны белгілі.

Кеңес Одағы кезеңінде қазақ халқының ұлттық және діни құндылықтарының тұмшалануы, діндарлардың қудалануы мен ғибадатханалардың қиратылуы себебінен өз рухани болмысын қалтарыста ұстауына тура келді. 1991 жылы қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет атанған күннен бастап, жаһандану заманындағы жаңа кезеңдер мен жаңа мүмкіндіктер және бағындырар үлкен белестері күтіп тұрды. Соның бірі діни сенімге деген бостандық мәселесі тыс қалған жоқ. Еліміз діни конфессияларға еркіндік беріп, қоғамның діни білім үйренуіне бет бұра бастағаны айқын. Оның ішінде ислам ілімін толықтырамын деушілердің араб мемлекеттеріне сапар шегуі арқылы бойларына теріс бағытты сіңіріп келгендері де болды. Солардың арасынан өз туған мекеніне оралып, ата-бабаларын адасушылар деп, қазақтың ғасырлар бойы ұстанып келген салт-дәстүрін жоққа шығарушылар қоғам арасында пайда бола бастады. Жоққа шығаруының себебін ислам дініне жаңалықтың енгізілмейтіні және сол жаңалық енгізушілердің қатарынан өзін тәркі етуі керектігін пайымдауда. Сол ұстанымды бойына сіңіргендердің нәтижесінен қаншама отбасы шаңырағы шайқалды. Оның ішінде әке мен баланың өз арасында түсінісе алмауы, дүниеге деген көз-қарастарының қарама-қайшылығы, өзара бірін-бірі жек көруге дейін барған келеңсіздіктер қоғамда орын алып жатты. Соның бәрі қазақи құндылықтарды және ата-бабаларының ұстанымын жоққа шығаруы мен дінді толыққанды түсіне алмай, шектен тыс бұрмалаушылардың арасында өрістей бастағаны анық. Әрбір дәстүрлі дін адамзатты – ұстанымдылыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа, төзімділікке, сыйласуға үндеп, жауласқан екі жақты табыстыруға қызмет жасайтын рухани болмыс. Өкінішке орай, сол рухани болмысты толығымен түсіне алмай, жат ағымның ықпалында жүріп халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне сескене қарайтын азаматтардың бүгінгі күнде шетел асып, бүлікке ұрынған мемлекеттердің қарулы қақтығыстарына да қатысып жүргендерін білеміз. Сондықтан әлемдік деңгейде тараған ислам діні жеткен жерлердің тарихына үңілетін болсақ, халқы өз құндылықтарын сырып тастап, арабтанып кеткенін көре алмаймыз. Өйткені мәдениет қашанда салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптармен сабақтасып жатады. Олардың барлығын бір жақты қарап, бірден тиып тастауға болмайды. Ислам діні әрбір ұлттың болмысын Жаратушының әміріне қарсы болмайтын ерекшеліктерін оң қабылдап, толықтырады.

Жалпы қазақ халқы ислам құндылықтары, ислам мәдениеті мен жаңарту ісіне зор үлесін қосқаны белгілі. Оның дәлелі ортағасырлық мұсылмандық философиялық ойдың қалыптасуы мен дамуына қуатты серпіліс берген қазақ даласының ойшылдары Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмұт Қашқари, Мұхаммед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн және т.б ойшылдар мұралары ислам өркениетінің асыл қазыналары ретінде саналады. Ислам дінінен бастау алып, адамға жан-жақты тәрбие беріп, иманды ұл, ибалы қыз болып, ер жетуіне ерекше көңіл берген ата-бабамыз келер ұрпаққа отаншылдық және ұлтжандылық пен ақыл-парасатты мұра еткен. Сондықтан біздің міндет жасанды жалған теріс діни ұстанымдардан алдын алатындай келешегі зор білімді, адал қызмет атқаратын елінің ертеңі үшін аянбай еңбек ететін, отансүйгіш ұрпақ қалыптастыруымыз қажет. Бүгінгі білім беру жүйесінің барлық деңгейінде, соның ішінде арнаулы орта білім беру ұйымдарында, заман талабына сай, еліміздің зайырлы ұстанымдары мен ұлттық және діни құндылықтары тұрғысынан дәріптей келе, жас жеткіншектердің сана-сезімін, дүниетанымын кеңейте отырып, оларды өз халқының, мұраларын қастерлеп, сақтай білуіне үйреткеніміз абзал.

Ислам ол шынайы өмірмен санасып отыратын дін. Ислам діні - бейбітшілікті, тыныштықты және жұмсақтықты орнату үшін жіберілгені белгілі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) дінді жеткізуіне қатысты бір хадисінде: «Дінді ауырлатпаңдар – жеңілдетіңдер. Қорқытпаңдар – сүйіншілеңдер», – деген. Бұл осы бүгінгі күндегі әсіре діншілдіктің алдын алуындағы айғақтарының бірі. Сол себептен діншілдікке бас ұрмай, дәстүрді сақтайық ағайын.

 

Бекжан Жахин,

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халқаралық орталығы Талдау жұмысы бөлімінің ғылыми қызметкері

Abai.kz

11 пікір 460 рет оқылды Қосылған: 29.06.16
*
    • #1
    • Діншілдерге құман
    • сн, 29/06/2016 - 11:39

    https://www.youtube.com/watch?v=3OzPVubiftM

    • #2
    • Той дегенді қоятын уақыт жетті
    • сн, 29/06/2016 - 11:42

    https://www.youtube.com/watch?v=b_FzhsYWvXI

    • #3
    • Анарбек
    • сн, 29/06/2016 - 13:47

    Құрметті бауырлар сіздер әсіре діншілдердің айтқанына еріп
    біздің тіліміздегі кейбір сөздер арабтан келген дегенге сене
    бермеңіздер, себебі сол араб бір замандарда осы біздің дала
    тумасы болып, осы жерден кеткендігін ғылым анықтап отыр,
    ал біздің салт- дәстүріміз ҚҰРАНИ-КӘРИМНЕН алынған деп те
    айтады, бірақ ислам діні келгенге дейін біздің әдеп-ғұрып
    салт-дәстүіміз қалыптасып қойған ұлтпыз, бұған да ғылымның
    дәлелі бар. Бізге дәстүрсіз исламды тықпалаушылардың
    әректтерінен теріс нәтиже шығып жатыр. Тіпті кейбір ислам дінін үйретушілер бізді дәстүрімізден теріс айналдырғысы келеді, бірақ ол біз қабылдай қоятын жол емес, тек оны бізге дүниенің, биліктің күшімен тықпалап жатыр.
    Ал қазақтың баласына Құран әріптерін үйреткенде оған сен
    үйренген қасиетті құран сүрелері мен аяттарын ата-бабаңның
    рухына арнап АЛЛАдан демеу сұрайсың демесе қазақтың 
    баласы үйренген құранын өздігінше оқығысы келмейді, тіпті
    тез арада ұмытып қалады, бұған менің немерелерім дәлел.
    Құрметті қазақ халқы біз исламды тек бірінші кезекте салт
    дәстүрімізді айтып, соған дәлел ҚҰРАН сүрелері мен аяттарын
    айтып, оны ғылым жетістіктерімен қуаттаған имамның немесе
    ұстаздың аузынан шыққан уағызды дұрыс қабыл етеміз.
    Осыны барлық жерде талап етсек, біздің жастар басқа діни
    ағымдарға ермейтін болады, одан сол ағымдар өздерін қазақ 
    ортасында керексіздігін сезінетін болады. 

    толығырақ >>
    • #4
    • Кәлпе
    • сн, 29/06/2016 - 14:16

    Әсіредіншілдерге сөз өтпейді. Олардың миы дуаланған..9/06/2016 - 15:20

  • Ең алғашқы пайғамбар Адам атаның бауырынан тараған барлық жұртты әр халық әр түрлі айтады. человек, хюман, инсан.Тек қазақ өз атауымен адамдар дейді. Құраннан білетініміз барлық пайғамбарлар мұсылман болған. Сондықтан қазақ "Әлімсақтан мұсылманбыз" дейді, яғни Адамнан жаралғалы мұсылманбыз tps://www.youtube.com/watch?v=b_FzhsYе сенеермеңіздер, себебі сол араб бір замандарда осы біздің дстүіміз қалыптасып қойған ұлтпыз, бұған да ғылымныдәлелі бар. Бізге дәстүрсіз исламды тықпалаушылардыңпалап жатыр.иетті құран сүрелері мен аяттарын ата-бабаңныңрухына арнап АЛЛАдаек, біздің жастар басқа діниағымдарға ермейтін болады, одан сол ағымдар өздерін қазақ ртасында едіншілдерге сөз өтпейді. Олардың миы дуаланған...

    • #5
    • Мақсат
    • сн, 29/06/2016 - 15:20

    Ең алғашқы пайғамбар Адам атаның бауырынан тараған барлық жұртты әр халық әр түрлі айтады. человек, хюман, инсан.Тек қазақ өз атауымен адамдар дейді. Құраннан білетініміз барлық пайғамбарлар мұсылман болған. Сондықтан қазақ "Әлімсақтан мұсылманбыз" дейді, яғни Адамнан жаралғалы мұсылманбыз.

    • #6
    • Дүйсенбек
    • сн, 29/06/2016 - 17:18

    Құран мұсылманның Ата заңы. Ол тек тазалыққа, адалдыққа, тіршілікке қианат жасамауға тәрбиелейді. Одан ауытқуға ешкімнің құқы жоқ. Олай болса ата заң неге бұрмаланады. Адамдар бір біріне оқ атады. Кейбір дәстүрлі діни білімі жоқ молдасымақтар қате уағыздар айтады. Адам өлгеннен соң басқа өмір сүреді дегенді айтады. Ол қате нәрсе болуға тиіс. Әсіре діншілдікке барудың қажеті жоқ екенін жастарға жете түсіндіруді қолға алу қажет. Егер олардың басы бір уланса одан тазарту өте қиын нәрсе .

    толығырақ >>
    • #7
    • атеист
    • сн, 29/06/2016 - 20:45

    Құрандағы экстримизм!

    Әй, мүміндер! Яхудейлер мен Христиандарды дос тұтпаңдар Олар бір - бірелерінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол олардан. 5 - Мәида сүресі. 51 - аят.

    9 - Тәубе сүресі. ( Әй Мұхаммед! ) Қарсы болғандарды күйзелтуші азаппен шүйіншіле. (3) Бірақ келісім жасасқан мүшіріктерден кейін сендерге түк кемшілік істемесе, біреуге көмек етпесе; онда олардың келісімдерін мерзіміне дейін тамамдаңдар. Расында Алла тақуаларды жақсы көреді. (4) Ал қашан құрметті айлар шықса, сонда мүшріктерді қайдан тапсаңдар да өлтіріңдер. Оларды ұстаңдар, қамаңдар және олардың бүкіл жолдарын аңдып отырыңдар.

    Әй, мүміндер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендерден бір қатаңдық тапсын. Расында Алла, тақуалармен бірге екенін біліңдер. 9 - Тәубе сүресі. 123 - аят

    толығырақ >>
    • #8
    • атеист - ке
    • сн, 29/06/2016 - 22:53

    Құранда атеистердің басын шабыңдар деген аят жоқ па? Болса тауып берші, өтініш...

    • #9
    • қонақ
    • бн, 30/06/2016 - 0:05

    Қанында (генетика, серология) көшпенді өмір салты мен дәстүрінің мүддесі фермент, немесе мидың бір қыртысында ақпарат ретінде сақталып қалған "аса зор ақпарат", қазақ баласы мен қызына ең қажеттісі, бұл өмірде, өзінің ата-бабаларының дүниетанымын зерттеу, білу және сол мәдениетті ұлығылау! басқа ештеңенің де қажеті жоқ! Сол құндылықтарды орынына келтіремін деп жүргенде қартайып та қаламыз. Өмір деген өтпелі, ұмытпайық!

    • #10
    • қонақ
    • бн, 30/06/2016 - 0:05

    Қанында (генетика, серология) көшпенді өмір салты мен дәстүрінің мүддесі фермент, немесе мидың бір қыртысында ақпарат ретінде сақталып қалған "аса зор ақпарат", қазақ баласы мен қызына ең қажеттісі, бұл өмірде, өзінің ата-бабаларының дүниетанымын зерттеу, білу және сол мәдениетті ұлығылау! басқа ештеңенің де қажеті жоқ! Сол құндылықтарды орынына келтіремін деп жүргенде қартайып та қаламыз. Өмір деген өтпелі, ұмытпайық!

    • #11
    • Қажы Мұқамбет Қаракедей
    • бн, 30/06/2016 - 11:45

    Ислам бейбітшілік діні ретінде өзіне сен гендерді барша ұлттармен санасуға үгіттейді. Осы сөздің айғағы деп пайғамбарымыз , Мұқамбет ( с.ғ .с.) құрған Мəдине қаласы дер едім. Сонда Меккеден көшкен мұсылмандар мен бұрыңғы Ясрып тұрғындары қосылып басқа дінде- гілер мен мәмілеге келіп бір жазулы атазаң бойынша өмір сүруге бел байлайды. Сонда ешбір азамат өз дәстүрін тастауға мәжбүр болмапты. Сол санасу арқасында арабтардай қыңыр ел дүнйе жүзіндегі ілгері саналған ұлттарға үлгі болып келгені тарихтан көруге болады. Ал қазіргі Əсіре діншілдер өз ата-бабаларымен жауласып жүргенде Алланың қай сүндетіне ілесіп жүрген бола алады екен ? Ол ол ма басқаларды мүшрік не бидғатшыл деп жазғырғаны тағы бар. Алға əлем үйреткен таяқ дегендей бұл содыр бүлікшілерді тыю үшін қатаң шаралар қолдану керек сияқты.


  •