ه و^ره یله ر مه ن ارابتار "ءدىن" ، قو،داي" ده گه ن و،عىمداردى "جه كه شه له ندىرىپ" العان
ЕВРЕЙЛЕР МЕН АРАБТАР «ДІН», «ҚҰДАЙ» ДЕГЕН ҰҒЫМДАРДЫ «ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІП» АЛҒАН
Жалпы, кез келген дін — секта. Ал мына иудо-христиан-ислам басқа діндерді жеңіп шыққан секталар. Әйтпесе, Құдай тек арабтар мен еврейлердің аталарымен (пайғамбарлар) байланыс жасады дегенге кім сенеді?
Неге басқа халықтарда «пайғамбарлар» жоқ? Тіпті «пайғамбар» — деген ұғым жоқ! Неге басқа халықтар Құдай тарапынан ескерусіз қалған? Ең қызығы сол пайғамбарларды еврейлер мен арабтардың өздері мойындамаған! Ұрған, соққан, қорлаған, өлтірген! Бірақ, қалай екені басқа халықтарды бағындыруға сол діндерін тамаша пайдаланып отыр! Бір сөзбен айтқанда, еврейлер мен арабтар «дін», «құдай» — деген ұғымдарды жекешелендіріп (приватизация) алған.
Бір өкініштісі, сол иудо — христиан — ислам секталары біздің ҚАЗАҚТАРҒАДА кері әсерін тигізіп жатыр! Кері әсерін тигізгені былай тұрсын, өздерінің ата — бабаларын ұмытып: «пайғамбарымыз», «Айша анамыз», «сахабалар», «мүміндер» және т. б. — деп сандырақтап отыратынына не сұрайсың? Тағы бір өкініштісі, сол діни сандырақтарға журналистер, жалпы творчество адамдары тез сенеді екен. Сеніп қана қоймай, басқаларды да артына сүйрейді! Себебі олар көпшіліктің (публика) алдында жүр ғой! Ал, қарапайым халық кімге сенеді? Әрине, көпшіліктің алдына күнде жылтылдап шығып жүргендерге сенеді! Сол себепті де миссионерлер ең алдымен творчество адамдарын қармаққа іледі! Шіркін, солар қармаққа ілініп жүргендерін білсе ғой! — деп жазыпты осыдан бір жыл бұрын Алаш Ұрпағы деген досым…
Нағашыбай Есмырзаның жазбасынан
Ілмектер:
5 ПІКІР
Ата-бабамыздың дінмен қатар алып жүрген ислам дініне қайшы келмейтін салт-дәстүрі, адамгершілікке жетелейтін тәлім-тәрбиесі және ең бастысы ана тіліміз бар ағайын осы аталғандардан арылмайық, айырылмайық. Өзімізден кейінгі ұрпаққа мұртын бұзбай (арабтандырмай, орыстандырмай) мирас етіп қалдырайық. Ұлы Ыбрахим Құнанбайұлы айтқандай: «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос.»
Нағашыбайдың сандырақтарынан әлі жалықпағасыңдар ма? Бұл жігіт ғылыми, тарихи талдау және түйсікке бағыну дегенді ұқпайтын рухани қазығы жоқ жан ғой.
Дıн оте терен гылым. Кез келген пенде Аллага, онын елшıлерı Пайгамбарларына шек келтıрıп халыкты, озıн адастырып кунага калмасын. Ен кешıрıлмейтıн куна Алланын барлыгына сенбеу. Барлык елдерде дıнге сенудıн багыттары ар турлı. Дурыс багыт беру ол укıмет пен дıн баскармасынын мıндетı. Бıрак кандай ел болмасын Алланын барлыгына шек келтıрмейдı.
Дін жоқ деме Қазақта
Ұшырай берме мазаққа
«Дінді»алған арабтар
Парсылардан сауапқа
Парсы-түркі ағайын
Тамыры тартар ұзаққа
Еврейлер мен арабтар
Түскен діни сарапқа
Ислам деген табысты
Пайдаланды Қазақ та
Ортадағы бұл қазан
Игі болған ортаққа
Ыдыс аяқ басқа боп
Түсер бəрі табаққа
Əркім алып ырзығын
Солай тояр тамаққа
«Құдай» да емес арабша
Ортақ парсы қазаққа
Тəңір депті Алланы
Оны көрген ұзақта
Табынса Оны əр пенде
Барар сірə жұмаққа