Әріптің көлемі: Қалыпты

Бүгін Қазақстанның көтерілген қазақ санаулы, тым аз! Алла алдынан жарылқасын!

Ауыт Мұқибек, ақын

 

Қазақ әдебиетінің алтын дәуірін жасаған алыптар бір-бірлеп кетіп жатыр, ә? Алдыңғы жылы — Фариза, биыл — Әбіш аға... Әбіш ағаның 70 жылдық мерейтойында Маңғыстауға, Астанаға баруды маған Алла нәсіп етті. Өзі Ақтөбеге бірнеше рет келгенінде қасында жүріп, әңгімесін тыңдау бақыты бұйырыпты. Бірде жеңгеміз қызық әңгіме айтты. Әбіштің анасының үзілерде келініне айтқан ақырғы аманаты «Әбішке қара!» болыпты. Ақсақалға, ұлттың абызына айналған баласын әлі сәби көргені-ау. Жеңгеміз соны айтқанда, Әбіш ағаның көзінен бір тамшы үзіліп түскенін көріп, қызыға таң қалып едім. Зайыбының Әбіш ағаны кішкентай баладай мәпелейтінін көріп, ағаларымызбен бірге күліп алғанбыз. Беу, жалған... «Өз елінде пайғамбар жоқ» — дейді қазақ. «Ағайынға қадірім жоқ, бетімді көреді, қатынға қадірім жоқ, етімді көреді...» — деген де қазақ. Абайға сілтенген сойыл Әбіштің де жон арқасына тиді. Сойыл иесі — өзіміз. Бәлкім, тіршіліктің заңы солай шығар... Қош, абыз! Алла алдыңнан жарылқасын!

Бауыржан Бабажанұлы, ақын

 

 – Тура бір апта бұрын көріп едім. Жүрісіңіз ширақ, еңсеңіз тік, сөзіңіз нық еді. Аз-кем сұxбаттасып едік. Балаңызға елжірегендей екі мәрте беттен сүйіп, қолымды қысып едіңіз. Енді міне көзді жасқа, көңілді шерге толтырып кете бардыңыз.. Алып адам, Әбіш атам өтіпті жалғаннан ағайын! Бақұл бол ата! Бұл қазағың саған разы! Соңғы кезде болған жағдайлар мен айтылған әңгімелер Әбіштей теңіздің тұнығын лайлай алмайды!

 

Есболат Айдабосын, жазушы

 

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысыМаңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.

1928-1931 жылдардағы тәркілеу кезінде Кекілбай туған жерінен көшіп Түркменстанның Красноводскпортында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылыБаку мен Махачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Алайда Кекілбайдың дүниеден өткенін үй ішіне бірнеше жылдан соң ғана хабарлайды. Кекілбай соғысқа аттанған жылы анасының ішінде қыз бала қалады. Оның есімін Тілектес деп қояды.

Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.

Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

Қызмет жолы

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.

1962-1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

1965-1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде,

1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында,

1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,

1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,

1984-1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары,

1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы,

1989-1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,

1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,

1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,

1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,

1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

Шығармашлығы

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.

Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Әбіш Кекілбаев «Шандоз», «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-Алаң», «Конец легенды», «Плеяды – созвездие надежды», «Всполохи» романдарын жазды. Сондай-ақ, «Бір шөкім бұлт»,

«Күй», «Бәйгеторы», «Шыңырау», «Бәсеке», «Ханша дария хикаясы», «Құс қанаты», «Бір шоқ жиде», «Шеткері үй» сынды бірнеше хикаят пен «Аш бөрі», «Ең бақытты күн», «Ажар», «Жүнді барақ», «Ақ қайың», «Ор теке», «Ауыз», «Көлденең көк атты», «Есболай», «Тасбақаның шөбі», «Керек адам», «Міне, керемет!», «Ақырғы аялдама», «Галстук сатушы қыз», «Абылай хан» секілді бірқанша әңгімелердің авторы.

 

 

 

 

   

Әбіш Кекілбаев К.Гоцци – «Туранбике ханшайым», А.П.Чехов – «Ваня ағай», Вальехо Антонио Буэро - «Бүгін мейрам, бүгін той», Генрик Ибсен- «Үрей», Л.Дарко – «Сүйіктім менің, Электра!»,У.Шекспир – «Ромео мен Джульетта», У.Шекспир -«Кориолан», У.Шекспир – «Король Лир»,М.Фриш – «Ғылым қуған Дон-Жуан» атты шығармаларды қазақ тілінде сөйлетті.

Осындай еңбегінің арқасында қазақ әдебиетінің нарқасқасына айналған Әбіш КекілбаевҚазақстанның Еңбек ЕріОтан орденіНазарбаев орденіҚР тәуелсіздігіне 10 жыл медаліҚР Парламентіне 10 жыл медаліАстана қаласына 10 жыл медаліҚұрмет белгісі орденіДостастық ордені, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Елбасының бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1995 ж.), Қазақстанның халық жазушысы, Маңғыстау облысының құрметті азаматы сынды көптеген марапаттарды алды.

Abai.kz