اس-ل ارنا
Əлемдердің патшасы
Мүлкі Оның баршасы
Біледі бəрін тек өзі
Үйренер Одан басқасы
Əркім десе мен білем
Күлер соған кіл əлем
Кеңессе ал көппенен
Тиер сонда көп сәлем
"Асыл арна" жақсы ғой
Қоздырса да қарсы ой
Болам десең жақсырақ
Көңіліңді көпке қой
Жолды жалғыз таппайсың
Адасқаннан аспайсың
Елмен бірақ санассаң
Дәстүрді игі жалғайсың
Көңіл бөлсек Қазаққа
Жүгінеді сол Мисаққа
Дінге қарсы болмаған
Жаңылса да кей уақта
Мəз майрам боп мәзірге
Етейік шүкір қазірше
Риза болар біздерден
Алла атты Тəңір де
Жолығады тазға деп
Місе тұтқай азға деп
Таңдағанды тыяды
Іріткіні салма деп
Құранда бар баршасы
Бəрінде Оның шаруасы
Оның əрбір айтқанын
Ұғар ғалым тақуасы
Имам əғзəм айтыпты
Іждет еткем лайықты
Ұнағанын алыңдар
Еңбек болғай табысты
Матұриди ойлаған
Ақиқатқа бойлаған
Алла берген еркінше
Дүниеніміз қозғаған
Қожа Ахмет Ясауи
Болса дағы Ғалауи
Көшкелі Ол Есейге
Демепті мен араби
Тəңірлерді көктерден
Бір Алла деп сендірген
Жаратқанды танытып
Шаман отын сөндірген
Бекет ата бұл пірден
Талай сырды бек білген
Шəгірттері Атаның
Жөнін білмей бүлдірген
Құдайсыздар шайтандай
Бəрі де тəңрі болғандай
Елдің есін алған соң
Албасты етті басқандай
Енді міне мүшрік деп
Елдің жүр ау етін жеп
Мұнау қырсық сұмдарға
Тура келмес мəн бермек
"Асыл арна" негіз тұт :
Ауызбірлік нағыз құт
Жоралғыны тұтас ап
Тәуекел деп тас та жұт