20 қазан 2015
Бес баласын ертiп, Сирияға аттаныпты

Шымкенттегi “Замана” басылымының жазуынша, Оңтүстiк Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында ерлi-зайыптылар бес баласын ертiп, Сирияға кеткен. Бұл оқиға қыркүйекте болған.

Көршi-қолаң, туыс-туғандарының айтуынша, ерлi-зайыптылардың оғаш қылығы байқалмаған. Тек отағасы сақал өсiрiп, жұбайы хиджаб киiптi. Олар соңғы кездерi ғана туған-туыспен көп араласпай, той-томалақтан шеттеп жүрген.
“Сiңiлiмнiң iзiм-қайым жоқ болып кетуi бiздi есең­гiретiп тастады. Сол уақыттарда ұлымды үйлендiрiп, той жасағанмын. Күйеубала мен сiңiлiм тойға келмедi. Бұған онша мән бермегенмiн. Себебi олар соңғы жылдары көпшiлiктен саяқ жүретiн. Сөйтсек, олар Сирияға кетуге дайындалып жүрiптi. Тiптi қаладағы пәтерi мен азын-аулақ малын да сатып үлгерген”, – дейдi Сирияға кеткен әйелдiң туысы.
Сирия асқан отбасының алты баласы бар екен. Үлкен ұлы жүйке ауруына шалдыққандықтан оны елде қалдырып, бес баласын алып кеткен.
Туыстарының сөзiне қарағанда, олар Бiшкекке дейiн автобуспен жетiп, ұшақпен Түркияға, одан әрi Сирияға жеткен. Отбасы туралы әзiрге бұдан басқа мәлiмет жоқ.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
 

ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Қажы Мұқамбет Қаракедей | 20 қазан 2015 23:56
Даузақта бар-мыс абжылән
Айдаһарға барар ал бұдан
Қазақтар да не бопты
Одан қашып кеп кетті
Керек болса жігіттер
Талаптарын өтеп бер