تی-م سال-نعان فیلم
Қалауын таспа қар жанар
Еп таппаған зарланар
Кеңшілік пен таршылық
Екеуі бірге жалғанар
Тарыққандар молығар
Кемелденіп толығар
Оңайлықты көксеген
Көп ұзамай торығар
Қиындықты дəу көрген
Жеңе алмас жау көрген
Төбешікті кез келген
Болар тіпті тау көрген
Серпіп қалу айақты
Бауыздаса тамақты
Жарасады малға да
Сүйе бермей қалапты
Жойылары һақ жауыз
Болса дағы жалмауыз
Басты кеспек болса да
Қорқа одан жаппа ауыз
Өлмек бар да дəнбек жоқ
Өмір сүрмең қорқақ боп
Бас пен бірге тіл кескен
Қол-айағы болғай топ
+ نوشته شده در یکشنبه بیست و ششم مهر ۱۳۹۴ ساعت 21:33 توسط حاجي محمد شادكام ، وكيل پايه يك دادگستري
|