ولئم-تورقالی توی ه مه س
Дін дегенің көп қырлы
Жолдары да түр-түрлі
Парыз, уәжіп, сүндеттер-
Талай тапқан суреттер
Жоралғысы өлім де
Өтеді талай түрінде
Əр ел басқа түр-түсі
Жəне өзге ау үрдісі
Соған көре олгенін
Басқаша көр көнгенмін
Білу де керек өлімді
Бір құбылыс болымды
Жаратқаны жойылмас
Өз еркіне қойылмас
Жақсы болса тіршілік
Көрер болар кеңшілік
Игі дескен көп пенде
Жаман болмас өлгенде
Соған қарай Қазақтар
Бере берер көп астар
Күдер үзбей өлгеннен
Садақасын жөн көрген
Қылмас бұны Араб деп
Осының арты азап деп
Бұзбау керек ел дəбін
Басқаның мақтап мəстəбін
+ نوشته شده در جمعه بیست و چهارم مهر ۱۳۹۴ ساعت 21:27 توسط حاجي محمد شادكام ، وكيل پايه يك دادگستري
|