• #36
  • Қажы Мұқамбет Қаракедей
  • дн, 12/10/2015 - 11:32

Көсемі болған бір ұлттың
Көңілін табар сол жұрттың
Біліуі тиіс жағдайды ол
Əйтпесе дең ел құрттың

Қазақстанда бұл күнде
Ұлыстар бар əр дінде
Ұлт ету үшін бұл көпті
Сөйлестірің бір тілде

Бірлестірер елде тіл
Ортақ болса көпте діл
Көсем керек көп көрген
Сөйлеместей көпке зіл 

Дін мұсылман солайша
Ел сыйлапты ау адамша
Еркек, əйел, шал мен жас
Араласты бəрі тамаша

Қара тұрсын хандар да
Жүрген ортақ бағдарда
Бағынғаны - бір Құдай 
Жолды берген жандарға

Қазақ ұлты баз кешкен
Өз ағасы ақ Өзбектен
Енді мынау былықтан
Шыға алады үмбетпен

Онда ұлттар көп дінді
Бір одаққа кеп кірді
Сыйласқанша бір-бірін
Бейбіт өмір қош сүрді

Ол заман да бұл заман
Бұлар делік қайтадан
Жоралғыны таба алсақ
Медет болар Алладан

Есті шығар бір көсем
Жанын сала ел деген
Азғын шайтән некенің
Уасуасына көнбеге

Айыра алар дос-жауды
Бастамаған бос дауды
Тура жолға бастайтын
Жөн демейтін алдауды