• #1
    • Сырт көз
    • жм, 10/07/2015 - 17:44

    Бәсе, бізде мемлекеттік тіл неге дамымай жатыр десек, қазақ филологтарының сауатсыздығы екен ғой! Осы жоғары оқу орындарындағы филфактардың сапасын қатты тексеру керек сияқты. Онда кімдер сабақ беріп жүр? Қандай мамандар даярлайды? Соншама академик, профессорлар не бітіреді? Құр жалақы алудан басқа қолдарынан келмесе жасы келгендерді зейнеткерлікке жіберу керек. Қолынан іс келетіндерді тарту керек қой.

    • #2
    • Мұзбұршақ
    • жм, 10/07/2015 - 18:09

    Қазақтың біреу істесе де бірегей істейтін мінезі болса өркендейміз, ананың басын, мынаның сирағын сипалаудан аспасақ құрып жоғаламыз! Сапалы ұлт сапалы істен қалыптасады.

    • #3
    • Аслан
    • жм, 10/07/2015 - 19:32

    ЖОО- да қаншама филологтарды даярлаймыз. Олардан еш толк жоқ боп тұр ғой. Қазақшылықпен оларға дипломды беріп жатырмыз, ал сапа нөл!!!

    • #4
    • Жәнібек
    • жм, 10/07/2015 - 19:37

    Қазақ тіліндегі түсіндірме сөздікті жасау үшін шетелдік ғалымдарды шақыру керек! Отандық филологтардың қолынан дым келмейді. әсіресе, Скандинавия елдерінен шақыру керек. Дат оқымыстысы Даль орыстарға түсіндірме сөздік жасап беріпті ғой. Қазақтарға да шетелдіктер жасап берсін...

    • #5
    • Еділ
    • сб, 11/07/2015 - 14:54

    Өткенде біреумен бірнеше сөздің мағанасына бола келісе алмай осы сөздікке жүгінсем ,сөздікте қате тұр .мен өтірікші болдым .сауатсыз жасалған сөздік. Ақтаңлақты ақтаңдақ депті ,Ақтанкерді ақтаңгер депті ,ұндестік заңнан жұрдай .

    • #6
    • у
    • сб, 11/07/2015 - 15:34

    Қытайлар Абайдың туылған күнін өткізіп жатыпты. Таяуда Қазақ хандығының 550 жылдығын өткізіп бермек екен. Мына сөздікке де қытайларды шақырсақ қайтеді? Қазақтар шаршады ғой, дем алсын.

    • #7
    • запыран
    • сб, 11/07/2015 - 16:28

    Қазақ ғылымы осыдан бес жыл бұрын ,диссертациялық кеңестер жабылуымен біржолата құрдымға кеткен.Қазір ғалымдар да,кадрлер де жоқ.Қасқабасовтар мен Қирабаевтар қартайса да тақтан түспей отырғандықтары сондықтан.Жолддасбеков та президенттікке үміткерлердің әрқайсысынан ондап,жүздеп қате тауып қарық болды емес пе? Тіпті,министріміздің өзі де алты сөзден алты қате жіберіп масқарасы шықты емес пе? Қазіргі кітаптардан қателерді ,орфографиялық,грамматикалық,стилистикалық қаптап табуға болады.Бір сөзбен айтқанда сауатсыздар еліміз.Жас тілшілер мен филологтар қатесіз өтініш не арыз да жаза алмайды.

    • #8
    • Кеңес
    • сб, 11/07/2015 - 22:37

    Осылардың барлығы кеңес заманында ұрығы себілген кінараттар. міне әзір соның зардаптары көрініп жатыр. "Кеңес заманы анадай артық еді, мынадай озық еді" деушілер арғы - бергіні жан - жақтылы зерделей алмай отыр.

    • #9
    • Кенен
    • жб, 12/07/2015 - 7:15

    8-ге. Кеңес заманын жамандай бергеннен бәйге аласыздар ма? Ол кезде шынымен де көп нәрсеге озық едік... мысалы адами сапа, адамның сол адамгершілігі мол еді, ешкім ақшаның құлы болып кеткен жоқ, дұрыс сөйлеп ешкімді ешкім жамандап жатпайтын. Мұзбұршақ өте дұрыс айтады - сапалы ұлт сапалы істен басталады деп. Ол кезде қай жерде болмасын сапа бар еді. Бүгінгі сапаны осы аузымыздағы сөйлейтұғын сөзімізден бастасақ өте орынды болар еді. Бір бірімізді жаман десек жаман боламыз, бір бірімізді батыр десек батыр боламыз, бір бірімізді құл десек құл боламыз. Өйткені әрбір айтылған сөзде кие бар, күш бар. Айтылған нәрсе орындалмай қоймайды. Қысқасы адамның сөзі бәлдір-батпаққа толы болса, ол адам халтурщик болады.

    • #10
    • Невроз казак
    • жб, 12/07/2015 - 10:12

    " нормальный" создик курастыру ушин алжыган академиктерди катыстырудын кажети канша? Биликти жазушы- журналистер мен халыктын ози атсалысса, жетип жаткан жок па?

    • #11
    • Кеңес керемет одық болды
    • жб, 12/07/2015 - 10:23

    Кенен дұрыс айтады, кеңес одағы көп нәрседен озық еді.

    Мысалы Адам өлтіруден. Қазақтың 3 000 000 адамын оп-оңай қырып тастады. 

    Сосын Кеңес одағы Ұлттың ұлы тұлғаларына өштікте озық еді. Қазақтың ең маңдайына біткендерін түгел құрттты.

    Сосын кеңес одағы халықтардың түрмесі болудан озық еді. Ол әр халықты өз жерінен аудырып, Қазақстан түрмесіне әкелді.

    Сосын Кеңес одағы ұлтты жоюда озық болатын. Біраз ұлттар жойылып бітті. Біраз ұлттар жойылу шегіне жетіп барып қалды. 

    Сосын кеңес одағы шапқыншылықта озық болатын. ІІ дүниежүзілік соғысты бастаған кеңес одағы болатын. Шығыс еуропаның біраз еліне шабуыл жасады. ауғанға шабуыл жасады. кубаны тізгіндеді. солтүстік кореяны тізгіндеді, олар күні бүгінге дейін ес жия алмай келеді.

    Кеңес одағы парақорлықтың, жемқорлықтың, жасанды жағымпаздықтың жайлы ұясы болудан озық еді. Қазіргі парақорлық кеңес одағында басталған. мемлекет қаражатын тонау мен шашу да сол кезде астыртын жүргізілген. ал партия мен бастыққа жағымпаздану ауыруы кеңес заманынан бері жалғасып келеді. Қазақ бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ дейтін халық еді, менталитетімізді өзгертіп, көлгір, жағымпазға айналдырып жбіреді.

    Кеңес одағы адамзатты жаппай қырып жоятын қару жасауда озық еді. Қазақ даласында 600 артық атомдық жарылыс сынағы жасады. Ол әлемдегі жарылыстардың 60 пайызынан артық. Табиғатты құртуда, адамдарды мал орнында ұстауда кеңес одағы әлемде теңдессіз болды.

    Кеңес одағының осынау артықшылықтарын артқа тастаған соң барып адам болып отырмыз ғой, әйтпесе коммунистік жүйе машинасы әркімді қалай турап, қалай қорлайтынын елестетудің өзі қиын. 

    Нағыз сапа немістерде, американдықтарда, жапондарда болды. кеңестік сапа ол дөрекілік. Кеңестің тауарлары дүңкиген, дөрекі, икемсіз, жабайы болды. Тұрмыстық техника тәуелсіздікпен бірге келді ғой, оған дейін жабайылардың тас балтасы мен ағаш қасығы пайдаланылды. 

    • #12
    • Сулеев Азамат
    • жб, 12/07/2015 - 14:50

    Қазақта "қойшысы көп болса қой арам өледі" деген сөз бар ғой. Түсіндірме сөздікті жеке бір адам жасаса анағұрлым сапалы болатынын бұл саладағы тәжірибелер көрсетуде. Біздегі атақтары дардай академик, профессор шаллардан түк пайда жоқ екенін өмірдің өзі көрсетті. Олар қызмет, макулатуралық кітаптары мен атақтарын шығару сияқты жеке бастың қамы үшін ғана тірлік жасайтын "советский" шалдар ғой. Оларға сенетін болсақ, қазақ тілін құртып алатын түріміз бар. Бір- екі білімді жас өздері- ақ жасап шығуға болатын шаруа.

    • #13
    • Астаналық
    • жб, 12/07/2015 - 15:29

    Байеке! Аты-жөніңізді "Байынқол Қалиұлы" деп жазсаңыз, өзіңіз көтеріп отырған мәселеге жеке үлгіңізбен келген болар едіңіз. Сондай-ақ кітабыңыздың аты да жетісіп тұрған жоқ. Сөздікті жасай ма, түзе ме? "Жұмыс жасау" дегеннен құтыла ламай жүргенде мынауыңыз қалай?.. Дұрыс атауы - "Түсіндірме сөздік түзудің қисыны мен тәжірибесі". Сыныңыз дұрыс. Көп пікіріңізді қолдаймыз.

    • #14
    • Әдебиетші
    • жб, 12/07/2015 - 15:40

    Профессор, ғылым докторы тілшілердің 85-90 пайызы сауатсыз. Көбісі сөйлем жаза алмайды. Тыныс белгі дегеннен жұрдай. Сөйлемдеріндегі сөздер, өздерінің тілімен айтқанда, қиыспайды, матаспайды, жанаспайды, меңгерілмейді. Бірақ оған дым да саспайды. Әйтеуір опай-топайын шығарып қорғап алған. Мен соңғы 20 жылда Әбдуәли Қайдар, Рабиға Сыздық, Нұргелді Уәли сынды сауатты ғалымдарды өте сирек көрдім. Мысалы, Байынқол Қалиұлы да - сауатты ғалым. Дегенмен, жоғарыда "...атау сөздерге берілген анықтамалардың біразы қате екендіктеріне көзім жетті",- деп жазады т.б. Осы жерде "біразы қате екеніне" (екендіктеріне емес) қой... Тілші-ғалым өте жауапты болуы шарт.

    • #15
    • әділет
    • жб, 12/07/2015 - 16:40

    Байынқол Қалиұлы!
    Сіз де сол институтта жұмыс істейсіз ғой. Аталған сөздік түзіліп жатқан кезде осы ақылыңызды неге айтпадыңыз? Әлде сөздік түзуші әріптестеріңіз сіздің уәжіңізге құлақ аспады ма? Әлде басқа ойыңыз болды ма? Шын жаныңыз ашыса, сол кезде қол ұшыңызды беруіңіз керек еді? Мынауыңыз ұсақ қылықты күйкі адамның ісі ғой.

    • #16
    • Нүкте
    • жб, 12/07/2015 - 18:28

    "Жасау" да емес, өйткені жасанды.

    "Түзу" де дұрыс емес. ол диалект сөз.

    Құрастыру дұрысы.

    • #17
    • Невроз казак
    • жб, 12/07/2015 - 19:07

    Тубинде биздин тубимизге 24 жылдан бери боска расуа болып журген кагаздын обал- сауабы жетеди! Ойткени, биздин басып шыгарып жургенимиз тек Кате, не окылмайтын дуниелер. Кез-келген саясаткерсымак мемуар жазып, Китап шыгаратын болды. Ким окиды деп ойлайды екен сонда?! 100 том еттик деп еширтип журген " мадени МУРа" китаптарын да жан баласы окымайтын коринеди.

    • #18
    • Невроз казак
    • жб, 12/07/2015 - 19:08

    Тубинде биздин тубимизге 24 жылдан бери боска расуа болып журген кагаздын обал- сауабы жетеди! Ойткени, биздин басып шыгарып жургенимиз тек Кате, не окылмайтын дуниелер. Кез-келген саясаткерсымак мемуар жазып, Китап шыгаратын болды. Ким окиды деп ойлайды екен сонда?! 100 том еттик деп еширтип журген " мадени МУРа" китаптарын да жан баласы окымайтын коринеди.

    • #19
    • Бетке айтар
    • дн, 13/07/2015 - 7:14

    Сауатты, білімді қазақ жастары жоқ емес бар ғой. Бірақ біздегі тежеуші күшке айналған, шау тартқан академик, профессорларды зейнетке шығармай еш нәрсе өзгермейді. Ғылым дәлелдегендей адам 45 жасқа дейін ғана инновацияға бейім. Ары қарай ол жаңалықты қабылдай алмайды. Бұл мәселені шешудіңң оңай жолы тек қыздарға арналған ЖенПи сияқты елімізде ШалПИ деген атпен ғылыми орталық ашып барлық саладағы шалдарды сол араға жинау керек. Ардагерлерге де ермек қылатын бірдеме болғаны дұрыс, ал жастар елді дамытатын тірлікпен айналысуы керек. Саяси билікке де жастар келуі тиіс. Әйтпесе даму болмайды.

    • #20
    • ALASHORDA
    • дн, 13/07/2015 - 11:08

    Укiмет тiзгiнiн устап отырган совоктартардан ыгыр болдым абден!!
    #11 жарайсын!!! Пikipiне айызым канд!!! Ассимиланган совоктар барiне кiналi,олардын туп- тамыры казахша емес,бip зат айтса бipiншi орысша атауын айтад,сосын казахша сойлейд!!

    • #21
    • Сырт көз
    • дн, 13/07/2015 - 11:30

    "Сөздікті құрастыру" десек, орысшадан қотарған калька болып шығады. Дұрысы - түзу немесе жүйелеу!

    • #22
    • Сарапшы
    • дн, 13/07/2015 - 11:37

    "Жаса"-ның тарихына үңілейік.
    "Жүз жаса!" дейміз. "Қыздың жасауы" дейміз. Біреуінде - етістік, екіншісінде - зат есім. Соңғы зат есім қайдан шықты. Түбірі - жас па, жаса ма?.. Әйтеуір бір қимыл-әрекет бер. Қазір екінің бірі қимыл-әрекетті "жаса", "жасады" т.б. дейді. Ал, басты қатырып көр. Әне бір кезде ақын-жазушы "жаса" емес, "істе" деп дау көтеріп, түзеткендей еді. Енді "сөздікті істеді" дей алмаймыз ғой.

    • #23
    • Сарапшы
    • дн, 13/07/2015 - 11:41

    "Жасаған ие" дегенді ұмытыппын. Мұнда да қимыл-әрекет бар.

    • #24
    • Қажы Мұқамбет Қаракедей
    • сб, 18/07/2015 - 11:41

    Баяғыда бір патша
    Жақынына бір қасқа
    Айтыпты-мыс бəтшағар
    Бердім тегін бүлдіргі
    Одан міне сен қашпа
    Тап болмаған депті ол
    Тап осындай бір баққа
    Патшаң сонда зекіпті
    Елбасы едім қай шақта ?
    Осыншама жуас қой
    Қонжиялық бұл атқа
    Жуас болды ал тентек
    Жітірді оны шет жаққа
    Қазақтарды шенділер
    Үйір болған тәж _ таққа
    Түсіне алар сөз бар ма
    Мәңгүрт ылғи бейбақта ?
    Түзіп қойғам əлгінің
    Баламасын жат жұртта
    Абайды да аударған
    Екі тілде боп ұста
    Қожа Ахмет Ясауи
    Тапты тілмаш мен тұста
    Жарық көрмей Бəрі де
    Жатыр қазір қабатта
    Тілі нашар ділі өлік
    Батар талай азапқа
    Мемлекеттер алпауыт
    Кеткені көп құлап та
    Күлкің келсе күле бер
    Кей де көргей жылап та
    Құрысын де тұрғанды
    Əлек болмай сынап та
    Мен де жүрмін алыстау
    Келгім келмей жолап та