Сенбі, 9 қараша 2013, Алматы 01:29

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Хайыровтың сотында хиджаб пен сақал жөнінде дау туды

Терроризмге байланысты айыпталған Саян Хайыровтың ісі бойынша өткен сотта мұсылман киімі мен сақалға қатысты дау туды. Оның Ауғанстанға кетпек болғаны да осы сотта айтылды.

Айыпталушы Саян Хайыров сотта отыр. Алматы, 1 қараша 2013 жыл.
Айыпталушы Саян Хайыров сотта отыр. Алматы, 1 қараша 2013 жыл.
Мәтін көлемі
Қарашаның 1-і күні Алматының Алмалы аудандық сотында «терроризмге қатысы бар» деп айыпталған сотталушы Саян Хайыровты тергеу аяқталды. Судья Гүлшаһар Шыныбекова соттағы тергеудің аяқталғанын жариялап, тараптар жарыссөзін қарашаның 4-іне белгіледі.

Соттағы тергеу қызған тұста судья мен сотталушының арасында Қазақстанда хиджаб кию мен сақал жіберу мәселесі жөнінде дау туды.

ХИДЖАБ, САҚАЛ ЖӘНЕ АУҒАНСТАН

Саян Хайыров сотқа «Мұсылмандардың діни жамағатына биліктің қысымынан құтылып, отбасыммен бірге Ауғанстанға қоныс аудару үшін ғана кірдім. Полицейлер мені сақал жіберіп, қысқа шалбар кигенім үшін, ал мектеп басшылығы мұғалім болып істеген әйелімді хиджаб кигені үшін қудалай бастады» деп мәлімдеді.

- Басшылардың талабымен орамалды тастадым. Бірақ мұның дұрыс емес екенін ​бірден түсініп, хиджабымды қайта кидім, - деді оның зайыбы Шынар Бисенбаева сот отырысындағы түскі асқа үзіліс кезінде Азаттық тілшісіне.


Адвокат Жандос Бұлхайыр да Саян Хайыровқа қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы судьяға берген өтінішінде оның әйеліне қысым көрсетілгені туралы жазған еді.

- Орамалды шешуге біреудің мәжбүрлеуі, оны шешуден бас тартқаны үшін сабаққа кіргізбеу заңды діни қызметке кедергі келтіру - жеке тұлғалардың дін еркіндігіне қатысты азаматтық құқын бұзу және олардың діни сезімін қорлау, - деп мәлімдеді Жандос Бұлқайыр сотта.
Қазақстанда ешкім діни белгілері бойынша қудаланбайды. Егер кейбір жерлерде бірен-саран асыра сілтеулер болса, бұл - заң бұзушылық.

Ал судья Гүлшаһар Шыныбекова сотталушы Саян Хайыровты тергеу кезінде «Қазақстанда ешкім діни белгілері бойынша қудаланбайды. Егер кейбір жерлерде бірен-саран асыра сілтеулер болса, бұл - заң бұзушылық. Заңды бұзушылардың әрекетіне қатысты, мысалы, Бұлқайыр сияқты сауатты адвокаттардың көмегімен сотқа шағымдануға болады» деп мәлімдеді.

Адвокат судьяның бұл сөздеріне «Ислам дәстүрлерін ұстанатын мұсылмандарға биліктің қысым көрсетуі Қазақстанда жаппай сипат алып барады. Бұған аймақтарда тұратын діншілдердің көптеген хабарламалары дәлел» деген жауап айтты.

Осы тұста судья Гүлшаһар Шыныбекова Хайыровқа "сот алдында сақал жіберіп, шолақ шалбар кигенің үшін отырмағанын" айта келе. "Солай емес пе?" деді.

Саян Хайыров бұған «Әйелім екеуміз сақал мен хиджаб үшін қудаланғанымызды мұсылмандардың дәстүрлі киімін кигені үшін қудаланбайтын мұсылман еліне қоныс аударғым келгенінің себебін түсіндіру мақсатында айттым» деп жауап берді.

АҚТАУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ

Адвокат Жандос Бұлқайыр Саян Хайыровты ақтау туралы өтінішінде «Қазақстаннан басқа кез-келген мұсылман еліне қоныс аудару тілегі қылмыс емес» дейді.

- Егер қылмыстық қудалау органдары 2012 жылдың 17 тамызында Бағанашыл кентінде Кармен Қамбардың тобы мен кішкентай екі баланы өлтірмегенде Саян 
Адвокат Жандос Бұлқайыр. Алматы, 1 қараша 2013 жыл.Адвокат Жандос Бұлқайыр. Алматы, 1 қараша 2013 жыл.
Хайыров бұл істе сотталушы ретінде емес, куәгер немесе жәбірленуші болар еді. Бірақ топ мүшелерінің көзі толық жойылып, кішкентай екі бала өлгендіктен әйтеуір біреуді жазықты етіп шығарып, соттау және жоғарыға есеп беру керек болды, - деді Жандос Бұлқайыр сотта.

Адвокат өлтірілгендердің арасында Саян Хайыровтың ұлы болғанын Қазақстанның бас прокуратурасы 2013 жылдың 1 қазанында ресми мойындағанын мәлімдеді.

Адвокат бас прокуратураның «бандиттер оны кепіл ретінде ұстауы мүмкін» деген хабарламасынан үзінді келтірді.

- Ұлын кепіл ретінде ұстауы Хайыровтың кінәсіз екенін, бұл топтың істеріне қатысы жоғын айғақтап, оның өзі жапа шеккенін дәлелдейді, - дейді адвокат.

Судья бұл өтініш бойынша шешім әлі қабылдаған жоқ.

«Терроризм», «адам ұрлау», «заңсыз қару-жарақ жасау мен оқ-дәрі сақтау» және «Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өту» деген айыптар тағылған 38 жастағы Саян Хайыровтың ісіне Іле Алатауы паркіндегі жаппай кісі өліміне байланысты ақпарат құралдарының назары қатты ауды. Хайыровқа бұл қылмысқа жауапты деп аталған террористік топты құрып, оған басшылық жасады деген айып тағылған. Алматы түбінде өткен жылы 33 адам (төртеуі әйел, жетеуі бала) өлген оқиғаларды да осы топтан көреді.

Сотталушы Саян Хайыров қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткенін ғана растап, басқа айыптарды мойындаудан бас тартқан. Ол Қырғызстанда тұтқындалған.
Пікірлерді іріктеу
Пікір қосыңыз (9)
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.11.2013 22:32
Кейбір жандар Сирияға кеткендерді жазғырады, ал кетпей қалса ертеме кешпе мына баланың кебін киері анық. Бұл елде Алланы ауызға алып намазға жығылсаң бәлеге қалғаның деп біл, бұрынғыша құпия түрде құлшылық ететін күнгеде жеттікау. "Жаңа қазақтың" құлшылығы өтірік-өсек, ұрлық, зорлық-зомбылық, қалаберді сылқия арақ ішіп сенделіп жүру болып тұр.
Пікір алмасу
Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
08.11.2013 16:46
Депті Құдай Құранда ,
Қарата Ол жаранға.
Қор болмаңыз ешқашан,
Сұмдар менен арамға.
Жер жүзінде көшіңіз,
Көне бермей жаманға.
Жүздің көркі сақал деп,
Жүгініңдер мақалға.
Ағаш көркі- жапырақ,
Шүберек - көрік адамға.
Тыр жалаңаш немелер
Ұқсамай ма қабанға ?