Рамазан айындағы "жарапазан"

«Жарапазан» айтуды кейбіреулер тіленшілікпен ұқсас дейді. Бұл дәстүрді исламға жат деп санайтын адамдар да бар. Алайда Орталық Азияда көптеген балалар оны жақсы көреді.

Ән салып тұрған ауған балалары. Көрнекі сурет.
Ән салып тұрған ауған балалары. Көрнекі сурет.
Мәтін көлемі
 
Ауызашар уақыты таяғанда Ташкентте тұратын Лола Юнусованың есігін біреулер қақты. Сонда есіктің сыртында тұрған үш бала негізінен тек Орталық Азияға тән ұлттық әндерді айта бастады.

Батыс елдерінде Рождесто кезінде айтылатын әндер де «жарапазанға» ұқсас. Онда да үй-үйді аралап ән айтатындарға садақа түрінде сыйлықтар беріледі. Бұл жағынан осы дәстүр Хэллоуинге де ұқсайды.  

«Жарапазанның» Рождество мен Хэллоуиннен өзіндік айырмашылығы бар. Өйткені «жарапазан» ай бойы орындалады. Лола Юнусова бұл адамды мезі етеді деп есептейді.

– Кішкентай балалар күн сайын ән айтуға келеді. Біз оларға ақша береміз. Күнде келетіндер болады. Біз оларға «Жетер. Енді келмеңдер» дейміз. Көптеген ата-аналар балаларына «жарапазан» айтқызбайды – біз де сүйтеміз. Біз оған міндетті емеспіз. Жарапазан айтатындар тіленшілер сияқты. Оларды ешкім де жақтырмайды. Олардың келіп алып қайта-қайта есік қаққаны өз басыма ұнамайды. Шыға қалсаңыз, олар «ақша беріңіз» деп шулайды, - дейді Лола Юнусова.

Ал Лоланың көршісі Ахмаджон керісінше - «жарапазанды» жақсы көреді. Ол балаларды ілтипатпен қарсы алып, тағы да ән салуын өтініп, ақша беріп жатады.
Бұл Ахмаджонның балалық шағын еске түсіреді. Ол да бала кезінде достарының үйіне барып, осылай «жарапазан» айтатын.

Жылына бір-ақ рет осылай елдің есігін теуіп ашып, ешкім кіналамайтын болған соң ба, өзбек балалары «жарапазанды» жақсы көретінін айтады.

БЕРГЕНІНЕ ҚАРАЙ - ТІЛЕГІ

«Жарапазанда» барған адамның үйінде ұл туса деген тілек жиі айтылады. Мұндайда сарказмге де орын бар. Балалар өздеріне ештеңе бермеген үйлерге «Ұл емес, қыз табыңыз» деген тілек айтып кетеді.

Түркімен балалары «Үйіңізде салтанат болсын, аз берген үйде қыз тусын, көп берген үйде ұл тусын» деген сияқты тілек айтады.

«Жарапазан» айтушылар өз жандарынан да қосып айтып жатады. Орталық Азияның кейбір тұрғындары мұндайда «жарапазан» айтушылар  өздерін балағаттап кетеді деп шағынады.

Түркімен "жарапазаны"




ЖАҢҒЫРҒАН "ЖАРАПАЗАН"

Қазақстанда совет уақытында «жарапазан» айтуға тыйым салынды. Совет кезінде адамдар ораза тұтатынын көрсете бермейтін. Әйтпесе, совет заңын бұзушы болып шыға келуі ғажап емес еді.

Қазақстанда айтылатын «жарапазанның» бір нұсқасы мынандай болып келеді:
 
Ассалаумағалейкум, ақтан келдік,
Күн шығып, айы туған жақтан келдік.
Біз айтсақ жарапазан – әдет - ғұрып,
Пайғамбар жолын қуып атқа міндік.
 
Мінгені пайғамбардың сары атан-ды,
Әр үйге тұрсақ мұндай таң атады.
Әкеліп ықыласыңмен садақанды
Қол жайып, құдай үшін ал батамды.

Бай Мұхаммет үмбетіне жарапазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!
 
Ауғанстанда да 1979 жылғы совет басқыншылығына дейін «жарапазан» кең тараған еді. Ондаған жылдарға созылған соғыс пен ән-күй атаулыны жат көретін талибан режимі кезінде бұл дәстүр жоғалып тынды.
 
Тек соңғы жылдары ғана кейбір ауған ауылдарында балалар көрші үйге барып «жарапазан» айтатын болған. Бұл дәстүр Ауғанстан солтүстігіндегі өзбектер, түркімендер және тәжіктер тұратын ауадандарда жаңғыра бастады.
 
Қырғызстанда «жарапазанды» көбіне Рамазанның соңғы үш күнінде айтады. «Жарапазанды» жақтайтын ересектер батыс материализмі әнге де әсерін тигізді деп есептейді. Бішкек балалары қазір «Мерседес» айдаңыз», «қалта толы америка доллары болсын» деген сияқты тілектер айтып жатады.

Қырғыз "жарапазаны"


 

ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ТАМЫР

Тәжікстан солтүстігіндегі «жарапазан» көбіне дінге емес, фольлорға қатысты болып келеді.
 
Орталық Азиядан басқа да аймақтарда Рамазан кезінде осындай әндер айтылады. Югославия құлағанға дейін Босния мен Герцоговинада да балалар «Рамазан банк» деп айқайлап, есік қағып, үйді-үйден садақа жинаған. Египет тәрізді кейбір араб елдерінде барабаншылар Рамазан кезінде көшеге шығып,дабыл ұратын болған. Оларға осы үшін де адамдар садақа беріп жатады.
 
Алайда ультраконсервативті суниттік вахабиттік және басқа да діни экстремистер Рамазан кезінде ән салуды исламға жат деп біледі және тыйым салу керек деп есептейді.
 
Өзбекстан ғылым академиясының фольклор профессоры Тора Мирзоев «жарапазан» тамыры исламға дейінгі дәуірді қамтитынын айтады.
 
– Ертеде Рамазан кезінде ересектер де ән салған. Алайда 20 ғасырдың басынан бері тек балалар «жарапазан» айтатын болды. Бұл «жарапазанның» исламға дейінгі «тасаттық» тәрізді жоралғымен сіңіскенін көрсетеді. Исламға дейінгі дәуірде бұл жоралғыларда ән айтылатын болған. Ислам келген кезде бұл жоралғылардың дені исламдық дәстүрге айналып кетті, - дейді ол.
 
Мирзоевтың айтуынша, Сауд Арабиясында «жарапазан» дәстүрі болмағандықтан ғана Рамазан кезінде ән салуды исламға қайшы деп тану дұрыс емес.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Пікірлерді іріктеу
Пікір қосыңыз (8)
Пікір
     
Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
18.07.2013 12:16
Ислам діні өзінен бұрыңғы шариғаттардың барлығын жоққа шығармайды. Ондағы бұйрықтар жаңашасы бола тұрып өзіне түптен қайшы еместерді қолдағандары да баршылық. Негізінде , тиым салынбаған істер пенделерге рұқсатты деп саналады. Жарапазан айтуда ешқандай ерсілік жоқ. Керісінше ,мұндағы берілетін садақалар мұсылманның малы ортақ деген ойды үгіттеп байлардың жарлы - жақыбайларға жау емес жар екендігін растайтын жоралғы деп білу керек.

Кімнен: Еркебұлан әл-Қарасази Қайдан: Алматы облысы
13.07.2013 23:22
Үйің, үйің, үй екен,
Үйің көркі ши екен.
Ақсарайдай көрінген
Қайсы байдың үйі екен - деп бастайтынбыз бала күнімізде айтқан жарапазанды. Меніңше, оның ешқандай тілемсектікке қатысы жоқ. Өзі өркениет атаулыға еш үлес қоспаған қазекеңнің ноу-хауға ұмтылғысы келгені шығар........
Пікір алмасу
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.07.2013 23:50
Жарапазанның Исләмда мүлдем жоқ екеіне және оны Алла елшісі (Оған Алланың салемі мен игілігі болсын!) бұйырмағанына дәлел - ол туралы осылай істеңдер деп ешқандай Құраннан және сүннеттен дәлел келмегені. Бүкіл аһли-сүнна уал жамаға бойынша дәлел келген нәрсе ғана істеледі, мысалы Намаз, ораза, зекет, бұлар туралы Құранда, сүннентте дәлел келді. Алла елшісі (Оған Алланың салемі мен игілігі болсын!) Мединеге келгенде адамдар өздері мереке қылып бір күндерді белгілейтін, Алла елшісі (Оған Алланың салемі мен игілігі болсын!) оларға: Алла сендерге бүл күндерді екі айтпен, мерекемен ауыстырып берді, олар Ораза және Құрбан мерекесі деді. Ал Рамазан айында айтылғандардың бәрін діннен деп айта береміз бе? бүл мүмкін емес нәрсе!
Пікір алмасу
Кімнен: Бибі ханым
15.07.2013 15:28
Аты-жөні көрсетілмеген дін тек құлшылықтанғана тұрмайды, адам өмірінде кездесетін барлық нәрсені, сауда-саттық, қарым қатынас т.б. ның бәрін қамтиды. Сен айтқандай барлық нәрсені құлшылықтың шеңберінде іздесең адасасың! Мысалға ерлізайыптылар арасында жақындасуды үшақ тиымы бар, басқа ештеңе таппайсыз расуллахтың с.а.у. айтқанын, сонда келіншегің екеуің дінде айтылмаған деп қарап отырасыңба бір біріңнің бетіңе?
Әйтеуір жарапазанды ширк деп шиқылдамасаңдар болғаны 4 хадис жаттап алып!
Пікір алмасу
Кімнен: Хақназар хан
15.07.2013 14:45
Аты-жөні көрсетілмеген сен әуелі дінді дұрыс түсін! Дінде бұйырылған амалдар бар және тиым салынған амалдар бар сосын мүлде айтылмаған амалдар бар. Мысалға айт пен қыз ұзату тойында неге ән айтпай көңілсіз отырсыңдар деген хадисі бар сахих Бухариде. Екі айт мейрам екені рас, бірақ тозақтардың есіктері жабылып, шайтандар кісенделітін бұл айдыда мереке деуге толық болады. Сосын ондай қуаныштарда ән мен жырға пайғамбар с.а.у. мүлде тиым салмағасын (үйлену, қыз ұзату, сүндет тойларда) мұсылман ұлттары әндетіп, өнер көрсетіп көңілді өткізген.

Ата бабаларымыз сен жаттап алған хадистерді білмеді емес білді, сенен артығырақ білді, дінге қайшы келмегесін, бір дәлелдерге сүйеніп пайда болған дәстүр бұлар! Исламда тиым салынбаған амалдар бұл дәстүрлер!
Сосын саған ешкім жарапазанды діннің бұйрығы деген жоқ, шатаспа олай! Мұсылман ұлттардың дәстүрі деп жатыр мұнда!

Кімнен: Хақназар хан
13.07.2013 19:43
Бала кезімізде жарапанды бәріміз айтатынбыз. Біз айтқанда мәнді-мағыналы етіп, сосын бір айтылған үйге басқа топ балалар қайта барып мезі етпейтін, батаныда ішіміздегі ең жақсы айтатынмыз (мен) беретінбіз. Сосын берген нәрсеніде сол бата беретін бала жинап, соңында теңдей әділ бөлетінбіз. Бізді бәрлық үй жақсы қарсы алатын, қуанатын адамдар!
Содан есімде қалған бір-екі шумағы:
Айтамын жарапазан есігіңе
қошқардай бала берсін бесігіңе
қошшқардай балаң болса бесігіңде
кім келіп кім кетпейді есігіңе
қ-сы
Оу Мұхаммед үмбеті айтып өткен жарапазан
оразаңыз қабыл болсын байеке жан

Мінгені пайғамбардың бесті дейді
жібектен қанжығасын есті дейді
жібектен қанжығасын есіп алып
кәпірдің басын баудай кесті дейді

Ақ тауық қара тауық қырман шашар
осы үйде бір жеңгем бар теңге шашар
теңгеңді төкпей-шашпай қолыма бер
артымда қу балдар бар алып қашар

Пікір алмасу
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.07.2013 10:33
Жарапазан Азия халықтарындағы бір әдет ретінде қалыптасқан. Ал негізі Исләмда мұндай нәрсе мүлдем жоқ!
Пікір алмасу
Кімне
Аты-жөні көрсетілмеген айтсаң нақты дәлелмен айт! Исламға қатысы болмаса неге онда жарапазан тек мұсылмандарда, оның үстіне тек рамаз айында айтылады? Рамазан момын мұсылмандардың сағынып күтетін айы, рамазан бұл біз үшін мейрамдай.
Менің ойымша ЖАРАПАЗАН бұл ЖАР РАМАЗАН сөзінен шықса керек, яғни ораза келді деп жар салу бұл, ал теңге анау-мынау беру ол сол рамазан келді деп жар салған адамдарға берілетін қуаныш сүйінші болса керек!
н: Аты-жөні көрсетілмеген
14.07.2013 20:42