Өзіңді біл өзгеден

Өзіңді біл өзгеден

 Басқа бола əр неден 

Біздер зәру басқаға

Мұңсыз сірə Хақ қана

Өзгермесе нəрселер

Тұра бермек боп бекер

Тұрмыс болған осылай

Мүмкін еткен тек Құдай

Тағдыр болмыс өлшеуі

Болмас тіпті көнбеуі

Құран түскен ынсанға

Оған терең ойлан да

Бойлау керек ойлауды

Қалай қапы қалмауды

Өмір өтпес бостан бос

Жолтапқанға болғай қос

Тамызық болма даузаққа

Төрлеуді аңса ұжмақта

ادامه نوشته

Лебі ақ ессе Ол мұңсыз

Қажы мұқамбет қаракедей 2019-07-18 18:26:18

Лебі ақ ессе Ол мұңсыз

Құндыны етер тым құнсыз

Түркістан мен Бұқарды

Іргесін бірден қопарды

Дүние деген аманат

Қолдану керек саламат

Тек менікі деген соң

Мойның болар бетер тоң

Өзі ішіңнен бір шұбар

Аямастан кеп шағар

Кеңессымақ одақ та

Кетті солай тарап та

Мəңгі болу болмайды

 Асқанды Ол қорлайды

Көрмес көрмес тауды да

Демек ішкі жауды да

Жасампаздық болмаса

Мен-менсіну далбаса.